Нуржігіт Алтынбеков
96
Нуклеин қышқылдары кейін деполимерленеді.
Цитоплазманың
белоктары
қалпынан тайып (денатурация),
коагуляция орын алады; ультрақұрылымдары
жойылады. Бұл өзгерістер жасушаның бір бөлімін ғана қамтып,
кейін
аластатылатын –
коагуляциялық фокал некроз
немесе жасушаны түгел жоятын –
цитоплазманың коагуляциясы
орын алуы мүмкін. Біраз жағдайда коагуляциялы
цитоплазма түйіршіктеніп ыдырайды (плазмарексис). Ақырында жасушаның
мембраналық құрылымдары қирап, өзі суланып (гидратация), цитоплазмасы
гидролиздік жолмен ериді (
плазмализ
). Еру үдерісі бірде жасушаны түгел
жайласа (цитолиз),
енді бірде, оның бір бөлігінде ғана байқалады
(
колликвациялық фокал некроз
, яғни
баллондық дистрофия;
28-сурет, б-ны
қара). Фокал некроз кезінде жасушаның сыртқы мембранасы толық қалпына
келуі мүмкін. Жасушаның ядросы мен цитоплазмалық өзгерістер (коагуляция,
плазмарексис, плазмализ) лизосомадағы некроздан жанданған гидролиздік
ферменттер әсерінің морфологиялық бейнесі болып табылады.
44-сурет. Ядроның некроздық өзгерістері:
а — кариопикноз; ядро (Я)
кішірейген, кариоплазманың
электрондық тығыздығы жоғары,
ядрошығы көрінбейді; цитоплазмада вакуольдер көп (В),
митохондриялар (М) гомогенді, Гольджи кешені (ГК) кішірейген; ЭТ — эндоплазмалық тор.
Электронграмма. 17 500 (В.Г. Шаровтан); б — кариорексис. Талақ
фолликулының қайталамалы
сүзек кезіндегі некрозы.
Достарыңызбен бөлісу: