Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Тым қажумен байланысты дамитын кәсіптік аурулар



Pdf көрінісі
бет789/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   785   786   787   788   789   790   791   792   ...   832
Байланысты:
струков патан

Тым қажумен байланысты дамитын кәсіптік аурулар 
Тым қажумен байланысты аурулар
әртүрлі кәсіптік мамандықтарға қатысты 
болады. Оларды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады: 1) шеткі жүйкелер мен 
бұлшықеттердің аурулары; 2) тірек-қимыл аппаратының аурулары; 3) аяқтың 
веналарының аурулары; 4) дыбыстық аппараттың аурулары. 
Бірінші топқа
невриттер, мойын-иық плекситі, мойын-кеуде және бел-
сегізкөз радикулиті, қолдың миозиті, миофасцит пен нейромиофасцит жатады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
621
Екінші топ
тендовагинитті, стилоидитті, «білезіктік арнаның синдромы» мен 
«саусақтың кілтетпелі синдромын», созылмалы артрит пен артрозды, омыртқа 
жотасының әр жерінің остеохондрозын, тағы басқа да ауруларды қамтиды. Тым 
қажудан дамитын кәсіптік аурулардың 
үшінші тобы
аяқтың веналарының 
буылтықтанып (варикозды) кеңеюі мен тромбылы флебиті. 
Ал, 
төртінші топты
созылмалы ларингит, дыбыстық сіңірлердің 
түйіншектері («әншілер түйіншегі»), дыбыстық сіңірлердің жанаспа (контактілі) 
ойық жаралары құрайды. 
Биологиялық факторлардың әсерінен дамитын кәсіптік 
аурулар 
Бұл топқа себебі белгілі бір кәсіппен байланысты инфекциялық және 
паразиттік аурулар жатады. Олар: туберкулез, бруцеллез, тулеремия, сап 
(маңқа), күйдіргі, кенелік энцефалит, орнитоз, токсоплазмоз, саңырауқұлақтық 
аурулар, т.б. 
(«Инфекциялық ауруларды»
қара). 


Нуржігіт Алтынбеков 
622

Тіс пен жақ жүйесінің және ауыз қуысы 
мүшелерінің аурулары 
Тіс пен жақ жүйесінде және ауыз қуысындағы мүшелерде дамитын аурулар 
өте көп және алуан түрлі. Олар тұқымқуалайтын немесе тума болуы мүмкін, 
бірақ көбінесе жүре пайда болады. 
Классификациясы
. Бұл аурулар мына топтарға жіктеледі: 1) тістің қатты 
тіндерінің аурулары; 2) тістің пульпасы (ұлпасы) мен периапикалдық тіндерінің 
аурулары; 3) қызылиек пен пародонттың аурулары; 4) жақсүйектерінің 
аурулары; 5) сілекей бездерінің аурулары; 6) еріннің, тілдің, ауыз қуысының 
жұмсақ тіндерінің аурулары. Бұл тарауда тек жиі кездесетін аурулар ғана 
берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   785   786   787   788   789   790   791   792   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет