Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет92/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   250
Толқын Қайдарова Кентпаева 

дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы 

мамандандырылған мектеп- гимназия-интернатының 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 

Қазақстан, Өскемен 

 

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  САУАТТЫЛЫҒЫН 

Қ.БІТІБАЕВАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 

 

Қазіргі  таңда,  білім-ғылымның,  ақпараттың  дамыған  заманында,  еліміз 

бәсекеге қабілетті мемлекет болуды көздеп, әлемдік кеңістікке қарыштай қанат 

қақты.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  халқына  Жолдауында:  «Бәсекеге  қабілетті 

дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз 

керек»,-дегендей, еліміз бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында болуды көздеп, 

сол жолда игі мақсаттар ұстанды [1]. 

Ел болашағы – білімді, «көкірек көзі ашық» ұрпақтарында екендігі сөзсіз. 

Осы  орайда  Жолдауда  көрсетілгендей,  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың: 

«Балаларымыздың,  жалпы  барлық  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық 

сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу  қажет.  Балаларымыз  қазіргі  заманға 

бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды»,-деген сөзі ел болашағының сауатты 




278 

 

ұрпақ  қолында  екендігін  ескерте  отырып,  бүгінгі  білім  ордаларына  аса 



жауапкершіліктер жүктейді [2]. 

«Мектеп – білімнің көзі, адамгершіліктің ордасы, тәрбиенің бесігі»,-деген 

нақылға  сүйенсек,  жан-жақты  дамыған,  қоғамға  бейім  сауатты  да  білімді, 

салауатты,  рухани  дүниесі  бай  тұлғаны  тәрбиелеуде  мектептегі  қай  пәннің 

болмасын  алатын  орны  зор.  Осы  көзделіп  отырған  мақсаттар  мен  міндеттерді 

атқару  үшін  мұғалімдер  қауымы  тың  ізденістер  мен  жаңашылдықтарға 

ұмтылып,  озық  технологияларды  тәжірибеге  енгізіп,  заманға  бейім,  сауатты 

ұрпақты  тәрбиелеуде  еңбек  етуде.  Тұлғаның  адами  болмысын,  рухани  жан-

дүниесін, шығармашылық дарын көзін ашуда әдебиет пәнінің маңызы сөзсіз. 

Осы  орайда  қазақ  педагогикасының  жарық  жұлдызы,  «Қазақтың 

Қанипасы»  атанған  Қанипа  Омарғалиқызы:  «Әдебиет  пәні  де  -  өнер  пәні. 

Әдебиетті  ұлағатты  адамдар  «адамтану  құралы»  десе,  әдебиет  пәнін  «адам 

тәрбиелеу  құралы»  дер  едік.  Ол  жас  өспірімдерге  әдебиеттанудан,  сөз 

маржандарының  қыр-сырын  игеруден  жай  білім  ғана  беріп  қоймайды,  ең 

бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын 

себеді»,-деп  анықтама  бергендей,  әдебиет  пәнінің  ауқымы  өте  жоғары, 

сондықтан  да  оны  оқытудың  күрделілігі  мен  қиындығын  да  ұстаз  өз 

еңбектерінде атап көрсетеді [3]. Осы орайда ғалым ұстаздың тағы бір пікіріне 

жүгінбесек  болмас:  «Ой,  ойлану,  ойланту  барлық  пәндерге  де  керек.  Ойсыз 

өмір  сүру  мүмкін  емес.  Бірақ  бұл  жердегі  ерекше  бір  еске  алатын  мәселе  - 

өзіндік  ойлау,  өзіндік  пікірде  жатыр.  Әдебиетті  оқытуда  мұғалім  оқушыларға 

көркем  туынды  туралы  оқулық  авторы,  не  ғалымдар  пікірін  қайталауда,  не 

соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпеуі керек, ең бастысы, сол көркем 

туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа 

пәндерді  оқытудан  өзгешелігі  де,  күрделілігі  де  осында»,  -  деп  оқыту 

барысының  нәтижелі,  жемісті  болуы  мұғалім  әдістемесіне,  шеберлігіне  де 

байланысты екендігін атап көрсетеді [4]. 

Қ.Омарғалиқызының  «Ой  тастау,  ойланту»  технологиясы  жоғарыда 

айтылған осынау талаптарды басшылыққа алған, оқушының білімді өз әрекеті 

арқылы ғылыми ізденіске жетелейтін, құзырлылыққа бағытталған тапсырмалар 

мен «ой салу, ойланту» технологиясы сабақтың өн бойынша оқушының өнімді 

әрекетке жетуіне негіз болып отырады. Ұстаз - «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», 

«Мектепте Абайды оқытудың», «Мектепте  М.Әуезовті оқыту» сынды бірнеше 

қомақты ғылыми еңбектер мен ғылыми мақалалардың авторы. 

«Әдебиетті  тереңдетіп  оқыту»  атты  еңбегінде  ғалым  ұстаз:  «Мектептегі 

оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әдебиетті оқытуда сөздік 

әдіс,  көрнекілік  әдіс,  тәжірибелік  әдіс,  түсіндірмелі  –  иллюстриативтік  әдіс 

немесе  репродуктивтік  әдіс,  эвристикалық  әдіс  (ішінара  іздендіруші)  әдіс, 

зерттеу  әдісі,  мәтінді  көркемдеу,  мәнерлеп  оқудың  орны  ерекше»,-деп  оқыту 

әдістерін саралап қана қоймай, оларды  тиімді жүргізудің жолын көрсетеді [5]. 

Соның  ішінде  ұстаз  еңбектерінде  терең  зерттелген,  бүгінгі  заман  талабы 

бойынша  жан-жақты  дамыған  тұлғаны  дамытуда,  тұлғаның  шығармашылық 

қабілетін  оятуда  ғылыми  бағыттағы  жазба  жұмыстарының  да  маңызы  зор. 



279 

 

Ғалым  ұстаз  өзінің  ғылыми  зерттеу,  еңбектерінде  жазба  жұмыстарын 



жазғызудың инновациялық технологиясын, тың жолдарын ұсынды. Соның бірі, 

дәстүрден тыс жазба жұмыстарын жүргізудің ғылымилығы, яғни, оқушыларды 

сабақта ғылыми ізденіске жетелеудің тың  жолдарын көрсетті. 

Мәселен,  ұстаздың  «Әдебиетті  тереңдетіп  оқыту»  еңбегіне  сүйенсек, 

төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған 

тоқталады [6]. 

Сөздік 

әдіс 


Көрнекілік 

әдіс 


Практикалық 

әдіс 


Зерттеу 

әдісі 


Берілетін білім 

ақпараттық сипаттау 

болғанда, білімді 

қалыптастыру, 

соның ішінде 

теориялық білім 

беру, жаңа 

ұғымдарды оқушыға 

жеткізуде бұл әдіс 

өте тиімді. Сөздік 

әдіс, әсіресе, әдебиет 

пәнінің күретамыры 

деуге де болатындай 

Берілетін білім 

мазмұны 

көрнекілікті тілеп 

тұрғанда, уақыт 

үнемдеуде, әсіресе, 

оқушы 

психологиясына 



әсер ету 

мақсаттарында өте 

тиімді болады. 

Сондай-ақ оқушыны 

сабаққа қызықтыру, 

ынталандыру 

мәселелерінде де 

маңызы зор 

Оқушылардың 

теориялық 

білімін 

практикада 

пайдалана білу 

дәрежелерін 

жетілдіреді. Бұл 

әдіс кітаппен 

жұмыс түрлері 

кезінде жазушы 

тілі, сти-лін 

анықтауда өте 

тиімді 

Берілетін білімнің 

ғылымилығын арттыру, 

қосымша 


материалдармен байыту 

оқушыларды іздендіру

өз беттерімен проблема 

шештіру мә-селелерінде 

тиімді. Оқушылардың 

өздігінен ойлануы мен 

іскерлігін, өз 

беттерінше қорытынды 

шығару дағдыларын 

жетілдіруде өте 

пайдалы 

 

Қанипа  Омарғалиқызының  пайымдауынша:  «Мектептегі  ең  көп  тараған, 



тәжірибеде  жиі  пайдаланатын  жазба  жұмыстардың  ішінде  күрделісі  де,  ең 

маңыздысы  да  -  шығарма  жұмыстары.  5-6-сыныптарда,  әсіресе,  шағын 

шығарма-суреттеме,  шығарма-сипаттама,  шығарма-кескіндеме,  шығарма-

мүсіндеме,  шығарма-бейнелеме,  т.б.  жаздыруға  болады.  Бұлар  -  көркемөнер 

туындылары  бойынша  жазылатын  шығармашылық  бағыттағы  жұмыстар»,-

деген екен [7]. 

Ғалым-әдіскерлер,  ізденімпаз  мұғалімдер  іс-тәжірибесі  бойынша 

шығармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады: 

1.  Публицистикалық  шығармалар.  Оған  очерк,  фельетон,  мақалалар, 

пікірлер  жаздыру  жатады.  Мысалы,  «Тіл  тағдыры  -  ел  тағдыры», 

«Жариялылық - бақыттың басы». 

2. Шығармашылық  бағыттағы  шығармаларға  әңгіме  инсценировка, 

өлеңдер жаздыру жатады. (Әдеби жанрларды басшылыққа алады.) 

3. Ғылыми  зерттеу  сипатындағы  шығармалар.  Оған  реферат,  ғылыми 

сипаттағы  мақала,  аннотация,  әдеби  шолулар,  пікірлер  жатады.  Мысалы, 

«Бейімбет әңгімелеріндегі деталь, штрихтың маңызы». 

4. Әдеби  тақырыптарды  қамтыған,  білім  дәрежесін,  тіл  байлығын 

тексеруге арналған шығармалар: 

а) Біржан мен Сара айтысындағы Біржан мен Сараның сипаты. 

Ғалым  ұстаз  өз  еңбектерінде  ғылыми  бағыттағы  жазба  жұмыстарын 

жүргізудің  тың  жолдарын  ұсынып  қана  қоймай,  сабақ  түрлері  қай  жағдайда 



280 

 

тиімді,  қай  кезде  нәтижелі,  оны  қай  уақыттарда  пайдалану  керектігіне  жан-



жақты тоқталады. Соның ішінде өз іс-тәжірибемізде пайдаланып жүрген ғалым 

ұстаз  ұсынған  оқушыларды  ғылыми  жұмыстарға  жетелейтін  сабақ  түрлеріне 

тоқталсақ:  Семинар  сабақтары,  конференция  сабақтары,  баспасөз  сабағы, 

реферат  қорғау,  пікір  қорғау,  іздендіру  сабақтары,  практикалық  сабақтар  т.б. 

Бұл  сабақ  түрлерінің  қай-қайсысын  алмаңыз,  оқушыларды  зерттеу  әрекетіне 

жұмылдырып, 

ғылыми 

жұмыстармен 

жұмыс 

жасауға 


жетелеуге 

дағдыландырады. 

Төменде  ұстаздың  «Ой  тастау,  ойланту»  технологиясына  негізделген 

оқушыларды іздендіру, зерттеу жұмыстарына жетелейтін бірнеше тапсырмалар 

үлгілерін ұсынып отырмыз. 

Баласағұн хикметтеріндегі даналықтардың мақал-мәтелдермен үндестігін 

табу. 

 

Даналықтар 



Мақал-мәтелдер. 

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын.  

Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын! 

Басқа пәле тілден. 

 

 

«Бес қашық іс» салыстыру жұмысы. А.Құнанбаевтың өлеңімен үндестік.  



Ж.Баласағұн 

Абай 


 

 

 



Ғұлама ойшылдардың үндестігін тауып, дәлелдеңдер. 

Ж.Баласағұн 

Әл-Фараби 

 

 



 

Балама жазу.  Асты сызылған жолдарды өзіңше жазуға талаптан. 

Өздеріңе ұнаған жолдарды алуларыңа болады.  

Құтты білік 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет