1-cабақ ІСҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН СИПАТТАРЫ Ісқағаздарының қызметтері: - жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші; - әртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші; - мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші; - жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы; - мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші; - тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі; - мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші; - мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. Ісқағаздарының сипаттары: - саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
- әлеуметтік (қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
- ұйымдастырушылық (басқару қызметі жүйесінде);
- құқықтық (заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
- тарихи (әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай
қатынастарда);
- ресмилік (міндетті түрде заңды тұрғыда тіркелуінде).
Құжаттау үдерісінің элементтері:
1. құжаттарды дайындау;
2. құжаттарды жолдау, тіркеу;
3. сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
4. құжаттарды қолдануға дайындау;
5. құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;
6. құжаттарды мұрағат қорына дайындау.