НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет91/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   264
Бәсекеге қабілетті Қазақстан: 
2004 және 2005 жылғы Жолдаулар
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасы мен 
әлемнің бәсекеге ең қабілетті елу елінің қатарына енуі менің 2000 жылдар-
дың ортасындағы халыққа Жолдауларымның басты тақырыптары болды. 
Бұл бағдарламаны мен 2004, 2005, 2006 және 2007 жылдары жан-жақты 
дамытуға күш салдым.
2004 жылдың 18 наурызындағы Жолдау өзінің «Бәсекеге қабілетті Қа-
зақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ха-
лық үшін!» деген атауымен-ақ жаңа трендке айналды. Қазақстанның осы 


180
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жетістіктері 2004 жылы британдық «Оксфорд аналитика» компаниясының 
біздің елімізді транзитті экономикалы мемлекеттердің ең екпіндей дамып 
келе жатқан үздіктерінің бірі деп бағалауына себеп болды. Жаңа ғасырдың 
алғашқы онжылдығының орта шенінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі 
алдыңғы лекке шықты. Экономиканың либералдануы мен бәсекенің да-
муы, Қазақстан экономикасының ашықтығы, Индустриалды-инновация-
лық даму стратегиясын, ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, ин-
фрақұрылымды жетілдіре түсу – бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі 
бағыттары деп хабарланды. 
2004 жылы Жолдауда адам әлеуетіне айрықша мән берілді. Ұлттың 
бәсекеге қабілеттілігі азаматтардың білім-білік деңгейімен анықталады. 
Осыған орай әлемдік білім беру кеңістігімен бірігу қажеттігі, яғни білім беру 
саласын халықаралық деңгейге көтеру туралы мәлімделді.
Әлеуметтік салада Үкіметке Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдар-
ламасын іске қосу жүктелді. Сонымен бірге 2005–2007 жылдары тұрғын 
үй құрылысына 150 миллиард теңге инвестиция салынғаны хабарланды. 
Әлеуметтік қамсыздандыру саласында зейнетақы мен әлеуметтік жәрдем-
ақыларды кезекті рет өсіру жоспарда тұрды. Бұған қоса, оралмандарға ар-
налған квота 15 мың отбасына дейін көтерілді, бұл мақсаттарға 10 мил-
лиард теңге бөлінді. 
Көп жайт мемлекеттің бәсекелік қабілетіне тәуелді. Сондықтан біз бірін-
ші кезекте атқарушы биліктің қызметін жетілдіруге, мемлекеттік қызмет көр-
сетудің біртұтас жүйесі ретінде электронды үкіметті құруға кірісуіміз керек.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жо-
лында» атты Жолдауымда (2005 жылдың 16 ақпаны) Қазақстанның ең сер-
пінді дамып келе жатқан елдердің бірі екені атап өтілді. Сол кездері біз-
ге тартылған шетелдік инвестиция көлемі 30 миллиард доллардан асып 
кеткен болатын, бұл жөнінен еліміз жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында 
жетекші орындарға шыққан еді. Осы көрсеткіштердің барлығын есептей 
келе, Бүкіләлемдік банк Қазақстанды табысы орташа деңгейлі елдер то-
бына қос ты, мұның өзі экономиканы реформалау және әрі қарай дамыту 
ісінде біздің елеулі жетістікке жеткеніміздің дәлелі болды. Мен мұны ре-
формаларымыздың бірінші кезеңінің аса маңызды жетістігі деп есептеймін. 
2005 жылғы Жолдауымда мен Қазақстанның әлемнің ең тиімді дамып 
келе жатқан елдерінің қатарына енуіне мүмкіндік беретін өзгерістерді жедел-
детудің, өмір сүру стандарттарын өсірудің нақты бағдарламасын ұсындым.
Экономика саласында шикізаттық емес секторды дамыту мен жаңарту-
дың, шағын және орта бизнесті қолдаудың, аграрлы өндірісті индустриа-
ландырудың, банк қызметінің ашықтығын қамтамасыз етудің қажет екені 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
181
атап көрсетілді. Қазақстанның экономикалық және саяси дамудағы көш-
басшылығын әрі қарай да сақтап, сол арқылы халықаралық капитал мен 
шетелдік инвестицияны, озық технология мен жаңа ілім-білімді, білікті 
кадр ларды өзіне тартатын орталыққа айналуы қажет екені сөз болды.
Білім беру саласында жоғары технологияны және ғылыми жетістіктерді 
қажет ететін өндірістер үшін кадр даярлаудың маңыздылығына назар ау-
дарылды. Білім берудің қазіргі заманға сай жүйесінсіз, кең ауқымда және 
жаңаша ойлайтын заманауи менеджерлерсіз біз тіпті де жаңашыл эконо-
мика құра алмаймыз.
Сондай-ақ 2005 жылы бюджеттік мекеме қызметкерлері жалақысының, 
шәкіртақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің тағы да өсе түсетіні ха-
барланды. Мен әрдайым: «Экономиканы ретке келтірген соң, азаматтар-
дың тұрмысын жақсартуға көшеміз», деп айтып келемін.
2005 жылғы Жолдауды қорытындылай келе, алға жылжуды жылдамдата 
түсудің бірегей мүмкіндігі туып тұрғанына сенімді екенімді айттым. Бұл Қа-
зақстанды әлемнің дамыған және өркендеген елдердің қатарына қосатын 
бірден-бір жол болмақ.
ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығының орта шенінде Қытай басшылығы 
дамудың жаңа бағдарламасын қабылдады. Мұның өзіндік сыры бар еді. 
2005 жылы Қытайда «Он бірінші бесжылдық жоспар – үйлесімді қоғамды 
дамытудың жобасы» жасалды. Реформа шындап қолға алынған ширек ға-
сыр уақыт ішінде бұл елде бірінші рет осылай басымдықтардың бағыты өз-
герді. Енді есептік экономикалық өсім емес, адамдардың әлеуметтік қажет-
тіліктеріне, қоршаған ортаны қорғауға және жан-жақты дамуға мән беру 
мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасының және жаңа бесжылдық 
жоспардың негізіне айнала бастады.
ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао өзінің «үйлесімді қоғам» тұжырымдамасын 
әзірлер алдында партия қызметкерлері мен ғалымдардың арасынан жүз-
деген адамды шетелге жібергенін, олардың экономикалық және әлеумет-
тік саясаттың еуропалық, азиялық және америкалық тәжірибелерін жақсы 
зерттеп келгендерін маған сыр ғып айтқан еді. Олар тек содан кейін ғана 
әлемнің ондаған елдерінің тәжірибелерін біріктірген партиялық құжатты 
түзуге кіріскен екен. Бесжылдық жоспарды әзірлеуге жүзден астам ғылыми 
институт атсалысқан. Бұл арғы жағынан елдің бүгінгі саяси дүниедегі орны, 
ықпалы сезіліп тұрған нағыз ғылыми ұстаным екені айдан анық.
Есімде, содан бірнеше жыл бұрын, Ху Цзиньтао Цзян Цзэминнің орын-
басары болып тұрған уақытта, біз онымен Қытайда жүздескен едік. Сол 
кезде екеуіміздің арамызда едәуір іскерлік әңгіме өрбіген болатын. Барлық 
жайттан хабардар, жан-жақты мағлұматы мол Ху Цзиньтаоның жұмысты 


182
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жүйелі жүргізе білетін іскерлігі мені әбден тәнті еткен-ді. Бүкіл әлем қытай 
тәжірибесіне қызыға қарап отырған кезеңде Қытайдың болашақ көшбас-
шысы біздің қазақстандық реформалардың жүру барысына көңіл аударып, 
әлеуметтік және экономикалық ахуалымыздың сан алуан қырлары туралы 
егжей-тегжейлі сұраған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет