НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет119/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   264
Капитал мен мүлікті заңдастыру
2000-шы жылдардағы экономиканың дамуын ынталандыруға бағыт-
талған аса маңызды қадам ретінде азаматтардың капиталы мен мүлкін 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
223
заңдастыруды атап өтуге болады. Басқа да жаңа тәуелсіз мемлекеттер-
дегі сияқты, заңнамалық базаның әлсіздігі мен тез байып кетуге деген 
ұмтылыс 1990-шы жылдары кәсіпкерлердің едәуір бөлігінің өз жұмыста-
рын салық төлеместен, тиісті заңдық рәсімдеусіз жүргізуіне апарып соқты. 
Сарапшылардың бағалауынша, сол кезеңде Қазақстанда экономиканың 
тұтас көлемінің шамамен ширек бөлігі көлеңкелі секторға тиесілі болды. 
2000-шы жылдардың басында капиталды «көлеңкеден» алып шығып, эко-
номикалық айналымға қайта оралту үшін қолайлы жағдай туғызу қажет еді. 
Мұны жүзеге асырудың бірден-бір қисынды тәсілі – қаржы рақымшылығы 
болатын. Әр жылдары мұндай рақымшылықтар Швейцарияда, Франция-
да, Ирландияда, Мексикада, Аргентинада, Үндістанда, Қытайда және тағы 
басқа елдерде жасалып, оң нәтиже бергені белгілі.
Қаржы рақымшылығы туралы заң 2001 жылдың сәуірінде күшіне енді. 
Заңдастыру механизмі қарапайым да ұғынықты еді. Азамат ақшасын 
банктегі арнайы шотқа аударып немесе есепке қойып, сол әрекетін ай-
ғақтайтын құжатқа ие болды. Заңдастырудың отыз күндік мерзімінен кейін 
ол өз ақшасына еркін иелік етуге мүмкіндік алды.
Берілген мүмкіндікті шамамен үш мыңдай адам пайдаланды. 70 мил-
лиард теңгеден астам қаржы арнайы шоттарға есепке қойылды. Осынша 
қаражаттың 88 проценті қолма-қол енгізілген, ал қалған бөлігі – шетелдік 
банктердегі шоттардан аударылған.
Қазақстандағы қаржы рақымшылығы еуразиялық кеңістіктегі елеулі құ-
былыс болды. Заңдастырылған капитал елдің дамуына жұмыс істей баста-
ды. Мұның тағы бір нәтижесі – салық төлеушілердің саны арта түсті, демек 
бюджет түсімдерінің ауқымы да ұлғая берді.
Капитал рақымшылығының заңды жалғасы мүлікті заңдастыру болды. 
2000-шы жылдардың бірінші жартысында жылжымайтын мүлік саласын-
дағы тіркелмеген мүліктің үлесі 30 процентті құрайтын еді. Рәсімделмеген 
мүліктің едәуір бөлігі ауыл халқына тиесілі болатын. Бірінші кезекте бұл 
кеңшарлар мен ұжымшарларды жекешелендіру барысында фермерлердің 
үлесіне тиген ауыл шаруашылығы техникаларына қатысты жайт.
Қазақстан Республикасының «Мүлікті заңдастыруға байланысты 
рақымшылық мәселелері туралы» Заңы 2006 жылғы шілденің басында 
шықты. Қаржы рақымшылығы кезінде басты назарға алынған ұстанымдар 
мүлікті заңдастыру барысында да қолданылды. Мүлікті заңдастыру оны ие-
лену құқығын нақты қожайындарына табыстауға мүмкіндік берді. Енді олар 
ол мүлікті, мәселен, несиені қамсыздандыру ретінде пайдалана алатын 
болды, мұның өзі кәсіпкерлік қызметтің дамуына ықпал жасады.


224
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет