О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет7/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

«Жеті жарғы»
Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы:
–  қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу 
(ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);
–  ұрлық,  қарақшылық,  зорлық-зомбылыққа  өлім  жазасы  кесіледі, 
жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
–  денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100 
қой, шынашақ – 20 қой);
–  төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
–  егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары 
кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат 
әйел жасаса, жазадан босатылады);
–  егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;
–  ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал ана-
сы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
–  өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;
–  егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес 
айлық  бала  үшін  –  бес  ат,  5  айдан  9  айға  дейінгі  балаға  –  әр  айына  1 
түйеден (анықтама үшін 10 түйе – 300 атқа немесе 1000 қойға тең);
–  әйел  зорлау  кісі  өлтірумен  бірдей  қылмыс  болып  есептеледі. 
Мұндай  қылмыс  үшін  еріне  немесе  қыздың  ата-анасына  құн  төленуге 
тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан боса-
тылады;
–  егер ері әйелін көзіне шөп салуда ұстаса, өлтіруге құқылы, бірақ 
қылмысты  сол  сәтінде  жария  етуге  тиіс,  әйелін  көзіне  шөп  салды  деп 
күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз 
деп табылып, жазадан босатылады;
–  біреудің  әйелін  күйеуінің  келісімінсіз  алып  қашқан  адам  өлім- 
ге  бұйырылады  немесе  ердің  құнын  төлейді,  егер  әйелдің  келісімі- 
мен  әкетсе  күйеуіне  қалың  төлеп,  қосымшасына  қалыңсыз  қыз  беруге 
тиіс;
–  әйелді  ренжіткен  адам  одан  кешірім  сұрауға  тиіс,  сұрамаса 
арсыздығы үшін айып салынады;
–  қан  араластыру  (жеті  ата  ішінде)  өлімге  немесе  ағайындар 
белгілеген жазаға бұйырылады;
–  құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
–  кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;
–  құл өмірі құнсыз, ол – қожайынның билігінде;
–  ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара 
сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, 
ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
–  ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;


8
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
–  ерінің  ұрлығын  біле  тұра  хабарламаған  әйел  мен  баласы  жазаға 
тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;
–  өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;
–  барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;
–  дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;
–  куәлікке екі немесе үш адам жүреді;
–  билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;
–  егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы 
барымтамен алуға болады;
–  ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет