Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет42/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Список литературы: 
1.  Выготский Л.С. Мышление и речь. М., 1982. 


62 
 
2.  Захаров А.И.  Предупреждение отклонений в поведении ребёнка.         
3.  Ковалев В.В. Психиатрия детского возраста. М.: Медицина, 1995. 
4.  Косякова О.О. Логопсихология: учебное пособие, Ростов-на-Дону, 2007. 
 
 
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕР 
 
Атаева Кания Сагладиновна, 
Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебінің шағын орталық топ тәрбиешісі 
 
Ойын бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзінің қоршаған ортаны,өмір сүріп 
отырған айналасындағы заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады. 
Белгілі  психолог  Е.А.Аркиннің  пайымдауынша,ойын  және  ойыншық  балалар  өмірін 
сипаттайтын бірден-бір жалпы ұғым  «Балақай өсімдік сияқты өз ішінен өсіп жетіледі.Және 
бұл үрдіс қатал түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән.Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі 
осындай» 
Зерттеу  және  мәселені  анықтау  негізінде  отбасын  психологиялық  қамсыздандыру 
жөнінде шешім қабылданады. Лекотеканың клиенті ретінде тек  балалар емес, олардың ата-
аналары  болып  табылады.  Отбасымен  жұмыс  үйлесімділік  және  сыйластық  атмосферасын 
құруға  бағытталған,  осының  арқасында  бала  дамудың  барлық  мүмкіндіктерін  пайдалана 
алады. Осындай мақсатпен ата-аналарға кеңестер және топтық тренингтер жүргізіледі. 
Балалармен жұмыстың барлық формаларында ата-аналар белсенді қатысуы шарт. 
Лекотекада жекелей ойын сабақтары аптасына екі  рет өткізіледі.  Ойын сабақтарының 
уақыттың  шектеулері  бар,  бірақ  олардың  құрылымы  және  мазмұны  әр  баланың 
қажеттіліктеріне  және  ерекшеліктеріне  байланысты  өзгеруі  мүмкін.  Барлық  берілулерді 
жалпылаудан кейін әрбір баламен коррекциялық жұмыстың бағыттары анықталады. 
Жекелей сабақтар кезіндегі коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары: 
1. Қозғалыстарды жетілдіру және сенсомоторлық даму: 
  қол білегі және саусақтардың ұсақ моторикасының дамуы; 
  артикуляциялық моториканың дамуы; 
  қозғалыстардың жалпы дамуы. 
2. Психикалық қызметтің жеке жақтарының коррекциясы. 
  көріп қабылдау және тануды дамыту; 
  көріп есте сақтау және зейінді дамыту; 
  заттың  қасиеттері  туралы  жалпыланған  түсініктерді  қалыптастыру  (түс,  форма 
көлемі); 
  кеңістік ұғымдарын дамыту; 
  уақыт туралы ұғымдарын дамыту
  ес зейіні және есте сақтауды дамыту. 
3. Ойлау түрлерін дамыту. 
  көрнекі-әрекеттік ойлауды дамыту; 
  көрнекі-бейнелі ойлауды дамыту. 
4. Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейту және сөздік қорын байыту. 
  заттарды жекелей мүмкіндіктеріне байланысты топтастыра алу іскерлігі; 
  сөздің нұсқау бойынша жұмыс істей алу іскерлігі, айтылған сөзді түсіну. 
5. Эмоционалды-тұлғалық сала дамуындағы бұзылулар коррекциясы. 
Жекелей ойын сабақтарына қосымша ретінде лекотека мамандары аптасына 1 – рет 2 – 
жастан  кіші  емес  балалармен  топтық  сабақтар  өткізеді.  Ата-аналардың  топтық  сабақтарға 
белсенді қатысуы – міндетті шарт. Мұндай сабақтардың негізгі мақсаттары бала және ата-ана, 
балалар  арасында,  әртүрлі  балалардың  туыстары  арасында,  балалар  және  лекотека 
қызметкерлері арасында қарым-қатынастың және өзара әрекеттесудің туындауына ықпал ету. 


63 
 
Топтық  сабақтарда  жаңа  эмоционалды  күйлер,  еліктейтін  қабілеттер  дамуы  үшін, 
құрбыларына мейірімді қатынас орнату, бірлескен ойын және өзара әрекеттесуді дамыту үшін, 
эмоционалды  және  әлеуметтік  саланы,  когнетивті  дағдылар  және  өзіне  қызмет  көрсету 
дағдылары, белсенділігі және ынтасын жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасалады. Әдетте 
топтар  пара-пар  мәселелері  және  балалардың  даму  деңгейі  бойынша  қалыптастырылады  - 
мұндай  жағдайда  бағдарламаларға  осы  топтың  ерекшеліктерін  және  олардың  дамуына 
қолайлы  болып  келетін  жаттығу  және  ойындар  енгізілуі  мүмкін.  Әртүрлі  мәселелері  бар 
балалардың,  бір  жасты  балалардан  тұратын  топтар  қалыптастырылуы  мүмкін.  Барлық  осы 
жағдайларда топтарға дамуы қалыпты аға және апайларын енгізуге болады. 
Топтық жұмысты ұйымдастырудың кейбір шарттары 
  Сабақ аптасына бір рет 1,5 сағат көлемінде өткізіледі. 
  Топтағы қолайлы болатын балалар саны 3 – 6 адам. 
  Сабақ  өткізілетін  бөлмеде  тұрақты  аймақтар  болады,  бұл  балаларға  кеңістікте 
бағдарлануды жеңілдетеді. 
  Сабақты өткізу кезінде отбасымен жұмыс істейтін екі маманның қатысуы тиімді 
(мысалы, психолог және педагог немесе дефектолог). 
Топтық сабақтың құрылуының үлгісі: 
Баланың келуі, бала және ата-аналардың еркін қарым-қатынасы. Құрылымдық сабақтың 
алдында балаға бөлмеге және басқа балалар қоғамына, ересектер ортасына бейімделуге уақыт 
беру өте маңызды. 
Маман  баланы  ата-анасымен  қарсы  алады,  сәлемдесу  жүреді,  мұнда  баланы  тек 
маманның  өзімен  ғана  емес,  лекотекадағы  барлық  ересектермен  сәлемдесуге  итермелейді. 
Сонымен  қатар  баланың  есімі  бірнеше  рет  аталуы  қажет.  Лекотека  мамандары  келесі 
жұмыстарды жүргізеді: 
  қозғалыс координациясының дамуы бойынша; 
  зейіннің дамуы және суретте қарастыра алу іскерлігін дамыту бойынша; 
  сөздік қорын және тілдік қатынастың дамуы бойынша. 
Стол басында ойын формасында бірқатар жаттығулар орындалады, олар бағытталған: 
  естіп  және  естіп-көріп  қабылданған,  дауыстың  шығуына  байланысты  шартты 
қозғалыс реакциясын қалыптастыруға; 
  «көз-қол» координациясының, өзара әрекеттесудегі кезекті, бірдей заттарды түсі, 
формасы, саны бойынша сәйкестендіре алу іскерлігін дамытуға; 
  еліктеу  қабілеттерін  дамытуға,  айтылған  сөзді  түсіне  алуын  қалыптастыруға 
бағытталған. 
Сонымен қатар, балалармен қозғалыс ойындары, хоровод өткізіледі. Хоровод ойындары 
«Каравай»,  «Көпіршік  үрлен»,  «Өрмекші»  тіл  және  қарым-қатынастардың  дамуына  ықпал 
етеді, тілді сезіне алуды, кезекті сақтай алу іскерлігін қалыптастырады, көп қуаныш әкеледі. 
Алдына-ала  жоспарланған  немесе  жоспарсыз  пайда  болған  үлкен  доп,  модулдерді 
қолданылатын ойындар енгізіледі. 
Балалардың шығармашылақ қабілеттері драмматизация және ертегілерді қою көмегімен 
дамытылады. Балалар және ата-аналармен шағын таныс ертегілер ойнатылады. 
Сонымен қатар, лекотекада сурет салу, ермексазбен жасау, аппликация үшін жабдықтар 
қажет. Балалар тобының құрамына, бағдарына және көңіл күйлеріне байланысты белгілі бір 
іс-әрекет  түріне  аз  немесе  көп  уақыт  бөлуге  болады.  Мұндай  шығармашылық  балалар 
тарапынан көп күш жұмсауды, ұзақ уақыт зейінін шоғырландыруды талап етеді. 
Еркін  ойында  қажет.  Балалар  өз  бетімен  немесе  ересектер,  мамандардың  қатысуымен 
ойнайды.  Ересектер  міндетті  балалардың  бір-бірімен  ойынын  және  өзара  әрекеттесуін 
ұйымдастыру,  заттарды,  ойыншықтарды  қолдануды  ынталандыру,  ойын  әрекеттерін 
мадақтау. 
Топтық сабақ қоштасу сөздерімен немесе қимыл қозғалыспен аяқталады. 


64 
 
Топтық сабақтар мазмұны, мақсаты, ұйымдастырылуы бойынша әртүрлі болуы мүмкін, 
бірақ олар: 
  бала  дамуы  және  тәрбие  мәселелеріне  байланысты  ата  –  аналар  құзыреттілігін 
қалыптастыруға; 
  балалардың тұлғалық дамуы және әлеуметтік бейімделуіне; 
  өзара интеграция үрдістерін дамытуға бағытталу керек. 
Мысалы: сабақ барысында: 
1.  Балаларда  өзі  туралы  көзқарас  қалыптасады,  дене  бөлшектерімен  танысады,  басқа 
балалармен әлеуметтік байланыс орнатылады. 
2.  Ана  және  баланың  өзара  әрекеттесуі  ұйымдастырылады  (бірлескен  ойында  ананың 
баланың  ырқына  көнуі  эмоционалды  қарым-қатынас,  басқа  балалармен  бірлескен  және 
өзбетімен ойынды дамыту жалпы және ұсақ моториканы, қабылдау, зейін, ойлау, тіл, әрекетті 
үлгі бойынша меңгеруді дамыту. 
3.  Ата-ана  және  балалардың  өз  беттілігі,  ынтасы,  ата-аналардың  бір-бірімен  және 
мамандармен қарым-қатынасы дамиды. 
Лекотеканы ұйымдастыруда бірқатар принціптерді сақтау қажет: 
  ата-ананың жекелей және топтық сабақтарға өз еркімен қатысуы. 
  сабақтардың  арнайы  ұйымдастырылған  кеңістікте  арнайы  іріктелген  әртүрлі 
жабдықтармен, ойыншықтармен өткізіледі. 
  сабақтың үнемі және жүйелі болуы. 
Баланың  сабақтың  аяқталуы  туралы  шешім  бірқатар  жағдайлар  бойынша  қабылдануы 
мүмкін: 
1.  Ата-аналар  сұранысының  қанағаттандырылуы  және  балалардың  белгілі  бір  даму 
деңгейіне жетудің негізінде. 
2. Баланың мектепке дейінгі мекемеге ауысуы. 
Ата-аналармен баланың болашағы туралы әңгіме жүргізіледі, мектепке дейінгі мекемеде 
немесе  ата-ананың  өзімен  баланы  қамсыздандыру  туралы  нұсқаулар  беріледі.  Лекотека 
мамандары әрбір баланың психофизиологиялық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасап, ерекше 
бала тәрбиесіне және оқытуда көмек көрсету қажет. Лекотека жағдайындағы коррекциялық 
көмек  дамудағы  ауытқушылықтарды  жеңуді  және  мінездегі  бұзылулардың,  оқытудағы 
қиындықтарды алдын-алуды көздейді. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет