Нуржанова Эльвира Сейткаримовна
Шымкент қаласындағы № 28 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қалыптастырушы бағалау – дамыту құралы
Оқушылардың білімі мен білім сапасын бағалаудың жаңа әдістерін енгізу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ, мұны қиынсынудың мүлдем қажеті жоқ. Қалыптастырушы бағалау үдерісін сабақ барысында тиімді енгізу – бұл дұрыс бағалаудың алғашқы қадамы болып табылады.
Қалыптастырушы (формативтік) бағалау
Формативті бағалауды «оқу үшін бағалау» деп атайды. Шынтуайтқа келгенде оны «оқуды, үйренуді жақсартатын бағалау» деп атаған орынды болар.
Қалыптастырушы бағалауды қай кезде қолдану керек? Қалыптастырушы бағалау – бұл оқытудың бір бөлігі, және ол оқушылар білімінің құрылымына енуі мүмкін. Сіз бұған дейін қалыптастырушы бағалау жүргізген де болуыңыз мүмкін. Мысалы, оған оқушыларды бақылау, оқушыларды жетістігі үшін мадақтау, оқушылардың жұмысын талдау. Бұл бағалау түрін мұғалім де, оқушы да жүргізе алады. Оқушылар тарапынан өзін-өзі бағалау арқылы және бірін-бірі бағалау арқылы жүргізіледі.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі.
Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалған.
Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде
тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздер ретінде қолданылады . Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:
• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына
талдау жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау
критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін
қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады
Мұғалімнің шешімі объективті болу үшін тапсырмаларда қолданылатын дескрипторлар анық, нақты болуы қажет. Дескрипторлар білім алушыларда тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындықтар туындағанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушыларға кері байланыс беруге мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |