Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет311/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   832
Байланысты:
струков патан

ЖҮРЕКТІҢ ТУМА КЕМІСТІКТЕРІ 
Жүректің тума кемістіктері
жүректің өзі немесе одан бастау алатын 
тамырлар дұрыс қалыптаспағандықтан дамиды («
Балалық шақ ауруларын
» 
қара
). 
Кардиосклероз 
Кардиосклероз
— жүректің бұлшықетті қабатында дәнекер тіннің көбейіп 
кетуі. Ол, — әдетте басқа аурулардың салдары ретінде дамитын, салдарлық 
үдеріс. 
 Патологиялық анатомиясы.
Кардиосклероздың ошақты және диффузды 
түрі бар. 
Кардиосклероз ошақты
болса, жүрек бұлшықетінде көлемі әртүрлі 
ақшыл тыртықтыр пайда болады. Ошақты тыртық көбінесе миокард 
инфарктісінің орнында қалыптасады. Кейде тыртықты ошақ жүрек 
бұлшықетінің барлық қабатын жайлап, көлемді болады да (
ірі ошақты
кардиосклероз
), ол жерлер қалталана кеңіп, созылмалы аневризмаға (грекше: 
аneuryno
— кеңею) айналады. Тыртықтың төңірегіндегі миокард қалыңдайды 
(регенерациялық гипертрофия)
. Кардиосклероздың жиірек түрі — 
ұсақошақты 
кардиосклероз
. Оның даму барысында жүректің бұлшықетті қабатындағы 
тамырлардың төңірегін қоршап, ақшыл түсті ұсақ ошақтар мен жолақтар 
қалыптасады. Олар гипоксияның салдарынан дистрофия мен атрофияға 
шалдыққан немесе мүлде жойылған бұлшықеттік жасушалардың орнында өскен 
дәнекер тін талшықтарынан түзіледі. 
Кардиосклероз диффузды (миофиброз)
болса, дәнекер тін жүректің бұлшықетті қабатында тым көбейіп, строма 
біркелкі қалыңдайды. Көбейген дәнекер тін бұлшықет талшықтарын орап 
алады, сығымдап, атрофияға ұшыратады. 
Морфогенездік
тұрғыдан, кардиосклероз 
постинфарктілік
(инфарктіден 
дамыған), 
қалпына келтіретін
және 
миокардиттік
деп үш түрге бөлінеді. 
Постинфарктілік кардиосклероз, әдетте ірі ошақты, ал қалпына келтіретін — 
ұсақ ошақты болса
миокардиттік
— жүрек бұлшықетін біркелкі қамтып, 
диффузды
(
миофиброз
) өрістейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет