Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпыадамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті тәрбиелеу
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту;
- балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы
- мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;
- баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға
ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, келесі міндеттерді орындайды:
балалардың денсаулығы мен психикасын нығайту;
балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу;
рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру;
балалардың жеке қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту;