Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет308/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   832
Байланысты:
струков патан

қосжақтаулы қақпақшаның 
кемістігі
,
яғни 
митралдық кемістік
. Ол көбінесе ревматизмнен, кейде 
атеросклероздан дамиды. Оның үш түрі бар: 1) қақпақшаның жақтаулары 
жеткіліксіз; 2) сол жақ жүрекше-қарыншааралық (митралдық) тесік қана 
тарылатын және 3) жақтау жеткіліксіздігі мен тесік тарлығы қосарлана дамитын 
(митралдық ауру). Дербес кемістік түрінде қақпақша жеткіліксіздігі сиректеу, 
ал стеноз жиірек байқалады. Көбіне осы екі ақау бірі екіншісінен басымырақ 
түрде құрамдаса дамып, ақырында қарынша мен жүрекше арасындағы тесікті 
тарылтады. 
Қайталамалы 
ревматизмнен 
(эндокардиттен) 
зақымдалған 
қақпақшаны қан ағысының әсері одан әрі жарақаттап, гиперплазиялық 
үдерістер бүлдіре түседі, сондықтан склероз өршіп, кемістік тез қалыптасады. 
Гиперплазияның нәтижесінде қақпақшада қан тамырлары пайда болып, дәнекер 
тін көбейеді, тыртықтанып, кейде ізбестеніп, қатайған қақпақшаның 
жақтаулары шорланып, бірігеді. Жүрекше-қарыншааралық тесіктің фиброзды 
сақинасы да шорланып, ізбестенеді. Хордалардың желісі шорлана келе 
жуандап, қысқарады. Митрал кақпақшаның 
жеткіліксіздігі 
басымырақ болса, 
диастола кезінде қан кері ағып, сол жақ қарыншаны кернейді. Қарыншаның 
іргесінде компенсациялық гипертрофия өрістеп, ол қалыңдайды. 
Митралдық қақпақшаның көбінесе фиброзды сақина тұсы 
тарылады 
(стеноз)
. Тарыла келе митралдық тесік «түйме тесікті» немесе «балық ауыз»
саңылауға айналады (140-сурет). Кейде оған пинцеттің ұшы әзер сияды. 
Митралдық тесік тым тарылса, қанның кіші қанайналымындағы ағысына 
кедергі туып, сол жақ жүрекше кеңіп, оның іргесі қалыңдайды; эндокард 
шорланып, ақшыл тартады. Кіші қанайналымы шеңберіндегі гипертонияның 
салдарынан оң жақ қарыншаның іргесі де тым қалыңдап (1—2 см дейін), оның 
да қуысы кеңиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет