О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Ресми  құжатқа  тән  белгілер



Pdf көрінісі
бет223/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   239
Ресми  құжатқа  тән  белгілер:  мазмұнының  қысқа  әрі 
тұжырымды  баяндалуы;  тұжырымдардың  дәл,  нақты  болуы; 
сөздер  мен  терминдердің  нақты,  тура  мағынасында  пайдаланы-
луы; терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; терминнің ең 
қолданылу жиілігі; жоғары қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық 
нормалардың қатаң сақталуы
Тапсырыс – мекемеаралық қажетті заттарды алуға арнайы бланк 
түрінде толтырылатын құжат.
Телефонхат  телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық 
сипаттағы құжат.
Түйіндеме (Резюме) – француз тілінен алынған термин. «Айтылған 
я  жазылған  мәселенің  қысқаша  түйіні»  деген  мағына  береді.  Резю-
ме  –  белгілі  бір  тұлғаның  өмірбаяны,  білімі,  мамандығы,  кәсіптік 
шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін 
ісқағазының бір түрі.
Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға 
тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар 
екендігіне сеніп берілетін ісқағазының түрі.
Cтиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді 
білдіреді. 
Стилистика  –  тілдің  қолданылу  заңдылықтарын  зерттейтін 
ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасы.
Ұсыныс – белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің 
жұмысын жақсартуға, жетілдіруге назар аударатын, осыған байланыс- 
ты қойылған міндеттерді шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама 
түрі.
Хабарландыру – мәжіліс, жиналыстар, мәдени шаралар, тендер-
лер, вакансиялар туралы мәлімдейтін құжат.
Хаттама  жиналыстарда,  кеңестерде,  конференцияларда  және 
алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім 
шығарудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет