Нуржігіт Алтынбеков
622
Тіс пен жақ жүйесінің және ауыз қуысы
мүшелерінің аурулары
Тіс пен жақ жүйесінде және ауыз қуысындағы мүшелерде дамитын аурулар
өте көп және алуан түрлі. Олар тұқымқуалайтын немесе тума болуы мүмкін,
бірақ көбінесе жүре пайда болады.
Классификациясы
. Бұл аурулар мына топтарға жіктеледі: 1) тістің қатты
тіндерінің аурулары; 2) тістің пульпасы (ұлпасы) мен периапикалдық тіндерінің
аурулары; 3) қызылиек пен пародонттың аурулары; 4) жақсүйектерінің
аурулары; 5) сілекей бездерінің аурулары; 6) еріннің, тілдің, ауыз қуысының
жұмсақ тіндерінің аурулары. Бұл тарауда тек жиі кездесетін аурулар ғана
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: