Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы



бет6/7
Дата19.10.2022
өлшемі77,86 Kb.
#44173
1   2   3   4   5   6   7
Біріншіден, еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шеттелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардың көбеюі-бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.
Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен қолөнершілердің жаппай экспроприациялануы құрайды. Тауарлық-ақша қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ қолөнершілер мен шаруалар ыдырай бастады. 16-18 ғасырларда батыс Еуропада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Бұл заңдар тарихқа «экспроприацияланғандарға қарсы қанды заңдар» атымен кірді. Өйткені бұл заңдар экспроприацияланған өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.
Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихи классикалық мысал бола алады-бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өріс алды.
Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары-сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік-екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.
Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашқы қадамдары, мүліктік жіктелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп, кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех шеберлері және саудагерлер-сатып алушылар, ыдыраған ұсақ өндірушілердің жалдама еңбегін пайдалануды кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықтың дамуы, капиталды қорландыру қарқынын жоғарылатуды талап етті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің үкімет аппараты кең пайдаланылды.
Капиталдың алғашқы қорлануын тездету, отарлық сқғыстар мен басып алған отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі өз үлесін қосты.
Бюджет тапшылығын жою үшін мемлекет ақша капиталының иелері арасында ірі сомаға заём орналыстыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз беруші бейнесін алған буржуазияға, үкіметтің міндеттемелеріне сәйкес төленетін, елеулі көлемдегі проценттерді иелеуіне мүмкіндік берді. Мемлекет несиенің дамуы құнды қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандандырды.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесі қызмет етті. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.
Капиталдың алғашқы қорлануын дайындап дүниеге әкелген өндіргіш күштердің дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуі және шамамен кең дамыған ұллтық нарықтардың қалыптасуы болды.
Әр елдердегі капиталдың алғашқы қорлануының негізгі заңдылықтарының баршасына тән ортақ белгілерінің болуы, оның осы елдердің әрқайсысына тән нақты нысандарының болуын жоққа шығармайды.
Бүгінгі біздің елдің басындағы өтпелі кезеңді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану процесімен теңдестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне, осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі ұғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді.
Бұларға ортақ қасиет, ол жеке меншік түрінле жаңа материалдық негізде кәсіпкерлер табының қалыптасуы. Бұның ішкі және сыртқы қайнар көздері бар.
Ішкіге алдымен жкешелендіру жатады. Ол мемлекеттік меншікті келесі әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:

  • өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес қайта бөлу;

  • капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;

  • жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да қуат сақтаушылардың «өз еркімен» өзіне қаратып алуы;

  • таңдаулы (элитикалық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету беру;

  • сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;

  • «челнок» импортынан түскен табысты алу;

  • мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;

  • коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б..

Сыртқы қайнар көздеріне шетелдерден келіп жатқан несиелер жатады.
Капиталдың алашқы қорлануының маңызы мынада: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсәпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет