Сурет 20 - Glycine max (L.) Merr. өсімдігінің жылыжайда өсуі барысы (Ж.А.Абдукадирова түсірген, 2015 ж.)
Соя дақылының өзіне тән биологиялық ерекшеліктерінің бірі – соя сабағы буындарында жапырақ, бұтақ және репродуктивті органдары (шанақ, оның ішінде дән) сабақтың өн бойында орналасуы біркелкі емес. Аталған органдардың (жапырақ, бұтақ, шанақ) 70-90 пайызы сабақтың төменгі және орта буындарына, ал тек 10-30 пайызы жоғарғы буындарында орналасқан. Сондықтан да сояны себу әдісін және нормасын дақылдын төменгі өнімді бөлігіне күн сәулесі толық жететіндей етіп жүргізілуі керек.