Негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


ДƏРІС. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының сатылары



бет4/14
Дата07.01.2022
өлшемі136,2 Kb.
#20039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
4 ДƏРІС.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының сатылары.
Ғылыми зерттеу жұмыстары белгілі бір кезекпен орындалады. Алдымен тақырыптың өзі талданады. Жалпы проблемаларымен танысу. Сосын тақырыптың технико-экономикалық негізін (ТЭН) қарайды. Осындай негізден кейін тақырыптың жоспары мен қаржыландырылуы қарастырылады. ТЭН бірінші бөлімінде жасаудың себебін, қысқаша әдеби шолу, оған осыған дейінгі зерттеулер және алынған нәтижелер келтіріледі. Шешімін таппаған сұрақтарға көп көңіл бөлінеді. ТӘН – ді құрастыру алдында алынған зерттеу нәтижелерін қолдану аймағы келтіріледі, экономикалық пайдасы анықталады. Экономикалық пайдасынан басқа ТӘН әлеуметті нәтижесі - яғни жұмыс өндіріс күшінің жоғарлауы, өнімнің сапасы, қауіпсіздік деңгейінің жоғарлауы және өндірістік санитария, қоршаған ортаны қорғау және оған жағдай жасау.

ТӘН – құрастыру аяғында осы ғылыми-зерттеу жұмысының саналылығы мен қажеттілігі жөнінде тұжырымдама жасалады. ТӘН -ді қабылдағаннан кейін зерттеудің мақсаты мен нысансы жазылады. Отандық және шетелдік әдебиеттердің библиографиялық тізімі келтіріледі, қысқаша әдебиет андатпасы, зерттеу әдістері (тәжірибиелік, теориялық және т.б.) және қажет жағдайда осы тақырып бойынша реферат жазылады.

Ғылыми-техникалық ізденіс, өңдеу, ақпаратты талдаудың мақсаты – тақырып бойынша сұрақты жан-жақты көрсету, оны нақтылау (егер қажет болса) мақсаты мен ғылыми зерттеу маңызын негіздеу. Шет елдік ақпаратты талдау зерттелетін тақырып бойынша қайталау жасамауға мүмкіндік береді. Ақпарат тақырыбына тікелей қатысты туыс мамандықтар бойынша негізгі әдебиетті өңдеп, қарау керек. Тақырыпқа жақын пәндер циклімен танысу маңызы зор, оларды тақырыптың жекелеген сұрақтарын талдағанда пайдалы болады. Мысалы пластмассаны өңдеу технологиясын талдағанда физика (қатты дене физикасы, сұйық, газ, бу диффузиясы т.б.) қолданбалы механика (салмақты, кернеуді, деформацияны талдау) бойынша сұрақтармен танысу керек. Осы ақпаратты тиімді талдау үшін оны санау, өңдеу және талдау әдістерін білу керек.

Талданған ақпаратты санау библиография құруға әкеледі. Ақпаратты талдау маңызды шаралардың бірі. Барлық ақпараттты жіктеп, жүйелеу керек. Ақпарат көздерін хронологиялық ретпен немесе талданған сұрақтар тақырыбы бойынша жүйелеу керек. Теориялық зерттеудің мақсаты заттың физикалық негізін зерттеу болып табылады. Нәтижесінде физикалық модель негізделіп, математикалық модель ұсынылады және алдын-ала алынған нәтижелер жасалады.

Тәжірибелік зерттеулер алдында есептер жасалып, әдістер анықталады және тәжірибиенің нұсқасы ұсынылады. Ыңғайлылығына байланысты өлшеу қондырғыларын қарастырады. Осы мақсаттарды шешу үшін инструкция мен МЕСТті басшылыққа алу керек. Қабылданған әдістемелік есептер эксперимент жүргізу үшін әдістемелік құрал ретінде пайдаланылады. әдісті талдағаннан кейін жұмысшы жоспары құрылады, онда тәжірибелік жұмыс көлемі, әдісі, техникасы, еңбек сыйымдылығы мен мерзімі көрсетіледі. Сосын эксперименттің өзі жасалады. Теориялық және эксперименттік зерттеуді аяқтаған соң алынғаннәтижені жалпы талдайды, гипотеза мен эксперимент нәтижесін салыстырады. Қажет болған жағдайда қосымша тәжірибе жасалады.

Айырмашылықты талдау нәтижесінде теориялық моделдер нақтыланады. Сосын ғылыми және өндірістік қорытынды жасалып, ғылымитехникалық есеп құрылады. Есепті құрғанда инструкцияны және стандартты сақтау қажет. Зерттеу әдісін таңдап алғаннан кейін жұмыс жоспары құрастырылады, онда тәжірибелік жұмыстың уақыты, әдістері, техникасы, жұмыс көлемі және бітетін уақыты келтіріледі. Содан соң тәжірибиенің өзі жүргізіледі. Теориялық және экспериментальдық зерттеулерден кейін алынған нәтижелерге жалпы талдау жасалады, гипотезаның нәтиже мен ұқсастығы анықталады.

Қажет болған жағдайда тәжірибе қайтадан жүргізіледі. Ғылыми-өндірістік нәтижелер жазылады және ғылыми-техникалық тұжырым құрылады. Тақырыпты өңдеуден кейін нәтижені өндіріске енгізу және экономикалық тиімділігі анықталады. Фундаменталды және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары өндіріске енгізу жасау арқылы өтеді, оларға тәжірибеліконструкторлық бюролар, жобалық ұйымдар, тәжірибелі зауыттар мен шеберханалар жатады. Осыдан кейін жұмысшы жобасы орындалады (жобаны деталды өңдейді), тәжірибелік үлгі дайындалады, оны тексеруден өткізеді, стендтік және өндірістік сынақ жасалады. Содан соң барып тәжірибелік үлгіні одан ары толықтырады яғни өндірістік зерттеуді талдайды, қайта жасайды немесе жекелеген түйіндерін ауыстырады. Осы сатылардан өткен соң жұмысты өндіріске енгізеді. Жасаушылар осы кезеңде бақылау және консультация жұмыстарын жүргізеді. Енгізу зерттеу нәтижелерінің экономикалық тиімділігіне акт толтырумен аяқталады.

Негізгі әдебиеттер: 1 [79-87], 2 [29-36]

Қосымша әдебиеттер: 8 [45-51]

Бақылау сұрақтары:

1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі сатылары.

2. Ғылыми-техникалық іздестіру мақсаты.

3. Эксперименттік және теориялық зерттеу әдістері мен олардың белгіленуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет