Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет36/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   302
Байланысты:
Биология факульт курсы

 
Сабақтың тақырыбыЭкологияның адам ағзасына әсері. 
Мақсаты: 
Жер бетіндегі, жалпы ӛмірдегі қоғамның ең құнды, маңызды тіршілік 
иесі – адам екендігіне тоқталу. Адам денсаулығын қорғау мәселелері. 
Жергілікті  жердегі  ірі  ӛндіріс  орындарының  адам  денсаулығына 
тигізетін зияны және зиянды болдырмау жолдарын ұсыну. 
Ӛзектілігі: 
Ӛмірді жалғастырушы да, дамытушы да адам болғандықтан адамның 
ӛмірі мен денсаулығы қазіргі таңда ең маңызды ӛзекті мәселелердің бірі. 
Біздің 
ӛмір 
сүріп 
отырған 
қоғамымызда 
саналылығымен 
ерекшеленіп,  ӛмір  сүру  қабілеті  арқылы  дараланып,  қоғамды  алға  қарай 
ӛркендетіп, ұрпақ жалғастығын дамытып отырған тіршілік иесі – адамның 
пайда болуы ең құдіретті және маңызды мәселенің бірі. Адамның ерекше 
қасиеттері  арқылы  оны  танып  білeге  болады.  Адам  –  еңбегі  мен  қызметі 
арқылы  танылып,  алдымен  ӛзіне  сонан  соң  қоғамға  пайда  әкеледі. 
Жоғарыда айтқандай қоғамды білімі мен шеберлігінің арқасында дамытып, 
ғылым  мен  техниканы,  ӛндірісті  алға  ӛркендеткен  сайын  экологияның 
нашарлауы жаһандық проблема болып отыр. Адам мен табиғат ӛте тығыз 
байланыста болғандықтан экологияның адам ағзасына әсері күшті екендігі 
белгілі. 
Адамның  басты  байлығы  –  денсаулығы.  Дені  сау  адамның  қол 
жеткізер биіктері де кӛп болады. Әр ӛңірдің ӛндіріс кӛздері мен орналасу 
жеріне сай түрлі экологиялық мәселелер бар. «Жақсы ізгі қоғам құру үшін 
ең  алдымен  сол  қоғам  мүшелерінің  денсаулығынан  бастау  керек»  дейді 
ғалымдар 
Адам  жер  жүзіндегі  ең  құнды,  маңызды  тіршілік  иесі.  Себебі,  осы 
ӛмірді  жалғастырушы,  дамытушы  және  болашақтың  иесі  де  адам  болып 
табылады. Дегенмен, адам, қоғам, табиғат және олардың ӛзара байланысын 
қанша зерттесе де таусылмайтын құпияға толы ғажап дүние. 
Жер  бетіндегі  ӛзге  тіршілік  иелерінен  яғни,  жан  –  жануарлардан 
айырмашылығы саналылығымен ерекшеленіп, сӛйлеу және ойлау қабілеті 
арқылы  қалаған  ісімен  айналыса  алатындығында.  Мен,  ӛзімнің  ғылыми 
зерттеуімді  қоғамның  ең  құнды  бӛлігі  адам  туралы  және  қазіргі  кездегі 
адам денсаулығын қорғау мәселелеріне тоқталғым келеді. 
Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин «Адам маймылдан пайда болды» 
десе,  кейбір  елдердің  кӛне  жазбаларында  адам  ғарыштың  бір  бӛлігі 


33 
 
делінген. Қандай пікір айтылып зерттелсе де бір кездері адам пайда болып, 
даму  мен  жетілудің  нәтижесінде  қоғамның,  табиғаттың  ажырамас  бір 
бӛлігіне айналғаны рас. 
Адам  жалғыз  ӛмір  сүре  алмайды.  Адамды  адам  ететін  –  қоғам.  Әр 
адамның  ӛзінің  айналысатын  жұмысы,  сенетін  нәрселері,  ұлтына  сай 
тәрбиесі,  мәдениеті,  салт  –  дәстүрі  секілді  ӛзгеге  ұқсамайтын 
айырмашылығы 
Дүние  жүзінде  қанша  адам  болса,  сонша  тұлға,  сонша  ӛмір,  сонша 
тағдыр  бар.  Қазақ  тілінде  тіршілік  деген  сӛз  бар.  Яғни,  барлық  тіршілік 
иесі тіршілік етеді, демек ӛмір сүруді білдіреді. Бұл дегеніміз еңбек ету, бір 
пайдалы  іспен  шұғылдану,  мағыналы  ӛмір  сүру  және  ӛзінен  кейін  ұрпақ 
қалдыру.  Маған  белгілі  болғандай  адамның  ӛмірі  тұтастай  қызметпен 
ӛтеді.  Ал  адам  қызмет  ету  үшін  және  жасаған  еңбегінен  нәтиже  болсын 
десе, алдымен денсаулығы мықты болғаны жӛн. 
Адам  -  қоғамның  ең  маңызды  бӛлігі  болғандықтан,  оның 
денсаулығын  қорғау  да  қоғамдағы  ең  негізгі  мәселелердің  бірі  болып 
танылады. 
Қалалардағы  фабрика-зауыттардыңқасында  жеке  үйлер  салынып, 
халық ӛмір сүруде. Бұл фабрика, шахталар алдымен табиғатқа, сонан соң 
адам денсаулығына зиян әкелетіні сӛзсіз. Толассыз шыққан түтін де ауаны 
ластап жатыр. 
Сонымен қатар, дүние жүзінде жалпы таза су тапшыболып отыр. Су 
– тіршілік кӛзі. Сусыз ӛмір жоқ. Бірақ, осы біздің ішіп, қолданып отырған 
суымыздың  денсаулығымызға  әкелетін  зияны  бар  ма,  осыны  ойланып 
кӛрсек.  Кейбір  дамыған  елдерде халық  тұтынатын  су  арнайы  тазартылып 
барып, содан соң беріледі екен. 
Деректерге  сүйенсек,  адамдардың  тістерінің  ерте  түрлі  ауруларға 
шалдығуы, судың әсерінен бүйрек ауруларының жоғары кӛп екендігін айта 
кету керек. 
Жоғарыда  айтылған  дәлелдемелер  негізінде  табиғатты  және  адам 
денсаулығын сақтау, қорғау мақсатында тӛмендегідей ұсыныстар бар: 
Табиғатты  қадірлеу,  есепсіз  жер  байлығын  шашпау  керек,  бәрінің 
белгілі бір ӛлшемі бар екендігін ұмытпау қажет. 
Адам  жақсылыққа  жаны  жақын  болып,  денсаулығын  сақтау 
мақсатында салауатты ӛмір сүруді міндет ету. 
Ӛндірістен  қалдық заттардың  ауаға  таралмау  үшін будақтаған  түтін 
шығаратын пештерге тазартқыш фильтрлерді орналастыру. 
Сонымен қатар, халық тұтынатын су да тазартылып фильтр арқылы 
берілсе. 
Ақпарат тарату кӛздері арқылы халық денсаулығына келетін зиянды 
шынайы біліп отыру. 
Таңғы ас алдында бір шай қасық табиғи бал, бір шай қасық қара зере 
майын араластырып пайдалану адам ағзасын жақсартуға септігін тигізеді. 
Сабағымызды  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  мына  даналық  сӛзімен 
түйіндеймін. 


34 
 
«Балам! 
Сен бола кӛр аққа жақ 
Болам десең Адам. 
Адал еңбек берер бақ 
Бассаң соған қадам!!!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет