Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет137/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   250
Меруерт Қозыханқызы Мұқашева 

дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл 

атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия- 

интернатының қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Өскемен 

 

«ОЙ ТАСТАУ, ОЙЛАНТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТІЛ 

ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ 

САУАТТЫЛЫҚҚА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ 

 

Дәстүрлі  оқытудан  бастап  күні  бүгінге  дейін  ауызша  да,  жазбаша  да 

жүргізіліп келген тіл дамыту жұмыстарын тың жолмен ұйымдастыру  – бүгінгі 

күннің  басты  талаптарының  бірі.  Оқушыларды  тіл  ұстарту  жұмыстарына 

жұмылдыра отырып, оларды функциональдық сауаттылыққа баулуда қазақ тілі, 

әдебиет пәндерінің маңызы зор. 

Әйгілі ұстаз, қазақ педагогикасының жарық жұлдызына айналған Қанипа 

Омарғалиқызының  «Ой  тастау,  ойланту»  технологиясы  -  жас  ұрпақты 

жаңашылдыққа,  шығармашылыққа,  зерттеушілікке,  құзырлылыққа  жетелейтін 

бірден-бір құрал. 

«Ой  тастау,  ойланту»  технологиясын  сөз  еткенде    ұстаздың  мына  бір 

пікіріне  жүгінбесек  болмас:  «Біздің  «Ой  тастау,  ойланту»  технологиямыз: 

бүгінгі  сөз  болып  жүрген    оқушыға  субьект  ретінде  қарау;  құзыреттіліктерді 

қалыптастыруға негізделген шығармашылық тапсырмалар; оқушылардың сыни 




393 

 

тұрғыда  ойлау  қабілеттерін  дамыту;  білімді  оқушылық  деңгейден  өнімді, 



шығармашылық деңгейге дейін көтеру; дарын көздерін ашу; ғылыми-іздендіру 

жұмыстарына  баулу  мәселелеріне  негізделген»,-деп  атап  көрсетілгендей, 

ұстаздың  «Ой  тастау,  ойланту»  технологиясы  сауатты  да  салауатты,  «Мен» 

менталитеті  қалыптасқан,  дарынды,  құзырлы  тұлғаны  қалыптастыруға  негіз 

болады [1]. 

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Ана тілінде 

ауызекі  және  жазба  тілде  сауатты  сөйлеу  дағдыларын  жетілдіруді, 

коммуникативтік  кұзыреттілігін  қалыптастыруды,  оқудағы  және  жазудағы 

функционалдық  сауаттылығын  дамытуды  қамтамасыз  етуі  тиіс»,-деп  атап 

көрсетілгендей,  қазақ  тілі,  әдебиет  сабақтарында  тіл  дамыту  жұмыстарын 

ұйымдастыру  барысында  оқушылардың  ауызекі  сөйлеу  дағдыларын, 

функционалдық  сауаттылығын  дамыта  отырып,  қабілеті,  дарынын  ояту, 

шығармашылық жұмыстарға жетелеу - басты мақсаттарымыздың бірі. 

Өз  іс-тәжірибемізде  Қанипа  Омарғалиқызының  «Ой  тастау,  ойланту» 

технологиясын  жүйелі  түрде  қолданып  келеміз.  Ұстаздың  баға  жетпес  құнды 

еңбектері  мен  ғылыми  мақалалары,  құзырлылыққа  бағытталған  тапсырмалар 

жүйесі, тың ізденістерінің өз іс-тәжірибемізде маңыздылығы зор. 

«Әдебиет – асыл ойдың сабағы. Бала әр сабаққа ойланып келіп, сабақтан 

ойланып кетуі керек. Ойсыз өткен сабақ – бос, өнімсіз сабақ»,-деген  ұстаздың 

ұстанымын  әр  сабағымызда  санамызда  ұстап  қана  қоймай,  сол  ұстанымның 

биігінен көрінуді мақсат ете отырып, сабақтың ғылымилығына, құзырлылыққа 

бағытталған  тапсырмаларды  орындата  отырып,  әр  оқушының  бойындағы 

қабілеттерін ашуға түрткі жасаймыз. 

Қазақ  тілін  оқытудың  ең  маңызды,  киелі  мақсаттарының  бірі  – 

оқушыларды  сауаттылыққа  баулу  болып  табылады.  Ал  сауаттылыққа  баулу 

мұғалімнен  жүйелі  де  жанкешті  еңбекті  талап  ететінін  айтпай-ақ  түсінікті. 

Қазақ тілін оқыту тәжірибесіндегі ең күрделі мәселе – алған теориялық білімді 

тәжірибеге  пайдалана  білу,  қолдана  білу.  Сондықтан  да  жазба  жұмыстарын 

түрлендіріп,  оның  оңтайлы  әдіс-тәсілдерінен  ізденіп,  үнемі  оқушыларды 

жаттықтырып,  алған  білімдерін  тәжірибеге  қолдана  білуге  үйретудің  маңызы 

ерекше болып келеді. 

Қазіргі  оқулықтар  жаттығу  жұмыстарына,  әр  түрлі  мазмұндағы 

мәтіндерге  кенде  емес.  Алған  білімді  тәжірибеде  қолдана  білу  үшін 

оқушыларды үнемі жаттығу жұмыстарына жегіп тастаудың тиімділігі зор деуге 

болмайды. Бұл жерде жаттығу мәтінін сұрыптап ала білудің маңызын  ескерген 

жөн.  Оқушылардың  ынтасын,  қызығушылығын  арттыратындай,  білімді  өз 

ізденістері  арқылы  алуға  түрткі  жасайтындай  мәтіндер  алуды  назардан 

шығармау керек. 

Сауатты  жаза  білу  ең  алдымен  орфографиялық  ережелерді  меңгерту 

арқылы жүзеге асатын үдеріс екені түсінікті. 

Емлені  меңгертудің  тиімді  жолдарын  көрсетуде  ғалымдар  ізденістері 

баршылық.  Әсіресе  орыс  ғалымы  Ф.Н.Буслаевтың  орфографиялық  дағдыны 

игеруде  бірізділікті  сақтау  жөніндегі  талабы  құптарлық:  «Оқушылар 



394 

 

көрсеткенді әбден берік меңгергенше, жаңаны бастамау керек»-деген ғалымның 



бұл  тұжырымына  сүйенсек,  оқушыларға  жаңа  білім  меңгертуде  жүйеліліктің 

маңыздылығына көз жеткіземіз [2]. 

Ал  ғалым  Қ.Жолымбетов  орфографияны  меңгертудің  тиімді  жолдарын 

төмендегіше  көрсетеді:  «Орфографияны  үйретуде  оқушының  сөздік  қорын 

байыту шешуші орын алады. Оқушылардың сөздік қоры неғұрлым мол болса, 

орфографиялық  сауаттылығы  да  соғұрлым  жетіле  түседі.  Сол  арқылы  білімі 

артады, ойлай білу қабілеті дамиды» [3]. 

Қ.Жолымбетовтің 

пікірінен 

шығатын 


қорытынды, 

оқушыларды 

сауаттылыққа,  орфографиялық  ережелерді  меңгертіп,  оны  тәжірибеде  қолдана 

білуге  дағдыландыруда  тіл  дамыту  жұмыстарының  маңызы  зор  екен.  Себебі, 

ғалым  оқушылардың  сөздік  қоры  қаншама  мол  болса  сауаттылығы  да  арта 

түседі  деген  ой  тастайды.Тәжірибе  анықтағандай  сөздік  қоры  бай  оқушы  

ұшқыр  ойлылығымен  ғана  емес,  ауызша,  жазбаша  сөйлеу  дәрежесінің 

артықшылығымен де ерекшеленеді. 

Тіл  дамыту  мақсатындағы  жүргізілген  жұмыстар  баланың  тек  ойлау 

қабілетінің дамуына ғана емес, сондай-ақ шығармашылық ізденістеріне де жол 

ашады.  Оны  өтіліп  жатқан  тақырыппен  байланыстыра  отырып,  жүйелі  түрде 

жүргізу  негізгі  мақсатқа  қол  жеткізбек.  Оқушының  тілін  ұстартуда, 

шығармашылық  жұмыстарға  жұмылдыруда,  жазба  жұмыстарының  маңызы 

айрықша.  Бұл  жұмыстар  тікелей  оқушының  дербес  іс-әрекетіне,  ой  еңбегіне, 

ізденісіне  негізделеді.  Ол  оқушының  білімін  ғана  жетілдіріп  қоймайды, 

дарынын, қабілетін дамытуға да түрткі жасайды. 

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады десек, сол сөзді нақты, 

жүйелі, ойлы түрде қолдану, оны ережеге сай дұрыс жаза білуге дағдыландыру 

да  көп  еңбектенуді  қажет  етеді.  Атақты  ғалым  С.И.Ожегов  былай  дейді: 

«Высокая  культура  речи  –  это  умение  правильно,  точно  и  выразительно 

передавать  мысли  средствами  языка.  Высокая  культура  речи  заключается  не 

только в следований нормам языка. Она заключается еще и в умении найти не 

только точное средство для выражения своей мысли, но и наиболее доходчивое 

(т.е. самое подходящее для данного случая)» [4]. 

Осы  жерде  ғалым  С.И.Ожеговтың  тіл  дамыту  туралы  тағы  бір  пікіріне 

орын  берген  жөн  сияқты.  «Однако  развивать  речь  –  не  значит  только 

предоставлять  детям  случаи  возможно  больше  говорить  или  писать,  давать 

материал  и  темы  для  устных  и  писменных  выступлений  и  ставить  отметки  за 

ответы, за изложения и сочинения. Детей надо учить речи» [5]. 

Ғалым  ең  бастысы  тілді  оқыту,  тілді  үйрету  керек  деген  ой  тастайды. 

Қазақ  тілін  оқытудың  қай  тақырыбында  болмасын  оқушылардың  жас 

ерекшелігіне  ерекше  көңіл  бөліп  отырған  жөн.  Ең  алдымен  тақырыпты 

меңгертудің  әдіс-тәсілдерінен  ізденуді  мақсат  етпей,  оқушының  жаңа  білімді 

қабылдауына  жағдай  туғызуды  мақсат  етіп,  соның  тиімді  әдіс-тәсілдерінен 

ізденген  жөн.  Мысалы,  интерактивті  әдіс-тәсілдерді  басшылыққа  алудың 

тиімділігі  зор.  Іскерлік  ойындарын  оңтайлы  пайдалана  білу  мақсатқа  жетудің 

бірден-бір  жолы  деп  есептеуге  болады.  Мысалы,  тіл  дамыту  жұмыстары 



395 

 

арқылы сауаттылыққа баулуда, орфографиялық ережелерді меңгертуде «Ойлан, 



ізде,  тап»  ойынына  жүгінуге  болады.  Бұл  ойын  оқушылардың  ішкі 

мүмкіндіктерін, мұғалімге беймәлім іскерлігі, қабілетін ашуға әрі олардың жеке 

бас  қасиеттерін  қалыптастыру,  дамытуға  да  түрткі  жасайды.  Ең  алдымен, 

оқушыларға  «Ойлан,  ізде,  тап»  ойынының  шарттарын,  жүру  тәртібін 

түсіндірген жөн. Көмек-нұсқау ретінде ол балалардың алдында жатады: Үлгі: 

 

-Берілген модельге назар аудар. Ол жүйелі төрт қадамнан тұрады. 



-Бірінші  қадамыңды  алдыңдағы  тапсырманы  түсінуге,  мақсатқа  қалай 

жету жолдарын ойлауға арна. 

-Екінші қадамыңды таза ізденіске арна, бұл қадам таза еңбегіңе арналады. 

-Үшінші  қадамың  –  шешуші  қадамың,  өйткені  өз  бетіңмен  тапсырма 

орындайсың, мақсатқа жетуге еңбектенесің. 

-Төртінші  қадамыңды  жеңіс  қадамы  деуге  болады.  Тапқаныңды 

пайдаланысың, қолданасың, соған өзің жол ашасың. 

Тапсырма: 

1. Мұғалімдеріңнің көмегімен, өз қалауларың бойынша топқа бөлініңдер. 

2. М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясының  «Қайтқанда»  бөлімінен  кісі, 

жер аттарын теріп алыңдар да жазып қойыңдар. 

3. Жазылу  емлесін  түсіндіріңдер.  Жазылу  мен  айтылуын  төмендегі  үлгі 

бойынша орындаңдар. Орфографиялық нормамен қоса орфоэпиялық нормаға да 

яғни дыбыс үндестігіне де ерекше көңіл бөліңдер. 

4. Эпопеядан  өздерің  теріп  алған  кісі,  жер  аттарына  ұқсас  атаулар  ойлап 

тауып, оны да жоғарғы мазмұнда талдаңдар. 

Жұмысты орындау үшін төмендегі үлгіні басшылыққа алыңдар. 

Үлгі: 


Кісі аттары 

Жазылуы 


Айтылуы 

Өздерің 


тапқан 

үндес 


атаулар 

Жазылуы 


 Айтылуы 

Қамысбай 

Қамыс+бай 

Екі түбірден 

құралған кісі 

аты. 


Қамыс+пай 

Айтбай 


Айт+бай 

Айт+пай 


Ескерту: түсінікті ауызша беруге де болады. 

І топ. М.Әуезов «Абай жолы» («Қайтқанда » бөлімі, 6-7 бет) 

Жұмабайдың қалаға бұ жолы не жұмыспен барғанын Абай дәлді білмеді. 

Бірақ  оның  Байтасқа  айтқан  бір  сөзінде  Құнанбай  тапсырған  бір  жұмыспен 

барып  келе  жатқаны  мәлім  боп  еді.  Бала  шәкірт  ауылға  асыққан,  лепірген 




396 

 

күйіне  қайта  келіп,  тағы  да  тебіне  жөнелді.  Үлкендер  қорыққан  Есембай  да, 



тіпті ұрылар да Абайға сондайлық жат, суық боп көріне алмады. Ұры десе, осы 

елдің өздеріндей қазақтары.Ал «Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау» 

деген  Есембай  –  Найзатастар  болса,  ол  Абайдың  өз  аулының  аса  мәлім 

қоныстары. 



ІІ топ. М.Әуезов «Абай жолы» («Қайтқанда » бөлімі, 8-бет) 

Қорықтан шыққалы таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты, 

аттарын  қан  сорпа  қылған  қалпында,  кешкі  екінді  кезінде  Көлқайнардағы 

Құнанбай  аулына,  Абайдың  өз  шешесі  Ұлжанның  отырған  аулына  кеп  жетіп 

еді. 

Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес. Жайлауға 



қарай  Шыңғыс  асқалы  беттеп  келе  жатқан  елдің  үш-төрт  аулы  қоныпты. 

...Жүргіншілер  бұлақтың  дәл  қасына  ең  жақын  қонған  ауылға  келе  жатыр. 

Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан 

мен Айғыздың аулы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет