Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет57/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
8)Эндокринді функция. Бауыр нәруыздарды және тағы басқа заттарды синтездеп қанға өткізіп 
отырады. Барлығы осы функциялар жалпы алғанда бауырдың тіршілікке маңызды ағза екенінің 
білдіреді. Бауырдың алып тасталуы немесе қатты патологиялық процесстерге ұшырауы 
тіршілікпен сыйыспайтын салдарға алып келеді. 
Дамуы. Бауыр эмбриогенездің 3-ші аптасында денелік ішегінің энтодермасынан дами бастайды. 
Ағза қаланған аймағында денелік ішек қалындап, төмпешік қалыптастырады, сол бөлік бауыр 
шығанағы деп аталады. Өсу барысында бауыр шығанағы екіге бөлінеді: жоғарғы –краниалды және 
төменгі –каудалды бөліктеріне. Краниалды бөлігінен – бауыр және бауыр түтігі, каудалды 
бөлігінен –өтқабы мен өтүтігі қалыптасады. Краниалды бөлігі жылдам өседі, оның жасушалары 
тәжілерді түзеді, тәжілердің аралығына мезенхимадан дамыған синусоидті капиллярлар енеді. 
Мезенхимадан сондай-ақ капсула және бөлікшеаралық дәнекер тін дамиды, оның дамуымен қатар 
бауырдың құрылым-қызметтілік бірліктері –бөлікшелер пайда болады. 
Бауырдың құрылысы. Бауыр паренхиматозды ағза. Оның стромасы: а) көк етпен тұтасып кеткен 
дәнекертінді капсуладан ( Глиссон капсуласы), және б)ағзаны бөлікшелерге ажырататын БТДТ 
қабаттарынан тұрады. Бөлікшелер – бауырдың құрылым-қызметтілік бірліктері. Бөлікшелердің 
ішінде строма гемокапиллярлар және бауыр балкаларының аралығында орналасқан ретикулярлы 
талшықтардан түзілген. Қалыптыда адам бауырында бөлікшеаралық дәнекер тіні нашар дамыған, 
сондықтан бөлікшелердің шекаралары айқын белгіленбейді. Цирроз ауруы кезінде дәнекер тіннің 
қабаттары қалындап кетеді. 
Бауыр бөлікшесінің құрылысы. Бауырдың паренхимсы классикалық бөлікшені қалыптастыратын 
гепатоциттерден түзіледі. Классикалық бөлікше– бауырдың құрылымқызметтілік бірлігі Оның 
пішіні алтықырлы призмаға ұқсаған. Бөлікшенің ені 1 -1,5 мм, биіктігі -3 -4 мм. Бөлікшенің шеті 
бөлікшеаралық кеністікке қарап жатады, онда триадалар (бөлікшеаралық артерия, вена және өт 
түтігі), сондай-ақ лимфалық тамырлар және нерв бағаналары болады. Бөлікшенің ортасында 
орталық вена (бұлшықетсіз вена) орналасады. Бөлікшенің негізін бауыр балкалары құрайды. Олар 
бір бірімен десмосома арқылы байланысқан гепатоциттердің екі қатарынан түзілген. Балкалардың 
аралығында бөлікшеішілік синусоидті қан капиллярлары өтеді. Синусоидті капиллярлардың 
қабырғасы жалпақ эндотелиоциттерден тұрады, олар зат алмасу процесстерге қатысады, 
эндотелиоциттердің бір бірімен қосылған аймақтарында ұсақ саңылаулар болады. 
Бұл аймақтар саңылаулы аймақтар деп аталады. Эндотелиалды жас-ың аралығында көптеген 
жұлдызша макрофагтар орналасады (синусоидтардың барлық жас-р санынан 25% алады), олар 
қорғаныштық функцияны атқарады ( бактерияларды ыдыратады,ескі эритроциттердің 
фагоцитозын қамтамасыз етеді, иммуннды реакцияларға қатысады). Жұлдызша макрофагтарға 
және эндотелиалды жас-ға синусоид қуысы жағынан шұнқырша жас-р (pit-жас-р, 5%) бекітіледі, 
олардың нақты киллерлік қасиеттері болады және олар эндокринді функцияны атқарады. Бауыр 
аурулар кезінде олар киллерлер секілді зақымдалған гепатоциттерді жояды, ал жазылған кезде 
эндокринноциттер секілді гепатоциттердің көбеюін ынталандырады. 
Капиллярлар перисинусоидалды кеністікпен (Диссе кеністігі) қоршалған, ол эндотелиалды жас-ды 
гепатоциттерден бөліп тұрады. Бұл кеністіктерде қан плазмасы компоненттері болатын сұйықтық, 
макрофагтардың, гепатоциттердің , өсінділері, аргирофилді талшықтар және перисинусоидалды 
липоциттердің (Ито жас-ң) өсінділері болады. Перисинусоидалды липоциттер (25% ) гепатоциттер 
аралығында орналасады, олардың цитоплазмасында майда май бөлшектері болады. Негізгі 
функциясы – майда еритын витаминдерді жинақтайды. Олардың саны бауырдың созылмалы 
ауруларында көбейіп кетеді. Патология кезінде бұл жас-р фибробластар секілді жасушааралық 
затты бөле бастайды (бұл цирроз ауруы кезінде орын алады). 
Бауыр балқалардың құрылысы. Бауыр балкалары бір бірімен десмосома арқылы байланысқан 
гепатоциттерден тұрады. Бауыр балкаларында гепатоциттер екі қатар түзіп орналасады. Бауыр 
балкаларды шеткі бөлімдері деп санайды, өйткені гепатоциттер глюкозаны, нәруыздарды және 
тағы бір қатар зат-ды секрециялайды. Гепатоциттер қатарларының аралығында, балкалардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет