Дұрыс жауаптарды физика пәні мұғалімі Макенбаева Гаухар Жакыпбайқызының жеке электронды почтасына жібересіздер



Дата18.01.2022
өлшемі69,07 Kb.
#24091
Байланысты:
1584432744314-1


БОС УАҚЫТ ЖОҒАЛТПАЙ –ПАЙДАЛЫ ІСПЕН АЙНАЛЫСАЙЫҚ!

Дұрыс жауаптарды физика пәні мұғалімі

Макенбаева Гаухар Жакыпбайқызының жеке электронды почтасына жібересіздер.

g-makenbaeva@mail.ru

Физика пәні бойынша тапсырмалар
1. Аузы тығындалған бөтелкеге жартысына дейін су құйылған. Бөтелкенің жоғары жағында су жоқ деп айтуға бола ма?

2. Неліктен стол үстіндегі сия дақтарын ол төгілісімен тазарту оңайырақ та, ал ол кепкеннен кейін тазарту қиынырақ?

3. Неліктен жүк көтеретін кранға жүкті дереу қатты көтеруге болмайды?
4 тапсырма. Жарыс машинасының жылдамдығы

1 сұрақ. Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең?

A. 0,5 км B. 1,5 км C. 2,3 км D. 2,6 км



2 сұрақ.

Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болады?

A. Сөре сызығында. B. Шамамен 0,8 км белгісінде.

C. Шамамен 1,3 км белгісінде . D. Шамамен тас жолдың ортасында.



3 сұрақ.

2,6 км және 2,8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы туралы не айтуға болады?

A. Машинаның жылдамдығы бір қалыпта қалады.

B. Машинаның жылдамдығы үлкейді.

C. Машинаның жылдамдығы азайды.

D. Берілген кестеден машинаның жылдамдығын анықтау мүмкін емес.



4 сұрақ.

Төменде бес түрлі пішінде келтірілген жарыс тас жолдары көрсетілген:



Жоғарыда келтірілген кестедегі жылдамдықты көре отырып, жарыс машинасы мына тас жолдың қайсысымен журді?


Жарыс машинасының жылдамдығы

1 Жауап: В 1,5 км

2 сұрақ С Шамамен 1,3 км. белгісінде

3 сұрақ В Машинаның жылдамдығы жоғарылады.

4 сұрақ В
5. Бірдей темспературадағы ағаш пен темірді ұстағанда темір ағашқа қарағанда суық немесе ыстығырақ болып сезілетіні неліктен?

6. Басынан бастап, Крош мәреге 10,8 км/сағ жылдамдықпен жүгірді, ал Крошпен бір уақытта бастаған Лосяш мәре сызығына 2,5 м / с жылдамдықпен жүгірді. Мәреге бірінші кім жетті?

A) Лосяш

B) Крош


C) бір уақытта
7. Суретте бес сызғыштың шкаласы көрсетілген. Жауаптардан бірінші ең үлкен бөлік құны бар сызыштың нөмерін және ең кіші бөлік құнға ие сызғыштың нөмерін таңдаңыз.

А) 1 және 5

Б) 5 және 1

В) 1 және 4

Г) 2 және 3

Д) 4 және 5


8. Мензуркада су бар. Егер бірінші және екінші мензуркадағы суды үшінші мензуркаға құйса судың көлемі қандай болады?


9. Крош, Нюша және Кірпі суретте көрсетілгендей түзу жолдың бойынша тұр. Крош пен Кірпі бір-біріне қарай сәйкесінше 5 м/с және 7 м/с жылдамдықпен жүгірді.



  1. Крош пен Кірпі қанша уақыттан кейін кездеседі?

  2. Крош кездескенге дейін қанша жол жүрді?

  3. Барлық смешариктер бір уақытта бір жерде кездесуі үшін Нюша қандай жылдамдықпен жүгіруі керек? Жүгірушілер жылдамдықтарын өзгертпейді. Жауабын ең жақын санға дейін дөңгелектей отырып, м/с көрсетіңіз.


10. Метро эскалаторы үстінде тұрған адамды 1 минут ішінде жоғары көтереді. Тоқтап тұрған эскалатормен ол 3 мин уақытта көтеріледі. Егер қозғалып тұрған эскалатормен адам жүретін болса, онда қанша уақытта жоғарыға шыға алады?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет