Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет16/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   302
 
Қосымша №1 
Сабақтың  тақырыбы:  Адам  ӛмірінің  тарихы,  оның  биологиялық 
және әлеуметтік жағдайы 
Мақсаты:  Адамның  эволюциясына  биологиялық  және  әлеуметтік 
факторлардың әсерін кӛрсету, евгеника туралы түсінік. 
Адамның  эволюциясы,  жалпы  алғанда,  оның  ӛмірінің  барлық 
кезеңдерінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам ӛмірінің 
әлеуметтік  жағына  қатысты,  ал  биологиялық  эволюцияға  келсек,  адам 
жануарлардан  бӛлініп  шықаннан  кейін  ӛлшешуші  рӛл  атқармайтын 


11 
 
болғаны сӛзсіз. Енді адамның эволюциясына оның ӛмірін мәдени жағынан 
ұйымдастыру,  яғни  қоғамдық  ӛндірістің  тәсілі,  еңбек  қызметінің дамуы, 
тұрмыс  жағдайлары  тағы  басқа  шешуші  әсер  ететін  болды.  Тіпті 
денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның кӛмегі арқасында қоғам ӛміріне 
белсене қатыса алады. 
Табиғи  сұрыпталудың  күші  қоғам  ӛмірінде  барған  сайын  әлсіреуде, 
ӛйткені  денсаулық  мекемелері  және  басқа  әлеуметтік  институттар  жеке 
адамдардың  биологиялық  жағынан  ӛзгергіштігін  ұдайы  әлсіретеді. 
Мысалы,  Еуропада  адамның  құрт  ауруынан  ӛлімі  1840  ж.1млн  адамнан 
4000 адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана ӛлетін болды, ал бұл 
құрт ауруының  емдеуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік 
тоқтады  деуге  болады.  Мұндай  мысалдарды  басқа  аурулар  бойынша  да 
келтіруге болады. 
Бүгін  таңда,  бір  жағынан,  сұрыпталудың  салдарынан  болатын 
генетикалық  ӛзгерістің  ӛте  баяулауы  және  адамның  түрліше  топтарының 
арасындағы  генетикалық  ұқсастықтың  күшеюі  байқалса,  ал,  екінші 
жағынан, мәдиниет пен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі, әлеуметтік 
ӛзгерістердің  аса  жылдамдауы  байқалады-мұның  бәрі  адамзат  қоғамында 
жүріп  жатқан  мәдени эволюцияның  кӛрсеткіші  болып  табылады. 
Сондықтан  қазіргі  адамның  эволюциясында  мәдениет  шешуші  рӛл 
атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, ӛйткені кӛптеген елдерде саяси, 
экономикалық  және  әлеуметтік  ӛзгерістер  адамдардың  тұрмыс 
жағдайларын  жақсартып,  денсаулығының  нығаюына  алып  келді,  ал  бұл 
адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды. Егер 
жануарлар  үшін  табиғи  сұрыпталу эволюцияның  басты  факторы  болса, 
адам  үшін  оның  рӛлі  генофондыны  (геннің  қорын)  сақтауда  және 
денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық ӛзгерістерді болдырмауда ғана. 
Табиғи  сұрыпталу  адамда  негізінен  ұрықтық  клетка  деңгейінде 
болады.  Балалар  негізінен  генетикалық  тұрғыдан  дені  сау  клеткалардан 
туады.  Мұның  дәлелін  ата-аналардың  жыныстық  клеткаларының  ірі 
генетекалық  бұзылысқа  ұшырауы  салдарынан  кӛп  жағдайда  ұрықтанған 
тұқым  клеткалары  даму  басталған  алғашқы  кезде-ақ  ӛліп  кететін 
фактілерінен кӛруге болады. 
Адамның әлеуметтік бейнесінің ӛзгеруімен бірге оның биологиялық 
табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде ӛзгере ме? Денесі мен ақыл-
ойы  жағынан  адамның  жаңа  ұрпағы  бұрынғыларынан  гӛрі  дамығандай 
болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін. 
Алдымен  дене  құрылысы  жағынан  алып  қарасақ,  Homo  sapiens 
түрінің  даму  тарихы  барысында  оның  дене  құрылымы  мен  денсаулығы 
айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа ӛмір жасы ӛсті. Ертедегі 
дүние  азаматтың  орташа  жасы  20-22жыл  болған  болса,  XVIII  ғасырда  30 
жасқа дейін ӛсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа 
елдерінде  ортша  жас  шамамен  56  жылға  жеткен  болса,  бүгін  таңда  75-78 
жасқа  жетіп  отыр.  Ал  социологиялық  және  медицинлық  зерттеулерге 


12 
 
қарағанда, қазіргі адамның «қалыпты» орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс 
екен. 
Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 
жылдары  ӛскен  жастардың  бойы  30-40  жылдарда  ӛскен  жастардың 
бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың 
бойы  одан  бұрынғы  60-70  жылдардағы  жастардың  бойынан  5-7  см-дей 
ұзын  кӛрінеді.  Бұл,  әрине,  ең  алдымен  әлеуметтік  тұрмыс  жағдайымен 
жақсаруының алдары деуге болады. 
Сонымен  бірге  ойлаудың  басты  органы  болып  табылатын  мидың 
эволюциясын  растайтын  мәлеметтер  де  бүгінгі  таңда  жоқ.  Мидың 
эволюциясының  тоқтағанын  тікелей  негіздейтін  дәлел  болмағанымен, 
бірақ  Homo  sapiensпайда  болғаннан  бергі  30-40  мың  жыл  ішінде  оның 
мӛлшері ӛзгермей келе жатқаны жанама дәлел бола алады, ал оғандейінгі 
адам  тектес  маймылдардың  эволюциясы  кезінде  олардың  миы  үнемі 
дамып,  ӛсіп  отырған  болатын.  Мысалы:  австралопитектің  миының 
мӛлшері  500-600  см
3
 болған  болса,  питекантроптың  миы  900см
3

синантроптардың миы 1000 см
3
 –ге дейін болады. Ал қазіргі адам миының 
орташа  мӛлшері  ересектерде-1400см
3
,  әйелдерде-1270см
3
.  Сонымен  қатар 
адамның  жеке  басының  дарындылығы  оның  миының  мӛлшеріне  тікелей 
тәуелді бола бермейді. 
Сонымен 
антропогенез 
процесінің дамуы 
адам 
түрінің 
қалыптасуының  аяқталуымен  тоқтайды.  Ал  ол  бұдан  30-40  мың  жылдай 
бұрын  болған.  Сол  уақыттан  бастап  адам  эволюциясының  шешуші 
факторы  ретінде  топтық  сұрыпталудың  әсері  де  тоқтайды.  Осы  кезден 
бастап  эволюция  әлеуметтік  ӛмірмен  байланысты  іске  асып,  адамның 
болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін 
адамның  ақыл-ойы  және  саналы  іс-әрекеті  құрады.  Сондай-ақ  адам  мен 
қоғамның  пайда  болуына  байланысты  генетикалық  информация  адамның 
ӛмірінде  жетекші  маңызынан  айырылып,  оның  орнына  әлеуметтік 
инфомация келгенін атап айту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет