НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Даму институттары мен құрылымдары



Pdf көрінісі
бет117/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   264
Даму институттары мен құрылымдары
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясы шикізат экономика-
сынан әртараптандырылған экономикаға көшудің алгоритмін анықтады.
«Даму стратегиясын» жүзеге асырудың негізгі құралы мемлекеттік даму 
институттары – «Қазақстан даму банкі», «Қазақстан инвестициялық қоры» 
және «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөнінде-
гі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» болды. Олардың инвестиция-
лық жобаларды несиелеу үшін, сондай-ақ құрылған кәсіпорындардың 
жарғылық капитал жинақтауына қатысу үшін қаржы ресурстары жеткілікті 
еді. 2003–2006 жылдары даму институттары инфрақұрылым және өңдеу 
өнеркәсібі салаларында жалпы құны 2,1 миллиард доллар болатын жүзден 
астам жобаны қаржыландырды. 
Қазақстанда жаңа өндірістер, тіпті тұтас салалар пайда бола бастады. 
2003 жылы Өскемендегі «Азия-Авто» автоқұрастыру кәсіпорнында «Нива» 
автокөлігін шығару процесі басталды, ал 2005 жылдан бастап «Skoda» ав-
токөліктерін құрастыру іске қосылды. 2005 жылдың тамыз айында Көкшета-
уда «КамАз Инжиниринг» бірлескен кәсіпорнында «КамАз» жүк көліктерін 
шығару басталды. 2007 жылдың желтоқсанында Павлодарда екі зауыт 
ашылды, олар – республикамызда алғашқы болып алюминий өндіруді 
бастаған «Қазақстан электролиз зауыты» және мұнай-газ саласы үшін бо-
лат құбырлар шығаратын еліміздегі тұңғыш «KSP Steel» зауыты.
Он экономикалық аймақ, атап айтқанда «Астана – жаңа қала» (құрылыс, 
локомотив құрастыру, авиация және химия өнеркәсібі), «Ақтау теңіз пор-
ты» (металлургия, жеңіл және химия өнеркәсібі), Алматыдағы «Ақпараттық 
технологиялар паркі» (аспап жасау), Шымкенттегі «Оңтүстік» (жеңіл және 
тоқыма өнеркәсібі), Атырау облысындағы «Ұлттық мұнай-химия технопар-
кі», «Бурабай» (туризм), «Павлодар» (химия және мұнай химиясы), Қараған-
дыдағы «Сарыарқа» (металлургия және машина жасау), «Қорғас – Шығыс 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
221
қақпасы» (логистика), «Тараз химия паркі» – даму инфрақұрылымының 
маңызды элементтеріне айналды.
Арнайы экономикалық аймақтар экономикалық өсімнің, инвестициялар 
мен технологияларды айрықша қарқынмен тарта түсудің, бәсекеге қабілет-
ті өндірістер ашудың өзіндік көзі ретінде қызмет етті. Олар қалалардың, 
өңірлердің және жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің дамуы-
на септігін тигізді.
2006 жыл Қазақстан экономикасында мемлекеттік активтерді басқару-
ды орталықтандырумен ерекшеленген жыл болды. Мемлекеттік активтерді 
бірлесе басқарудың сапасын жақсарту үшін «Самұрық» ұлттық холдинг 
компаниясы құрылды. Оған мұнай өндіру, құбыр желісі, байланыс, машина 
жасау, энергетика, авиация, теміржол секілді мемлекет үшін өмірлік маңы-
зы бар салалардан үш жүзден астам компания кірді. 
Мемлекеттік холдингтер құру – дүниежүзілік қолданыста бар, жалпыға 
ортақ үрдіс. Ұлттық басқару холдингін құру идеясын мен алдыңғы қатарлы 
әлемдік тәжірибелерді зерттеу негізінде ұсындым. 2003 жылы Сингапурге 
барған сапарымда мен жергілікті ірі компанияларды басқаратын «Тема-
сек» холдингінің қызметімен танысқан едім. Малайзияның «Казанах» хол-
дингі де тура солай жұмыс істейді екен.
Сол 2006 жылы мемлекеттік «Қазына» тұрақты даму қоры (ТДҚ) құрылып, 
оның құрамына бұрын ашылған даму институттары кірді. Оларды біріктіру 
аталған құрылымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға деген 
қажеттіліктен туындаған болатын. Бұл шаралар өзінің барынша тиімділігін 
бірден дәлелдеді, келесі жылдың өзінде-ақ ұлттық «өнеркәсіп көшбасшы-
ларын» өсіріп-жетілдіру механизмі жасалды.
Жүргізілген реформалардың нәтижесінде Қазақстанға жоғары техно-
логиялы ірі макрожобалар енгізіле бастады, олар елдің ресурстары мен 
экономикалық қуатын бір бағытқа шоғырландырып, экспорт пен өнеркәсіп 
құрылымын біртіндеп өзгерте берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет