Мазмұны
І Кіріспе.
Егеменді елдің алғашқы қадамдары------------------------------------------------------------
ІІ Негізгі бөлім
1)Ұлттық қауіпсіздік комитетінің – дүниеге келуі.-----------------------------------------
2)Елдің тыныштығын сақтау жолындағы жасалған жұмыстар.--------------------------
3) Террордың ызғарлы демі.---------------------------------------------------------------------
4) «Жусан» операциясы–өмірге оралту.-------------------------------------------------------
ІІІ Қортынды.
Жығылсаң — тізерлеп шайқас, жүре алмасаң—жатып айқас----------------------------
Отандық арнаулы қызметтің хроникалары
Еліміз егемендік алған соң, бастапқы жылдары оңай түспеді. Экономикадағы дағдарыс ушығып көптеген кәсіпорындар мен зауыт фабрикалардың тоқтап қалуына, мыңдаған адамдардың табыссыз, жұмыссыз қалып, бұның соңы әлеуметтік мәселелердің күрделенуіне әкеліп соқты.Қоғамдағы қайшылықтар, баяғы одақтас республикаларда жанама қақтығыстар пйда бола бастады, оның басым бөлігі ұлтаралық негізде болды. Дүркіріеп тұрған одақтың құлауы, әлем картасында жаңа бейтаныс елдердің пайда болуы, көпшіліктің және шетелдік елдердің түсініспеушілігін туғызды. Жаңа құрылған республикамыз жартылай этникалық мемлекет болғанын есекерсек, ондағы ұлтаралық немесе әлеуметтік негіздегі жанжалдардың кез келген уақытта пайда болуы мүмкін деген елеңдеген ой тұрды.Өйткені ондай жанжалдардың арты үлкен қақтығыстарға деін жетуі, оны тоқтату оңайға түспейтіні барлығына мәлім еді. Осындай қиын кезеңдерден өткен еліміз тұңғыш президентіміздің даналығы мен көрегендігінің арқасында десек қателеспейміз. Президент өз сөзінде бірлік болса ғана табысқа қол жеткізуге болатындығын атап өтті. Халық Елбасының ойын мақұлдап, үлкен сенімін артты. Осы арада еліміздің заңнамалығы, конституциясы, ұлтаралық келісімдер, сыртқы саясаи бағыт-бағдары, әскери доктрина мен ұлтты қауіпсіздік стратегиясының құрылу барысы басталып кеткен еді. 1992 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Заң қабылданды. Ал 13 шілдеде Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Бұл жердегі маңызды мәселе бұрынғы одақ жүйесінен бас тартуда немесе мемлекеттік орган атауын жай ғана өзгертуде емес еді. Мұндай түбегейлі бетбұрыс еліміздің жаңа бағытына сәйкес келіп, Елбасының саясат пен экономикада жүргізіп отырған реформасымен үндесіп жатты. Елбасының нақты позициясының арқасында ықтимал ішкі және сыртқы қатерден қорғана білген Қазақстан барлық қауіптің алдын алды. Ұлттық қауіпсіздік жай ғана басымдықтардың қатарында емес, керісінше мемлекеттік саясаттың басты элементтерінің бірі болып отырған Қазақстан басқа елге үлгі-өнеге болуда, мемлекеттің өмір сүруі көп жағдайда соған байланысты екендігі маңызды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 13 қаңтардағы Жарлығымен Мемлекет басшысына тікелей бағынатын «А» бөлімі құрылды. Полковник А.Г. Баталовтың естелігінен: «…Біздің арнаулы жас бөлімшеміздің визиттік карточкасы болған Шымкент операциясы терроризмге қарсы күрестің классикалық үлгісі болды. Бұл1992 жылдың ақпан айында Шымкент қаласының әуежайында рейстегі автобустың кепілге алынған жолаушыларын босату бойынша іс-шараны өткізді. Арнайы операцияға генерал-майор Е.Ә. Мұстафетов басшылық етті. Жаңа ғана құрылған арнаулы бөлімше үшін бұл операция сынақ сипатында болды. 1992 жылғы 13 шілдеде ел Президенті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін қайта құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Жаңа мемлекеттіліктің негізін қалай бастаған Нұрсұлтан Назарбаев ондағы арнаулы қызметтің функционалдық міндетін нақты белгілеп, түсіне білді. Сол бір алыс та, беймаза уақытта дұрыс және лайықты шешім қабылдап қоя салу жеткіліксіз болатын. Оны жүзеге асырып, өркениетке лайықты тұрмыстық бейнесіне келтіру бәрінен де маңызды еді. Тәтті қиялды жүзеге асырудың әрдайым сәті түсе бермейтін. Қайта құру халықтың санасезімінің оянуына жылдам әсер етіп, қоғамдық белсенділігін айтарлықтай өсірді. Жаңаөзендегі қоғамға қарсы қимылдар, Қарағанды көмір бассейндеріндегі кеншілердің ереуілдері, кейбір кәсіпорындардағы жұмысқа топ-тобымен шықпай қою, міне, осындай эмоциялық оқиғалардың барлығы шын мәнінде талай жылдар бойы шешілмей қалған мәселелер жиынтығымен астарласып жатты... Ұзақ жылдар бойы шешілмеген проблемаға халық шыдамады. Сезім жетегінде көп нәрсеге дайын еді… ҰҚК қызметкерлері бейберекеттікті болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін қолданды. Реформаторлық кезең аяқталған соң, 1992 жылғы 22 қаңтарда Б.А. Баекеновтің төрағалығымен Комитет алқасының бірінші отырысы өтті. Бірінші кезекте, МҚК-нің 1991 жылы мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарған жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы қаралды және 1992 жылға арналған тапсырмалар нақтыланды… «Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Заңның әлі қабылданбаған кезі, сондықтан еліміздің басты арнаулы қызметінің қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттер алқа шешімінде белгіленді. Оның ішінде, «күш-жігерді арнаулы қызметтердің бүлдіргіштік іс-әрекеттерінен республика халқын арашалауға жұмылдыру туралы» бұйрық берілді. Мемлекеттік және коммерциялық құпияларды қорғауға, маңызды деген халық шаруашылық нысандарындағы төтенше оқиғалардың алдын алу туралы қатаң талаптар қойылды. Алқа мәжілісінің қатысушылары республиканың егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, терроризмге қарсы күрес, ұлтаралық негіздегі жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алу, республика азаматтарының конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау бойынша жұмыстарды ерекше бақылауда ұстауды талап етті. Жаңа Заңды дайындау барысында МҚК атауын өзгерту туралы мәселе қойылды. Бұл аббревиатураның Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті деп оқылатындығын бәрі білетін, яғни, елдің және мемлекеттік органдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) деген атаудың мән-мағынасы айтарлықтай ауқымды, ол—елдің, барлық халықтың, әрбір азаматтың мүддесін қорғау дегенді білдіреді. ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН КҮНІ— 13 шілде . ОСЫЛАЙ БАСТАЛҒАН
Ұлттың қауіпсіздігі, тыныштығы, болашағы үшін өткен еліміздегі көптеген операциялар бар. Мысалға «Сафари» операциясы. Заңсыз есірткі тасымалдаумен айналсықаны үшін 1997 жылғы 29 қазанда өткізілген іс-шаралар нәтижесінде Нигерияның үш азаматы, Мали Республикасының бір азаматы және РФ бір азаматшасы ұсталды. Осындай және басқа бағыттардағы - Шетелдік диверсанттармен болған айқастағы жеңіс жайлы, ВИКТОРИЯ»—ҚАРСЫ БАРЛАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЕЛЕУЛІ ЖЕҢІСІ жайлы, «МАКСИМАЛИСТІҢ» АҚЫРҒЫ МӘМІЛЕСІ жайлы, «ТРЕСТ» ОПЕРАЦИЯСЫ, Айсберг» операциясы, Ұзақ жылдар бойы «құпия» белгісімен сақталып келе жатқан істі арнаулы қызметтің қызметкерлері өзара «Уран мәмілесі» жайлы және т.б. істер мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінің ерлігі жайлы айта кетсек орынды. КСРО құлаған кезде Қазақстан өте күрделі ядролық арсеналды иемденді, ол қуаты бойынша тек АҚШ, Ресей және Украинаны ғана алдына салатын еді. Жас мемлекеттің қолында ядролық соғыс жүргізу үшін қажеттінің барлығы болды: құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшыратын қондырғылар, бомбалаушы ұшақтардың авиациялық базасы және саны ұшан-теңіз оқтұмсықтар. Қолда тұрған «қызыл түйме» басқа әлеммен қарым-қатынас орнату үшін берілген әдемі «шанс» еді. Бірақ Қазақстанның саясибасшылығы басқа шашешімге келіп, қару-жарақ тайталасынан бас тартуға шешім қабылдайды. Қабылданған бұл шешімді жүзеге асыру оңай болмады. «Темір перденің» күйреуі, ғаламдық катаклизмдердің түсініксіз ағыстары ядролық қаруға қызығушылық танытқан саяси авантюристердің, арнаулы қызметтер мен қылмыскерлердің көп болуына әсер етті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Билл Клинтонның шешімдері негізінде ядролық материалдар еліміздің аумағынан Америка Құрама Штаттарына әкетілді, сол бір 1994 жылы өткізілген «Сапфир» операциясы ҰҚК жылнамасына мәңгілікке жазылып қалды.
Қала көшесі мен бір адам келе жатты.Сырттай қарағанда орта жастағы еркек ешкімнен ерекшеленбейтін. Балағы қысқа ебедейсіз шалбары, иегіндегі сақалы ғана оны топ ішінен ерекшелеп тұратын. Егер көшедегі адамдар көзіне қарайтын болса, оның көзінен ақыл-есі кемтар немесе жын соққан адамдікіндей түсініксіз бір сәуле көрген болар еді. Иә, бірақ көшедегі барлық адам өз жөнімен асығып кетіп бара жатады, оның үстіне біреудің көзіне кім қарасын. Арада бірнеше сағат өткенде ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ғимаратында жарылыс болды. Радикалды діни фанат жарылыс жасап, солжерде өзі қаза тауып, үш адам жараланды. Ақтөбе облысындағы жоғарыда айтылған қайғылы жағдай Қазақстандағы соңғы оқиға болмады. Өз заманы үшін мұндай оқиғалар айтарлықтай сипатта болғанымен, қатерлі жаумен бетпе-бет кездескен Комитет қызметкерлері қаймықпастан қажетті қорытынды шығарып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керекті шешімдерді қабылдай білді. 2012 жылғы 21 маусым . Бөлім бастығы «Капралға» кезекші телефон соғып, «Жауынгерлік дабыл ,бәріжиналсын! »деген бұйрықты жеткізді. Арада үшсағат өткенде біз Ақтөбе қаласына жетіп,жедел қызметкерлермен бірге терроршыларды іздестіре бастадық. Бірінші кезекте қаладан қашпақшы болған олардың сыбайластарын вокзалда ұстап үлгердік.Осылайша терроршылар туралы алғашқы ақпаратқа қол жеткіздік. Жаңа пәрмен келді: «Терроршылар техникалық қызмет көрсету стансасында», біз автобусқа жүгірдік. Операция басталғаннан бергі екі тәулік бойы біз экипировкамызды шешкен жоқпыз, мүмкіндігіміздің шегінде жұмыс істедік. Террорға қарсы іс-шараның нәтижесінде екі терроршы қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді. Астаналық бөлімшенің террорға қарсы алғашқы бір операциясы осылай өтті. 2012 жылы тамыз айы, «Бағанашыл» коттеджді шағын аудан, операция саяжайда өтті. Бұған дейін қаладағы жер үйде жарылыс болып, одан бірнеше адамның мәйіті,құқық қорғау органдарының нысанды киімдері, автомобильдің құпия нөмірлері, әртүрлі органдардың куәліктері табылғандығы хабарланған болатын. Қылмыскерлердің қанды ізі Бағанашыл саяжайындағы бір үйге алып келді. Ол үйге шабуыл жасалып, терроршылармен атыс басталып кетті. Атыс жалғасуда. Оқтың бірі газ құбырына тиіп, қалдық газдың кесірінен үй жана бастады. Терроршылар бұған қара мастан оқ жаудыруда «Аллах Акбар» деген дауыстар шыға бастады, «Аллаһтың» сарбазымыз, өлімге дайынбыз деген сипаттағы үндеулер тасталды. Келіссөзден бас тартып, қаруларын тастағысы келмеген терроршылар тірідей жанып кетті. Арада біраз уақыт өткенде операцияның аяқталғандығы туралы пәрмен берілді.
Сирия. Дэйр-эз-Зор провинциясы. Евфрат жағасындағы Багуз қаласы. Тығырыққа тірелген ДАИШ содырлары әйелдерімен және бала-шағаларымен осы жерде жиналған.Әлемнің әр түкпірінен келген мыңдаған адамдар. Кеше ғана «жиһадқа» шақырып жүрген «Халифат» серкелері, негізінен арабтар, бұларды өлімге тастап қашып кеткен. Міне, бірнеше жыл бұрын «Бүкіләлемдік Ислам Халифатын» құру идеясымен уланып Сирияға қарай жол тартқан жүздегенқазақстандықазаматтарда дәлосындайкүйге тап болған. Сол кездің өзінде бұлардың көпшілігі ақиқатпен бетпе-бет келіп, алданып қалғандарын түсінген болатын. Бұл жерде ешқандай шариғаттың өзіде жоқ,ізіде жоқ. Олардың барлығы күрдтер асығыс тұрғызған түрмелер мен қашқындарға арналған орналастырылды. Лагерьлердегі жағдай жан түршігерлік. Аштық, антисанитария, аурулар. Өлім деңгейі өте жоғары, әсіресе жас балалар арасында. 2018 жылдың көктемінде тұтқындағы әйелдер алғаш рет Қазақстандағы туыстарымен, кейіннен ҰҚК қызметкерлерімен байланысқа шықты. Олардың барлығы Отанға алып кетуді өтіне сұрап, қателіктерін түсініп, қандай жаза тағайындаса да дайын екендіктерін айтты. Елбасының атына, Үкіметке, СІМ мен ҰҚК басшылығына көмек сұраған өтініштер қарша борады. Осындай кезде қазақстандық азаматтарды Сириядан эвакуациялау туралы идея туындады. Операцияға, жедел тілмен айтқанда «Жусан» деген шартты атау берілді. . Ол кезде осы операцияны дайындаған адамдар, аңыздардың арқауы болған кермек иісті, кез келген қазақтың жанына жақын осы бір шөптің атауы жақын арада бүкіл әлемге жайылатынын білді ме екен? Операцияның түпкілікті ойын түйіндеу оңайға соқпағандығын айта кету керек. 303 «Жусан» операциясы—өмірге оралту 2021 Содырлар бойынша ешқандай күмән жоқ, олар Қазақстанға әкелініп өздеріне тиісті жазаларын алуы тиіс. Ал әйелдер мен балаларды, жасөспірімдерді кім дейміз—олар қатаң жазалануы тиіс терроршылар ма, әлде оңалту мен қоғамға қайтаруды қажет ететін құрбандар ма? Кейбір скептиктермен эвакуацияға қарсылар әйелдермен балаларды шетелде қалдыру керек, оларды радикалсыздандыру мүмкін емес, сондықтан репатриация экстремистік әлеуеттің Қазақстанға көшуіне алып келеді деп жатты. Әйелдер мен балаларға ғана емес, бүкіл ел үшін ерік-жігерді қажет ететін тағдырлы шешімді Елбасы қабылдады. Бұндай шешімге негіз болған басты себеп—гуманитарлық. Репатрианттардың негізгі бөлігі—ерлерінің етегінен ұстап Сирияға кетуге мәжбүр болған әйелдер мен балалар. Оларды Қазақстанға алып келу болашақта террорлық әрекетке қайтадан қатысу қаупін жояды. Діндарлар арасында радикалды идеяларға қарсы үгіт-насихаттың мықты базасы қалыптасады. Американдық әскерилерден көмек кепілдіктері алынды. Жедел арналар арқылы Сириядағы күрд ерікті жасақшыларымен байланыс жасау мүмкін болды. Террорға қарсы орталықтың платформасында СІМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, БҒМ, АҚДМ, Бас прокуратура, облыстық әкімдіктер және өзге де бірқатар мемлекеттік органдардың іс-қимылдары синхрондалды «Жусан» операциясының игі тәжірибесі Австрия, Әзірбайжан, Франция, Германия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, тіпті Мальдив Республикасының арнаулы қызметтерін қызықтырды. 2018-2020 жылдары оңалтудан өткен әйелдер қатысқан операцияның қорытындылары БҰҰ, ЕҚЫҰ және Еуропарламент алаңдарында көрсетілді. Бұл Қазақстанның халықаралық имиджіне оң ықпалын тигізуде. Гуманитарлық операция қазақстандық қоғамның діни бөлігі мен Сирияда жүрген азаматтар тарапына зор профилактикалық әсерін тигізді.
Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті - кез келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет. Өзінің қарсы барлау тұжырымдамасын жасау нәтижесінде шетелдік арнайы қызмет өкілдерінің әрекеттерін әшкерелеу, олардың белсенділігін бәсеңдету сияқты істерге дайын. «Жығылсаң — тізерлеп шайқас, жүре алмасаң—жатып айқас» деген ұранмен қызметтік борышын жанқиярлықпен орындап жүрген, антына адал қатардағы жедел қызметкерлердің, шекарашылардың ерен еңбегі мен қызметі туралы да айта кетсек болады. Біздің азаматтардың тыныш өмір сүріп, еңбек етуі үшін жедел қызметкермен жауынгер-шекарашы күні-түні,ыстық пен суықта,қар мен жаңбырда қызмет өткереді. Отан алдындағы борышын осындай арнаулы органдарының қызмет қатарында атқару әр ер азаматтың арманы десек кателеспейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |