Дәрігер – стоматологтың орналасуы: сол жақ тіс қатарынан жұлатын болса – науқастың оң және алдында; оң жақ тіс қатарынан жұлатын болса – науқастың оң және арт жағында орналасады. Сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – тілдік беткейінен, ІІ саусақ ерін жағынан).
Науқастың орналасу қалпы:науқас басын басқойғышқа қойып, креслоға отырады, аузы ашулы, төменгі жақсүйек тістері дәрігердің шынтақ буыны деңгейінде орналасады.
3
Тістің айналмалы байламын ажырату: сол қолмен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, оң қолға гладилка алып, тісқызылиек қалтасының астына енгізеді және тістің айналмалы байламын тістің мойны деңгейінде ажыратады.
4
Қысқыштарды ұстау тәсілі: үлкен саусақпен қысқыштың бір сабын қапсыра ұстап, ІІ және ІІІ саусақтарды кысқыш сабтарының ортасына орналастырады, ал ІV және V саусақтармен екінші сабын бекітеді. Қысқыш саптарының ұштары алақанға тіреледі. ІІІ саусақ тікейтіліп және ІV, V саусақтар бүгітіліп қысқыштың қиылысы ашылады. Қысқышты салғаннан кейін ІІІ саусақты сыртқа қарай шығарып, қысқышты сұқ саусақтан басқа саусақтармен қысады.
5
Қысқышты ашылған күйде салу: қысқыштың ұртбасы осі тіс осіне сәйкес келу керек. Қысқыштардың ұртбастарын ажыратылған тістің айналмалы байламының астына біреуін - таңдай жағынан, екінші - ерін жағынан салады.