Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет17/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   302
Сабақтың тақырыбыАдамның табиғаттағы орны 
Мақсаты:  Адамның  табиғаттағы  орны,  қазіргі  кездегі  табиғатқа 
әсері туралы мағлұмат беру. 
Адам  баласы ӛзі  пайда  болған  алғашқы  кезде табиғатқа тәуелді 
болды.  Табиғатқа  табыну  алғашқы  қауымдық  қоғамда  басты  орын  алды. 
Бірте-бірте 
халық 
санының 
артуы, 
шаруашылық 
салаларының 
дамуы, ӛнеркәсіптің ӛркендеуі  адамның  табиғатқа  ықпалын  арттыра 
түсті. Орманды жерлердің  ӛртелуі,  кәсіптік  мәні  бар жануарлар санының 
азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. 
Бір  кезде  "табиғатты  таусылмайтын  қазына"  деп  есептеп,  "табиғаттың 
бермесін  тартып  алу"  деген  теріс кӛзқарастардың әсерінен  табиғат  талан-
таражға  түсті.  Табиғат  заңдылықтарын  ескермей  жүргізген  іс-
әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның ӛз 
тіршілігіне де зор қауіп тӛндіріп отыр. 


13 
 
Әрбір 
халықтың 
табиғатқа 
деген 
қарым-
қатынасы, жанашырлық сезімі  тарихи  дәуірлерде  қалыптасады.  Қазақ 
халқы  ұлан  байтақ  даланы  ғасырлар  бойы  мал  шаруашылығына  дұрыс 
пайдалана  білді.  Әрбір  түліктің  ӛзіне  тән  ӛрісін  де  тандай  біліп, 
жазда жайлауға,  қыста қыстауға,  т.б.  орын  ауыстырып  тұруы  табиғатқа 
деген  қамқорлығының  құнды  кӛрінісі.  Халқымыз  кең  байтақ 
жайылымдарды  жыл  мезгілдеріне  сай  дұрыс  әрі  тиімді  пайдалана  білген. 
Халқымыздың 
асыл 
азаматы Міржақып 
Дулатұлы 1910 жылы 
жазған мақаласында тӛрт  түлік  малдың халық  ӛміріндегі  алатын  орнын 
ерекше атап кӛрсеткен. 
"Мал  оның  күнкӛріс  кӛзі.  Оның  барлық  мүддесі  мал  тӛңірегінде, 
игілікті  ӛмірге  қолын  жеткізетін  иен  дәулеті  де  осы  мал  байлығы... 
Табиғаттың  кейбір  заңдылығын  бақыламай,  білмей  отыра  алмайды",  — 
деген  ойлары  ӛте  орынды  айтылған.  Бір  кезде  халқымыздың  кӛзінің 
карашығындай  корғап  келген жайылымдарының казіргі  тағдыры  мүлде 
сын кӛтермейді. 
1954 жылы  басталған тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру деген 
жаңсақ  ұранмен  миллиондаған  гектар  жайылымдар  босқа  жыртылды. 
Ондай  жерлерде  алдын  ала  ғылыми  зерттеулер  жүргізілмеді  және  әрбір 
аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді. 
Ғалымдардың  деректері  бойынша Қазакстанда 180  млн  га  мал 
жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га 
жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде 
еліміздің  солтүстік  аймақтарындағы  шұрайлы  жерлер  эрозияға  (желдің 
әсерінен)  ұшырап,  не  егін  егуге,  не  мал  жайылымына  жарамай  қалды. 
Мұндай  мысалдарды Жер  шарының басқа  аймақтарынан  да  келтіруге 
болады. 
БҰҰ 
сарапшыларының 
мәліметі 
бойынша, 
Жер 
шарындағы құрлықтың 30%  алқабы  қазіргі  кезде  техногендік  әсерден 
шӛлді  аймаққа  айналған.  Бұл  кӛрсеткіш  жыл  сайын  6  млн  г-ға  ӛсіп 
отырғаны да белгілі. 
Ӛнеркәсіптің ӛркендеуіне  байланысты  пайдалы  қазбаларды  ӛндіру 
кезінде  жылына  100  млрд  т-дан  астам  тау  жыныстары  қопарылады.  Осы 
жер  қойнауынан  алынатын  шикізаттың  бар  болғаны  10%-ы  дайын  заттар 
жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналады. 
Адамның 
ойланбай 
жасалған 
іс-әрекеттерінің 
әсерінен 
жануарлардың  кӛптеген  түрі  жойылған. 1600 жылдан  бастап  қазіргі  кезге 
дейін құстардың 162, сүтқоректілердің 100-ге жуық түрі біржола жойылып 
кеткен. Олардың кӛпшілігінің жойылуына тікелей адамдардың шектен тыс 
аулауы әсер еткен. 
Кейде ӛсімдіктер мен жануарларды бір  жерден  екінші  жерге  алдын 
ала  ойланбай  жерсіндіру  де  пайдалы  бола  бермейді.  Мысалы,  Аустралия 
жерінде  жабайы  қояндардың  кӛбейіп  кетуі,  кактустың  қаптап  ӛсуі  ауыл 
шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде. 


14 
 
Қоршаған ортаның ӛнеркәсіп орындарынан, кӛліктерден, тұрмыстық 
ӛажетінен бӛлінген улы газдардан ірі қалалардың ауасы ластануы кең ӛріс 
алуда. 
Соңғы  кезде  ауаның радиоактивті  заттармен кӛптеп  ластануы 
адамзатты 
кӛбірек 
толғандырып 
отыр. 1986 жылы сәуір айында 
болған Чернобыль  экологиялық  апатынан табиғатқа  орны  толмас  орасан 
зор нұқсан келді. 
Арал  теңізінің кӛлемі  соңғы  40  жыл  ішінде  60%-ға  азайды.  Балқаш 
кӛлінің кӛлемінің кемуі де жылдан-жылға айқын байқалуда. 
Қазіргі  кезде  Қазакстанның  кӛптеген  ӛңірі  экологиялық  апатты 
аймақ  деп  аталады.  Соның  мысалына Семей  полигонын атауға  болады. 
Оның аумағы шамамен 18 мың км
2
 алқапты камтиды. Семей полигонында 
1949—1989  жыл  аралығында  500-ге  жуық  жарылыс  болып,  сынақтар 
ӛткізілген.  Осындай  жойқын  жарылыстардан Семей ӛңірінің  табиғаты  да, 
халқы  да  ӛте  ауыр  зардап  шегуде.  Мұндай  әр  түрлі  деңгейде  жүргізілген 
сынақтар  мен  арнайы  жарылыстар Қазақстанның 34  жерінде  жүргізілгені 
белгілі болып отыр. 
Қазақстанда атом  энергиясын халық  игілігі  үшін  пайдалану 
мақсатында 1963 жылдан 
бастап Ақтау қаласында Каспий 
теңізінің суын тұщыландыру  қондырғысы жұмыс  істейді.  Ол  қондырғы 
"БН—350"  деп  аталады.  Онда  тәулігіне  120—150  мың  м
3
 теңіз  суы 
тұщыландырылады. 
Кӛрнекті  ғалым  В.И.Вернадскийдің  айтуы  бойынша,  адам  қуатты 
геологиялық  күшке  айналып  отыр. Ноосферадағы табиғат  пен  қоғам 
арасындағы  ӛзара  үйлесімділікті  сақтау,  биосфераны  жасампаздықпен 
кӛркейту  жер  бетіндегі  барлық  адамдардың  бірлесе  отырып,  жұмыла 
жұмыс атқаруын қажет етеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет