Нормaтивті сілтемелер



бет70/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78
Байланысты:
Жұмашев К.

3 тәжірибе. Зертханалық жағдайда өсірілген соя өсімдігіне жүргізілген фенологиялық бақылау нәтижесі.

Зертханалық жағдайда соя өсімдігінің өсуіне және дамуына фенологиялық бақылаулар жалпы қабылданған әдіс бойынша жүргізілді. Соя сорты Диковик тұқымын 10.12.2014 ж. Петри табақшаға өндіру басталды. Ең алдымен, Петри табақшасын жақсылап тазалап, ішіне сүзгіш ақ қағазды салып, марганцовкамен тегіс залалсыздандырылды. Әрбір сояға марганцовканы ашық түсті етіп суға араластырылып, әрбір сояның үстіне тамызылды. Әрбір сояның салмағын

«Сартогосм» электрондық таразысымен өлшенді. Петри табақшасының салмағы


  • 103,998 г. Сояны төрт бөлікке бөліп I – 80 дана, II- 80 дана, III-80 дана, ал IY- не 60 дана саналынды. I, II, III, және IY варианттары белгіленді.

Соя сорты Диковик тұқымының орташа салмағы 0,1914г. Дән салмағы 0,1582-ден 0,2445-ге дейін ауытқыды. Соя дәндері су тиген уақытта сыртқы қабықшасы жиырылып, ісіне бастады. 2-тәулікте Петри табақшасына майбұршақ тұқымын өндіру барысында олардың өндіргеннен кейін өзгеріске ұшырайтыны байқалды. Майбұршақтың әр қайсысының үстіне су тамызғымен (пипетка) тамшыланды. Бір жарым күннен кейін арасынан біреуінің өнгені байқалды. Тұқым қабықшасы суланғаннан кейін 15-20 минут ішінде жиырыла бастады. Петри табақшасын күн көзіне қойып, бетін табақшамен жабылды.

Майбұршақ 4 Петри табақшасына бөліп қарастырылды. I-Петри табақшадағы 80 дананың 13 данасында сырты жиырылғанын, ал қалғандарының ісінгені байқалды. Кейбіреулері қақ ортасынан жарылған. 80 данадан тек 1 ғана

данасы өнгенін көрдік; II - Петри табақшадағы 80 данадан 5 данасы дұрыс ісіне қоймаған, 9 данасы жиырылған. Ал, қалғандары ісінген. II- шыныдан әрбір соя 0,7 см-ден 1,4 см-ге ұлғайғаны көрінді; III-Петри табақшадағы 80 данадан 10 данасы дұрыс ісінбеген, 9 дана қатты жиырылған. Бірінші күні 0,7 см болғандар

-1,4 см екінші күні ұлғайғаны байқалды; IY-Петри табақшадағы 60 данадан 4 данасы ісінбегені көрінді, ал 4 дана жиырылған. Сояның Диковик сорты тұқымдарының 50 %-ы 2 тәуліктен кейін өне бастады. 3-ші тәулікте ұрықтық тамыр шыға бастады. Майбұршақ өсімдігі жылу сүйгіш өсімдік екені байқалды. Диковик сортының өнуі барысында, ең бірінші, тамырымен тұқымжарнақ арасында күлгін түсті гипокотиль байқалды. Иіліп тұрған таға тәрізді. Тамырларының түстері ақшылдау, кейбіреулері жасыл, сары, тіпті қызғылт-

күлгін түрі де кездеседі.
Кесте 16 - Диковик сортының морфологиялық көрсеткіштері, 9-тәулік, см


Диковик

сорты


Гипокотиль

ұзындығы


Тұқымжарнақ

ұзындығы


Тамыр ұзындығы

Негізгі

Жанама

1

2

3

4

5

соя №1

4,9см

1,5см

8,5см

2,9см

соя №2

5,7см

1,6см

8,7см

2,2см

соя №3

5,1см

1,3см

8,0см

2,3см

соя №4

4,6см

1,2см

7,3см

1,9см

соя №5

7см

1,4см

8,4см

1,3см

соя №6

4,2см

1,5см

6,5см

1,3см

соя №7

3,9см

1,6см

7,2см

1,6см

соя №8

4,6см

1,4см

8,6см

2,2см

соя №9

3,9см

1,5см

6,9см

1,6см

соя №10

4,2см

1,5см

6,3см

2,4см

орташа

есеппен


4,81±0,1

1,45±0,2

7,64±2,46

1,9±0,19

10-тәулікте 4 Петри табақшасында өсімдіктің сабағының ұзындығы, тұқымжарнақ ұзындығы және тамырларының морфологиялық көрінісі 25- суретте бейнеленген.




Сурет 25 - Диковик сортының 10 күндік өніп-өсуін бақылау (Ж.А.Абдукадирова түсірген, 2015 ж.)



Диковик сортының 9 күндік морфологиялық көрсеткіштерін 16-кестеден көруге болады. 9-тәулікте соя гипокотильдің ұзындығы 4,81±0,1см, тұқымжарнақ ұзындығы 1,45±0,2 см, ұрықтық негізгі тамыр ұзындығы 3,67±2,46 см, ал жанама тамырлар 1,9±0,19.
Кесте 17 - Диковик сортына морфологиялық талдаудың тәжірибе барысы


Диковик сорты

Гипокотиль ұзындығы

Тұқымжарнақ ұзындығы

Тамыр ұзындығы

Негізгі

Жанама

1

2

3

4

5

соя №1

8,2см

1,5см

8,5см

4см

соя №2

8,3см

1,6см

10,5см

3см

соя №3

7,4см

1,7см

8,1см

2,5см

соя №4

6,2см

1,6см

7,5см

2,5см

соя №5

7,8см

1,5см

8,5см

3см

соя №6

5,5см

1,8см

7,5см

5,6см

соя №7

4,2см

1,5см

8,2см

4см

соя №8

6,6см

1,6см

8,5см

7см

соя №9

8см

1,5см

8,5см

1,9см

соя №10

5,8см

1,5см

9см

3см

орташа саны

6,8±1,14

1,58±0,8

8,48±2,5

3,65±1,2

10 күндік морфологиялық талдаудың тәжірибе барысында 10 өсімдіктің салыстырмалы сабағының ұзындығы, тұқымжарнақ ұзындығы және тамырының ұзындығы 17-кестеде берілген. Гипокотилінің ұзындығы 6,8±1,14см аралығында ауытқыса, тамыр орташа ұзындығы 8,48±2,5 см, тұқымжарнақ ұзындығы 1,5-1,8 см аралығында болды [182, б. 329-331].



4 тәжірибе. Тамшылатып суару технологиясымен өсірілген соя өсімдігінің морфометриялық көрсеткіштеріне пленканың әсері.

Пленканың тамшылатып суару технологиясымен өсірілген соя өсімдігінің морфометриялық көрсеткіштеріне және түйнек бактерияларға әсерін зерттеу.

Тамшылатып суару бойынша егін егетін жерлерді арнайы тегістеп, жүйек жүргізу қажет етілмейді. Топырақты дайындап, оған шлангілерді жаю, су жіберіп тексеру жүйесі орындалады. Өсімдікке қажетті қоректік заттар сумен араласып барады. Су 2-3 метрлік биіктікке арнайы су айдағыш мотор арқылы көтерілген цистернаға түсіп, одан шлангілерге таралып, егілген жерге өсімдік тамырына тамшы түрінде барады [183, б. 222-226].

Арамшөптердің пленка астында сыртқа шығуға мүмкіндік болмай, тұншығып ары қарай дами алмайтындығын 26-суреттен байқалады, ал соя дәнді сепкен жерден шығып еркін өсіп тұрғандығын айқын көруге болады.









А - пленкамен; Б – пленкасыз

Сурет 26 – пленкамен және пленкасыз тамшылатып суару технологиясы бойынша өсірілу барысы




Сурет 27 - Пленканың соя өсімдігіне әсерін бақылау



Пленкамен өсірілген соя пленкасыз өсірілген жағдаймен салыстырғанда өте жақсы дамығандығы 28-суретте бейнеленген.

Сурет - 28 а-пленкасыз, в-пленкамен өсірілген соя өсімдіктерінің салыстырылуы


Зерттеу барысында, пленкамен өсірілгенде түйнекті бактериялардың аз болуына орай соя өсімдігі қарқынды дамығандығы байқалады. Сояның өсіп дамуына пленканың оң ықпал ететіндігі анықталды.

Сурет - 29 1-пленкамен, 2-пленкасыз түйнекті бактериялары бар


Түйнек бактерияларының соя өсімдігінің өскін кезеңінде кері әсері болатындығы алғаш рет анықталды. Жетілу фазаларында даму барысында пленкалар жыртылып, түйнек бактериялары үлкен кезеңдерінде пайда болғандығы айқындалды. Ол уақытта өсіп-жетіліп алған сояға түйнек бактериялары кері әсер ете қойған жоқ. Сондықтан пленкамен өсіруде мүлде түйнек бактериясы дамымайды деп айтуға болмайды, түйнек бактериялары ауадағы бос азот фиксациялауы міндетті түрде жүреді. Пленкамен өсірілген жағдайда да топырақты азотпен байыту жүзеге асырылады. Гүлдеу кезеңінде пленкамен өсірілген соя өсімдіктерін пленкасыз өсірілген жағдаймен салыстыру барысында түйнек бактериясы болса да, осы вариант пленкамен жақсы дамығандығы бақыланды.


А-пленкамен, Б-пленкасыз

Сурет 30 - Соя өсімдігін тамшылатып суаруда пленканың маңыздылығы


Пленкасыз жағдайда жас кезеңінде пайда болған түйнек бактериялары паразитті әсер етіп, өсуін тежеуіне орай дамуы деңгейі төмен нәтижені көрсетті, 30 - сурет [184, б. 12-14; 185, б. 6-7].

Сурет 31 - Жансая сортының гүлі


Гүлдеу кезеңіңде морфометриялық көрсеткіштерін сипаттайтын болсақ, пленкамен тамшылатып суару 1-вариантта өсімдік ұзындығы 71±8,1см, 2- пленкасыз тамшылатып суаруда өсімдіктің ұзындығы 72±6,4см, 3-бақылау варианты, дәстүрлі әдісте 51±4,9см-ді құрайды. Жапырақ саны 1-вариантта 55- 63, 2-вариантта 38-42, 3-вариантта 25-35. Айта кететін жайт, егістік жағдайында 1-вариантта өсу қарқындылығы жоғары болуына орай өсімдік гүлдеу кезеңіне жетсе, 2-вариантта ол тек бұтақтану кезеңінде болды.

Түйнек бактериялары соя өсімдіктерінің тамырында түйнек түзіп, олармен селбесіп даму нәтижесінде атмосферадан азот сіңіріп, өсімдікке қажетті физиологиялық белсенді заттар түзеді. Егер бұршақ дақылдарының тамырында түйнек бактериялары көп жиналса, онда бұл өсімдіктер байланысқан азоттың



болмағанына қарамастан тіршілік ете береді. Жас кезінде бактерия жағынан соя өсімдігіне паразитті әсер болуы мүмкін, себебі бұл кезде сіңірілмеген молекулярлы азот жас өскіннің өсуін тежейді.


Сурет 32 – Түйнек бактериясының морфологиясы


Соя өсімдігінің Bradyrhizobium japonicum түйнек бактериясының морфологиялық құрылысы белгілі. Алғаш рет анатомиялық құрылысын зерттеу барысында микроскоп көмегімен түйнек бактериясының көлденең кесіндісінен сыртын түйнектің қабықшасы қаптайтындығы байқалды. Сабақтың ішкі құрылымы тәрізді айқын 4 бөлікке дифференцияланған: алғашқы қабық, меристема, талшықты-түтікті және бактероидты зона. Түйнектің барлық ұлпалары акропетальды бөлінгендіктен жаңа клетка меристемадан дамиды.




1-қабықшасы, 2-меристема, 3-өткізгіш ұлпа, 4-бактероидты зона

Сурет 33 - Bradyrhizobium japonicum анатомиялық құрылысы


Түйнектің қабықшасы сыртқы қорғаныштық қызметін атқарады, алғашқы қабығы бірнеше қатар әртүрлі көлемді зақымданбаған паренхималық клеткадан құралады. Түйнектің қабығының клеткалары басқа клеткалармен салыстырғанда ірі және созылыңқы пішінді. Түйнектік меристема қабықтың астында

орналасқан. Бұл зонада зақымданбаған клеткалар қарқынды бөлінеді және клетка қабықшасы жұқа кіші көлемді, бірі-біріне тығыз орналасқан. Талшықты- түтікті жүйе шеңбер бойымен біркелкі бактероидты зонаға жанаса орналасқан. Өткізгіш шоқтар көлемі әртүрлі. Түйнектің ортаңғы көлемін толықтай бактероидты зона алып жатыр, 33-сурет.



Сурет 34 - Соя өсімдігінің толық пісіп жетілу кезеңі




Сурет 35 - Соя өсімдігінің биологиялық өнімділігі, ц/га


Пленкамен егілген дақылдардан мол сапалы өнім жиналынады. Пленка өсімдік жетіліп болғанша біртіндеп жыртылып, кейін ыдырап жоқ болып кетеді. Соя сорттарының өнімділігін салыстырмалы зерттеу нәтижесінде биологиялық өнімділік пленкамен өсірілген жағдайда жоғары көрсеткішті көрсетсе, ең төмен өнімділік бақылау вариантында болды, 35-сурет. Демек, тамшылатып суару соя өсімдігінің өнімділігін арттырады [183, б. 225-226; 186, б. 90].

5 тәжірибе. Тамшылатып суару арқылы өсірілген соя өсімдігінің анатомиялық параметрлерінің өзгерістері.

Соя өсімдігін тамшылатып суару және дәстүрлі әдіспен өсіру нәтижесінде тамшылатып суару арқылы өсірілген соя морфологиялық көрсеткіштері жағынан өнімділігіне структуралық талдау мәліметтері бойынша жоғары көрсеткіштерге

ие болды. Тамшылатып суару технологиясын қолдану суды үнемдеумен қатар өнімділікті арттыруға ықпалын тигізетіндігі дәлелденді.

Анатомиялық көрсеткіштеріне микроскоп көмегімен зерттеу жүргізгенімізде екі жағдайда өсірілген сабақтың анатомиялық құрылысындағы басты ерекшелік өткізгіш шоқтардың саны мен көлемінде, орналасуы мен өткізгіш шоқтардың формасында байқалды. Ішкі құрылысының белгілеріне талдау барысында өткізгіш шоқтардың жалпы ауданы дәстүрлі жағдайда өсірілген соямен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие. Ал ксилема түтіктерінің ауданы тамшылатып суаруда үлкен болатындығы анықталды, 36-суреттер.






А, Б тамшылатып суару әдісімен өсірілген; В, Г дәстүрлі әдіспен өсірілген Сурет 36 – соя сабағының микроскопиялық фотосы (Ж.А.Абдукадирова түсірген, 2015 ж.)
Сабақтың анатомиялық құрылысын салыстыру барысында тамшылатып суаруда өткізгіш шоқтар саны артқан және қырларындада кіші өткізгіш шоқтар дамыған, трихома саны көп. Ал, дәстүрлі жағдайда өткізгіш шоқтар саны аз болғанымен, ауданы жағынан үлкен, шоқтардың формалары да өзгеше болғандығы айқын көрінеді. Дәстүрлі жағдайда ксилеманың қатар саны көп болғанымен, тамшылатып суаруда ксилема түтіктерінің көлемі артқан.


Сурет 37 - Әртүрлі жағдайда өсірілген соя сабағының анатомиялық

параметрлері, мкм 2


Морфометриялық өлшемдерді талдау нәтижесі 37-суретте келтірілген. 1- вариантта (тамшылатып суару) ірі өткізгіш шоқтар ауданы 125663,70-217300,02 мкм2 аралығында ауытқыса, 2-бақылау вариантында (дәстүрлі әдіс), 222453,92 - 242794,94 мкм2 дейін артқан. Ксилема түтігінің ауданы 1 вариантта - 26759,46 мкм2 - ге дейін жеткен. Анатомиялық параметрлерге негізделген эпидермис клетка қабырғасының қалыңдығы, түтіктердің саны мен формасының құрылымын салыстырмалы зерттеу нәтижесінде 1-вариантта осы көрсеткіштер белгілі дәрежеде артқан, сондай-ақ өткізгіш шоқтарда склеренхималық қалпақша жақсы дамыса, 2-вариантта бұл белгілер нашар қалыптасқан [187, б. 399-401; 188, б. 72].

6 тәжірибе. Соя өсімдігінің анатомиялық көрсеткіштеріне пленканың

әсері.


Тамшылатып суару технологиясы бойынша өсірілген соя өсімдігінің ішкі

анатомиялық құрылымына пленканың әсерін айқындау.

Пленкамен тамшылатып суару және пленкасыз әдіспен тамшылатып суару арқылы өсірілген соя өсімдігінің анатомиялық құрылысына микроскоп көмегімен зерттеу жүргізілді. Соя өсімдігі жапырағының анатомиялық құрылысында эпидермистен трихомаларды айқын бақылауға болады. Төменгі эпидермисте трихомалар саны мен көлемі артқан. Орталық жүйкеде ірі өткізгіш шоқ байқалған. Мезофилл бағаналы және борпылдақ.

Пленкамен тамшылатып суару арқылы өсірілген соя жапырағының анатомиялық құрылысына микроскопиялық талдау барысында жоғарғы эпидермис қалыңдығы 41,03 мкм, бағаналы ұлпа 153,15 мкм, борпылдақ ұлпа 108,81мкм, орталық жүйке қалыңдығы 2079,36мкм, орталық жүйкедегі өткізгіш шоқ ұзындығы 1315,29 мкм, өткізгіш шоқ ені 605,15 мкм, трихомалар 968,07мкм, ксилема 82,37 мкм, жалпы мезофилл қалыңдығы 365 мкм, төменгі эпидерма қалыңдығы 31,92 мкм болғандығы айқындалды, сурет 38 (а, в).

Пленкасыз тамшылатып суару әдісімен өсірілген соя жапырағына микроскопиялық зерттеу төмендегі көрсеткіштерді көрсетті: орталық жүйке қалыңдығы 1527,25 мкм, жапырақ қалыңдығы 327,54 мкм, орталық жүйкедегі өткізгіш шоқ ұзындығы 609,29 мкм, өткізгіш шоқ ені ұзындығы 398,98 мкм2,

борпылдақ ұлпа ұзындығы 87,73 мкм, бағаналы ұлпа 101,19 мкм және төменгі эпидермистегі трихома ұзындығы 1759,41мкм, сурет 38 (г, д). Соя жапырағының анатомиялық параметрлерін салыстыру барысында пленкамен тамшылатып суару арқылы өсірілген жағдайда пленкасыз өсірілген вариантқа қарағанда жоғары болды.





а,в - пленкамен; г,д - пленкасыз тамшылатып суару

Сурет 38 - Тамшылатып суару әдісімен өсірілген соя жапырағының микроскопиялық көріністері


Соя сабағының анатомиялық құрылысында трихомалар өте жиі және жақсы дамығандығы анықталды. Алғашқы қабық көлемін азайып, орталық шеңбер көлемі кеңейген. Өткізгіш шоқта ксилема сәулелері айқын. Паренхималық клеткалардың клетка қабықшасында белгісіз қара заттардың шоғырланғандығы бақыланды [189-194].

Пленкамен өсірілген жағдайда соя сабағының морфометриялық ерекшеліктерін зерттеу бойынша өткізгіш шоқтағы ксилема сәулелерінің көлемі 1977,10 мкм, ксилема түтіктері 148,05 мкм, флоэма 473,73 мкм, паренхима 296,38 мкм, лубтық қалпақша қалыңдығы 110,02 мкм болатындығы анықталды.



2-вариантта пленкасыз тамшылатып суару әдісімен өсірілген соя сабағының анатомиялық құрылысына морфометриялық талдау жүргізгенімізде алғашқы қабық ұзындығы қалыңдығы 402,02 мкм, өткізгіш шоқтар жалпы ұзындығы 1049,66 мкм, флоэма 456,8 мкм, лубтық қалпақша 136,94 мкм, паренхималық клетка 197,02 мкм, ксилема ұзындығы 1017,77 мкм, ең қысқа ксилема ұзындығы 637,02 мкм және ең ірі ксилема түтігі 93 мкм болады.


Сурет 39 - Тамшылатып суару технологиясының әртүрлі вариантарында сабақтың анатомиялық көрсеткіштерін салыстыру
Тамшылатып суару технологиясының әртүрлі вариантарында соя өсімдігі сабағының анатомиялық көрсеткіштерін салыстыру бойынша 1-вариант пленкамен өсірілгенде сабақтың морфометриялық өлшемдері ұлғайғандығын көруге болады.

Соя тамырын зерттеу барысында пленкамен тамшылатып суару әдісімен өсірілген соя тамырының микроскопиялық құрылысында алғашқы қабық 603,80 мкм, тамыр диметрі 5996 мкм, ксилема сәулесінің ұзындығы 2366,85 мкм ірі ксилема түтіктері 113,77 мкм болатындығы байқалды.

Тамырын зерттеу барысында пленкасыз тамшылатып суару әдісімен өсірілген соя тамырының анатомиялық көрсеткіштері: тамыр диаметрі 2641,47 мкм, орталық цилиндр диаметрі 2166 мкм, алғашқы қабық 190,16 мкм, ксилема радиусы 1060 мкм және ең ірі ксилема 99,04 мкм.
Кесте 18 - Диковик сортының тамырының анатомиялық көрсеткіштері


Пленкасыз тамшылатып суару,

мкм


Пленкамен тамшылатып суару, мкм

1

2

3

4

Тамыр диаметрі

2641,47

Тамыр диметрі

5996

Ірі ксилема түтігі

99,04

Ірі ксилема түтігі

113,77

Алғашқы қабық

190,16

Алғашқы қабық

603,80

Ксилема сәулесі

радиусы


1060

Ксилема сәулесі

радиусы


2366,85

Орталық цилиндр

диаметрі


2166

Орталық цилиндр

диаметрі


4733,7

18-кестедегі сандық мәліметтерден екі вариантты салыстырғанда, пленкамен өсірілген өсімдіктің тамыр диаметрі шамамен екі есе артқан, сәйкесінше басқа барлық параметрлерде ұлғайған [186, б. 93-97]

Сонымен зерттеу барысында пленкамен өсірілгенде соя өсімдігі пленкасыз өсірілген вариантпен салыстырғанда жақсы өсіп-дамығандығы анықталды. Соя

сорттарының өнімділігін салыстырмалы зерттеу нәтижесінде биологиялық өнімділік пленкамен өсірілген жағдайда жоғары көрсеткішті көрсетсе, ең төмен өнімділік бақылау вариантында болды. Яғни тамшылатып суару соя өсімдігінің өнімділігін арттыруға ықпалын тигізеді [183, б. 225-226; 186, б. 90].

3 рет қайталанымда 3 жыл бойы зерттеу жүргізу нәтижесінде тамшылатып суару тікелей ксилема түтігінің көлеміне оң әсер етеді деп тұжырым жасай аламыз. Микроскопиялық талдау дәстүрлі жағдайда өткізгіш ауданы үлкен болатындығын нақты көрсетіп отыр, бірақ жеке ксилема түтіктерінің ауданы тамшылатып суаруда жоғары көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ өткізгіш шоқ саны мен формалары 2 вариантта әртүрлі болды. Дәстүрлі әдіспен салыстырғанда тамшылатып суаруда трихома, склеренхима, эпидерма клеткасының қалыңдығы жақсы дамыған. Сонымен тамшылатып суару сояның өсіп-дамуына оң ықпал ететіндігі айқындалды.

Студенттерді тәжірибе барысында зерттеуші ретінде қарастырдық. Болашақ биолог мұғалімдер тәжірибе мен оларға бақылау жасауды үйренді. Элективті пәнге қосымша жасалынатын тәжірибелердің әдістемесін ұсындық. Бұл тәжірибелік жұмыстардың әдістемесін дала практикасында және зертханалық сабақтарда пайдалануға болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет