Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет104/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   832
Байланысты:
струков патан

Некроздың микробейнесін
жасушалар мен жасушааралық заттың өзгерістері 
қалыптастырады. 
Жасушалық өзгерістер
оның ядросын да, цитоплазмасын да 
қамтиды. Ядроның хроматині ширап (конденсация), өзі бөлшектеніп 
(
кариорексис;
44-сурет, б), еріп (
кариолизис
), 
бүріседі
(
кариопикноз;
44-сурет, а). 
Пикноз бен рексис және лизис – некроздың даму сатылары әрі нуклеотидтерден 
фосфат топтары мен нуклеин қышқылдарын босататын гидролазалардың, яғни 
рибонуклеаза мен дезоксирибонуклеаза әсерінің жандану барысын бейнелейді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
96
Нуклеин қышқылдары кейін деполимерленеді. 
Цитоплазманың
белоктары 
қалпынан тайып (денатурация), коагуляция орын алады; ультрақұрылымдары 
жойылады. Бұл өзгерістер жасушаның бір бөлімін ғана қамтып, кейін 
аластатылатын – 
коагуляциялық фокал некроз
немесе жасушаны түгел жоятын – 
цитоплазманың коагуляциясы
орын алуы мүмкін. Біраз жағдайда коагуляциялы 
цитоплазма түйіршіктеніп ыдырайды (плазмарексис). Ақырында жасушаның 
мембраналық құрылымдары қирап, өзі суланып (гидратация), цитоплазмасы 
гидролиздік жолмен ериді (
плазмализ
). Еру үдерісі бірде жасушаны түгел 
жайласа (цитолиз), енді бірде, оның бір бөлігінде ғана байқалады 
(
колликвациялық фокал некроз
, яғни 
баллондық дистрофия;
28-сурет, б-ны 
қара). Фокал некроз кезінде жасушаның сыртқы мембранасы толық қалпына 
келуі мүмкін. Жасушаның ядросы мен цитоплазмалық өзгерістер (коагуляция, 
плазмарексис, плазмализ) лизосомадағы некроздан жанданған гидролиздік 
ферменттер әсерінің морфологиялық бейнесі болып табылады. 
44-сурет. Ядроның некроздық өзгерістері:
а — кариопикноз; ядро (Я) кішірейген, кариоплазманың 
электрондық тығыздығы жоғары, ядрошығы көрінбейді; цитоплазмада вакуольдер көп (В), 
митохондриялар (М) гомогенді, Гольджи кешені (ГК) кішірейген; ЭТ — эндоплазмалық тор. 
Электронграмма. 17 500 (В.Г. Шаровтан); б — кариорексис. Талақ фолликулының қайталамалы 
сүзек кезіндегі некрозы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет