Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет138/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   250
ІІІ топ. М.Әуезов «Абай жолы» («Қайтқанда » бөлімі, 12 бет) 

Қонақ  үйі  шешелер  үйіндей  емес,  сыртынан  да  салқын,  үнсіз.  Абай 

есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын етіп сәлем берді. 

Үлкендер  де  мұның  сәлемін  дауыстап  алды.  Кісі  көп  емес,  Құнанбай  мен 

Майбасар,  Жұмабайдан  басқа  осы  өңірдегі  Тобықтының  белгілі  үлкендері: 

Байсал,  Бөжей,  Қаратай,  Сүйіндік  екен.  Және  осылардың  жанына  ерткен  жас 

жолдасы  тәрізді  Байсалдың  немере  інісі  –  бала  жігіт  Жиренше  бар.  Абайдан 

жасы үлкендеу болса да, ол құрбыша ашна еді. 

Әкесінің бағанағы кешке күткен кісілері осы үлкендер болды. 

Бұл  топтың  тапсырмада  ерекше  назарға  алатын  бір  мәселе,  мұғалім 

мәтінді сұрыптап алғанда оқиға желісін сақтауға тырысуы керек. Үзінді болса 

да оқушылар алдындағы мәтіннің мазмұнын түсінген дұрыс. Ол үшін ұжымдық 

оқыту  бойынша  оқушылар  жұптасып,  алдыдағы  мәтін  мазмұнын  бір-біріне 

оқып,  түсіндіргені  жөн.  Тапсырмаға  кіріспес  бұрын,  мұғалім  оқушылардың 

қызығушылығын  арттыру,  жұмысты  орындауға  деген  ынталарын  туғызу  үшін 

М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясы  туралы  тұжырымды  түрде  әңгімелеп 

берген  жөн.  Ал  төрт  топ  өзіне  берілген  үзіндіні  жұптаса  отырып  бір-біріне 

түсіндіруі керек. 

Іскерлік  ойынына  негізделген  бұл  жұмыстың  тиімділігін  төмендегідей 

саралауға болады: 

-Іскерлік ойыны оқушылардың қызығушылығын туғызатын әрі күрделі де 

маңызды тапсырманы орындаудың жеңіл, оңтайлы жолын қарастырады; 

-Оқушыларды  сауаттылыққа  баули  отырып,  тіл  дамыту  үрдісі  жүзеге 

асады; 


-Алған теориялық білімін тәжірибеде қолдана білуге түрткі жасайды; 

-Ең  бастысы,  оқушыларды  өз-өзін  оқытуы,  ізденуі,  табуы,  пайдалануы 

сияқты іс-әрекеттерге дағдыландырады. 

-«Абай  жолы»  сынды  ұлы  туындыны  тани  бастайды,  оқырмандық 

қызығушылықтары артады. 



397 

 

 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Бітібаева Қ.О. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.А, 2009. 

2. Ф.Н.Буслаев.  О  преподований  отечественного  языка,  Л.  Учпедгиз. 

1941г. 51бет. 

3. Жолымбетов Қ. Қазақ орфографиясын игерудің негіздері. А, 1975ж. 52 

бет. 


4. С.И.Ожегов .Русский язык, 1982, №1. 5 бет. 

5. С.И.Ожегов .Русский язык, 1982, №1. 8 бет. 

6. Жанабілова А.  Пәнаралық  байланысқа  негізделген  шығармашылық 

жұмыстар арқылы тіл дамыту технологиясы. А, 2006ж. 

7. М.Әуезов «Абай жолы» А: Жазушы, 2003ж. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет