69
Ана тілі сабағында ертегілер, әңгімелер, мақал-мәтелдер, ал қазақ тілі сабағында дыбыс,
әріп, буын, сөз, сөйлем, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуды үйрету. Жоғарғы
сыныптарда дара және күрделі сөздер, сөйлем мүшелері,
етістіктер, зат есімнің септелуі, тағы
сол сияқты. Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада көрсетілген тақырыптарды меңгерту.
Дүниетану сабағында да қоршаған орта туралы бағдар- ламадағы барлық тақырыптар:
техникалық құрлыс ой мен еңбек, мәдени тарихи мұралармен таныстыру.
Дене шынықтыру сабағының бала денсаулығындағы ақаулықтарға тигізетін пайдасы
мол. Жеңіл дене жаттығулары секіру, тізбек құру, гимнастикалық жаттығулар, бір қатарда
қойылған заттар арасымен жүру, қимылды ойындар. Күнделікті сабақ арасында баланың
ойлауын дамыту үшін, дидактикалық ойындар да өткізіледі. “Орны ауыстырылып берілген
сөздерден сөйлем құрау”, “Жоқ сандарды тап”, “Не қалай дыбыстайды ?”, “Сөз ойла, тез ойла”,
“Кім тапқыр ?”, “Ұйқасын тап”.
Дамуы шектеулі балалардың тәрбиесіне де баса назар аударылады.
Кемтар балалардың ата-аналары
көмекші не арнайы мектептерге,
арнайы интернаттарға
немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның
ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім
беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген
баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер
инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай
да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын
қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай
қалыптастырудың идеологиясы жатыр.
Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып
жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті
оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік
береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар
балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім
беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің
жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік
бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға
ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік
қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне
бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу
және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық
статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға; отбастарын белсенді қатыстыру,
баланың түзетім-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың
емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни,
жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Ол
проблеманы баладан емес, жүйеден көреді. Барлық балалар оқытуға жатады және
мүгедектіктің әлеуметтік моделін қабылдайды. Бұл оқыту түрі оқу жоспарын және білім беру
жүйесінің
методологиясын икемді болуға, әр баланың қажеттілігін ескеруді айтады.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық білім Департаменті жалпы білім беретін мекемелерде
инклюзивтік оқыту шеңберінде шешілетін оның жаңалықтары, әлеуметтік маңыздылығын,
проблеманың қиындығы мен жинақтылығын ескере қолдануға және арнаулы мектептері жоқ
жерлерде келесі ұйымдастыру формаларын: жалпы білім беретін мектептердегі сыныптарда
70
оқыту, яғни толық интеграцияны қолдануға кеңес беретін мектептердегі сыныптарда оқыту,
яғни толық интеграцияны қолдануға кеңес береді.
Инклюзивтік оқыту сыныптары мектеп директорының бұйрығымен әр
балаға оқытудың
сай түрлерінің қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерімен
ашылды. Ақыл және дене дамуының кемшілігінің байқалу дәрежесіне байланысты әр балаға
өз екпінінде даму құқығы берілуі керек. Ерекше қажеттіліктегі балалар жалпы білім
мектептерінің бағдарламасын толық немесе толық емес ауқымды алулары керек. Жалпы білім
беретін мектептер мүмкіндіктері шектелген балалар үшін «өмірлік орнын толтырудың» тәрбие
институты болуы керек. Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге оқыта отырып, бірлестік
қарым-қатынасын, мәдени тәртіп ережелерін үйренуін, әртүрлі әрекетте икемдерін
қалыптастыру маңызды болып табылады.
Баламен және оның ата-аналарымен бірлестік, білім алу орталарын ұйымдастыруда
психологиялық жайлылыққа жағдай жасау инклюзивтік оқытудың ең басты шарты.
Достарыңызбен бөлісу: