Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет343/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
289
аурудың екі нысаны да жүректің кақпақшалары мен артерияларын 
зақымдамайды. 
2. 
Дилатациялық 
(конгестивтік) 
кардиомиопатия
вирустық 
миокардиттен (Коксаки вирусының әсерінен) өрістейтін сияқты. Кейде ол вирус 
пен алкоголь қосылып әсер еткенде дамиды. 
Дилатациялық кардиомиопатия кезінде жүректің бұлшықеті шамалы ғана 
қалыңдап, қарыншалары мен жүрекшелері күрт кеңейеді. Жүректің массасы, 
әсіресе сол жақ қарынша есебінен өсіп, жалпы кескіні шар тәрізді болады. 
Миокард жұмсарып, көмескі тартады, оны дәнекер тіннің ақшыл түсті 
жолақтары жайлап кетеді, ұлғайған және семген кардиомиоциттер аралас 
жайғасады. Жүректің қақпақшалары мен артериялары зақымдалмайды, 
қуыстарынан көбінесе тромбылар табылады. 
3. 
Рестрикциялық кардиомиопатияны
кейбір авторлар Лефлердің 
париеталдық эндокардитінен туындайтын ауру деп есептейді, бірақ бұл пікір 
толық дәлелденбеген. Біріншілік кардиомиопатияның бұл нысанында көбіне 
сол жақ карыншаның, кейде оң жақ қарыншаның 
эндокардында
диффузды яки 
ошақты 
фиброз
дамып, үдеріс қосжақтаулы қақпақшаның артқы жақтауын да 
қамтиды. Қарыншалардың қабырғасында тромбылар түзіліп, беріштенеді. 
Эндокард кейде тым (3—5 см дейін) қалыңдап, қарыншалар тарылады 
(облитерация). 
САЛДАРЛЫҚ КАРДИОМИОПАТИЯЛАР 
Салдарлық кардиомиопатияны
дамытатын себептер алуан түрлі, сондықтан 
оның морфологиялық бейнесі де әр алуан. Дегенмен, оның этиологиясы қандай 
болса да, морфологиялық бейнесі кардиомиоциттер дистрофиясына негізделеді. 
Салдарлық кардиомиопатиялар тобының ең маңызды нысаны — 
алкогольдік 
кардиомиопатия

Алкогольдік кардиомиопатияның 
патогенезі
этанолдың биологиялық 
әсерімен тығыз байланысты: этанолдың өзі мен оның метаболиті — 
ацетальдегидтің кардиомиоциттерге тікелей әсері бар. Сондай-ақ, алкогольдің 
қанайналымын өзгертіп, гипоксия дамытатыны, ал катехоламиндердің 
миокардты зақымдайтыны да күмәнсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет