Используемые источники:
1.Роль педагогического процесса в общем культурно-историческом
процессе (М.В. Богуславский, В.П. Борисенков , В.Л. Вульфсон, Г.Б. Корнетов,
З.И. Равкин, В.В. Макаев);
2.Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М.:
Просвещение, 1968. - 464 с
132
3.Воспитание в духе патриотизма, дружбы народов, веротерпимости.
«Круглый стол»//Педагогика. 2000. - №5. - С.41-58
4.Концепция и проект программы курса «Граждановедение»//Преподавание
истории в школе. 1990.- №3. - С.130-146
5.Мешков
А.Е.,
Шаронова
Н.Б.
Самоактуализация
личности
старшеклассника в условиях инновационной школы. // Учебно-воспитательный
процесс в условиях модернизации образования: Сборник научных статей
(Ответственные редакторы Сокольникова Э.И., Павлов И.В.). – М.: АПСН,
2004.- с.62-67.
133
Нурланова Н.Н.,
Өскемен қаласы
ДАРЫНДЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
КӨРІНІС
Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған
мақсаттарын жүзеге асыру барысында кездескен кедергілерді жеңе алады,
үздіксіз ізденіп отырады. И. Д. Левидовтың пікірінше, оқушылардың
шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені
үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің,
тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық
қабілетін танып білу үшін олардың қабілет деңгейін әр алуан болатынын ескеру
керек. Қабілетін анықтау үшін психологиялық тесттер қолдануға болады.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің
мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптастырып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы
үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен
түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді
пайдаланып алуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының
жас ерекшеліктеріне сай зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр алуан
болады[1,31].
Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бет бұрысы,
оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан
да біздінше, балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте
олардың
қабілеттерінің
көрсеткіштері
екенін
ескеріп,
оқушылардың
бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес қабілеттерді дамыту
біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде
И.П.Волновтың айтқан пікірі өте құнды. Ол балалардың әр саладағы
қабілеттерін айқындау, дамытуға қажетті, тиімді жағдай туғызуы, бірінші
сыныптан бастап балалардың қабілеттерін, бейімділіктерін дамытатын дербес,
өздігінен орындайтын шығармашылық тапсырма жүйесін құру, оны сыныптан
тыс жұмыстар арқылы да жүзеге асыруға болады дейді. Сондықтан да бастауыш
сынып оқушыларының шығармашылық жұмыс қабілеттерін олардың өз
беттерімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып,
өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы деп түсінеміз.
Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата – ана,
мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің міндеті шығармашылық
бағыт – бағдар беріп отыру[2,51]. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес,
сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Мұндай іске
белгілі бір тақырыпта пікір – сайыстар өткізудің маңызы зор. Күнделікті сабақта
өтілген тақырып бойынша оқушының ойын білу, сол тақырып бойынша
көзқарасын білдіруі, шығарманы талдауы – шығармашылық қабілетті
134
арттырудың бір жолы. Шығармашыл қабілетті дамытуды ең алдымен,
қарапайым нәрселерді суреттей білуден бастаған жөн. Бала күнделікті өмірде өзі
көріп жүрген оқиғаларды баяндай білуі, оған өз түйсігімен қарап, өд жүрегімен
сезініп, ішкі жан дүниесіндегі тебіреністі әңгімелей білуге үйрету керек.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін,
қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың
жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға
қалыптастыру міндеті тұр.
Оқушының шығармашық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны
ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Бүгінгі таңдағы жаңаша білім беру міндеттерін
негізі үш мақсат қана шеше алады. Олар-дүниетанымдылық,шығармашылық
және терең білімділік[3,84].
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы,
құзіреттілігі арқылы айқындалса,сол құзіреттілік оқушы шығармашылығы
арқылы көрінеді. Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер бойынша
дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту өз ісіне
жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі
талап етеді.«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген
С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде
мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылық,
шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін
айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен
салыстырылады.
«Қыран – түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талап
сыйлайды » деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен
ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзешген сияқты. Еліне қорған, ұлтына қамқор
болар ұрпақтың қашанда көңілі ояу, айналасындағы өзгерістерге сын көзбен
қарай білуі, пікір, қорытынды айтып, шешім қабылдай алуы қажет – ақ. Міне,
бұл биік – оқушының шығармашылығы арқылы келетін іс.ендеше оқушыларды
шығамашылыққа баулуды алғаш мектепке келген сәттен бастап – ақ қолға алу
керек.
Бастауыш сынып - оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,
ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім
берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға
белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,
қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету,
ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне
үйретеді[4,39]. Дамыта оқытудың ең басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оны
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Оқушылардың шығармашылық
қызығуын ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру өте маңызды іс.
Мұндай іс мұғалімнен көп ізденуді талап етеді. Шығармашылық дегеніміз-
адамның өмірінде өзін-өзі таңуға ұмтылуы, өз бетінше ізденуі. Өмірде дұрыс жол
табу үшін адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай
135
білуге үйренуі керек.
Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған мақсаттарын
жүзеге асыру барысында кездескен кедергілерді жеңе алады, үздіксіз ізденіп
отырады. И. Д. Левидовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық
қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және
оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі
болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу үшін
олардың қабілет деңгейін әр алуан болатынын ескеру керек. Қабілетін анықтау
үшін психологиялық тесттер қолдануға болады. Көптеген психологтар
оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп,
қалыптастырып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті,
құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып,
бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып алуға
асығу
керектігін
ескертеді.
Бастауыш
сынып
оқушыларының
жас
ерекшеліктеріне сай зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр алуан
болады[5,68].
Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бет бұрысы,
оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан
да біздінше, балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте
олардың
қабілеттерінің
көрсеткіштері
екенін
ескеріп,
оқушылардың
бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес қабілеттерді дамыту
біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде
И.П.Волновтың айтқан пікірі өте құнды. Ол балалардың әр саладағы
қабілеттерін айқындау, дамытуға қажетті, тиімді жағдай туғызуы, бірінші
сыныптан бастап балалардың қабілеттерін, бейімділіктерін дамытатын дербес,
өздігінен орындайтын шығармашылық тапсырма жүйесін құру, оны сыныптан
тыс жұмыстар арқылы да жүзеге асыруға болады дейді. Сондықтан да бастауыш
сынып оқушыларының шығармашылық жұмыс қабілеттерін олардың өз
беттерімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып,
өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы деп түсінеміз.
Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата – ана,
мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің міндеті шығармашылық
бағыт – бағдар беріп отыру. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес,
сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Мұндай іске
белгілі бір тақырыпта пікір – сайыстар өткізудің маңызы зор. Күнделікті сабақта
өтілген тақырып бойынша оқушының ойын білу, сол тақырып бойынша
көзқарасын білдіруі, шығарманы талдауы – шығармашылық қабілетті
арттырудың бір жолы. Шығармашыл қабілетті дамытуды ең алдымен, қарапайым
нәрселерді суреттей білуден бастаған жөн. Бала күнделікті өмірде өзі көріп
жүрген оқиғаларды баяндай білуі, оған өз түйсігімен қарап, өд жүрегімен сезініп,
ішкі жан дүниесіндегі тебіреністі әңгімелей білуге үйрету керек.
Оқушылардың
шығармашылық
қабілетін
дамытуда
логикалық
тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды
136
белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен
шеберлілікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы сезім байланысын
орнатып, үйлесімділікке қол жеткізуге Ш. Амонашвалидің мұғалімдерге берген
кеңесін берген кеңесін де басшылыққа алуға болады. Ол: «Педагогикалық
процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін
айтуға мұрсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-
қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім
тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің
шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша
айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұштасып кетеді.
Мұндай жағдайда рухани тұтастық пайда болады» - дейді.
Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат
болып қалыптасады. Әдебиеттік оқумен қатар қазақ тілі сабағы да сөзбен
жүргізілетін жұмыс сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма
жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе,
екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға,
белсенділікке ынталандырады. Мысалы:
1.
Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын
сөздерді теріп жаз:
Қыран қала Дархан
Мұз бұлақ есек
Қысым сүт киім
1.
«Ал» буынынан басталатын бірнеше жеміс атауларын жазып, төрт сөйлем
құра ма
1.
Қандай сын есім жазылғанын табыңдар:
Зықыл (қызыл) рыса (сары)
Ыңқал (қалың) ікби(биік)
Анжу (жуан) рат(тар)
«Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда» деп Абай
атамыздың сөзімен айтар болсақ, шығармашылық қабілеті дамыған баланың
көкірегі сезімді, көңілі ояу боларына дау жоқ.
Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін
тигізеді.Оқушыны шығармашылыққа баулу,өз еңбегінің нәтижесін көруге,оны
бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс.Оқушының шығармашылық мүмкіндігі
оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады.Егер
шығарматьшылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса
онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты
білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Олай болса, қазіргі ұстаздар
қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді,
шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға
тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл
қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық
даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне
137
байланысты. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық
арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды
қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім
мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы
емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық
істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып,
шығармашылығын дамытады. Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар
беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың
ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсете
келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
Бұдан шығатын қорытынды мұғалім алдына қойған мақсатына жету үшін
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, қызығушылығын оятуға
септігін тигізетін жаңа технологияларды аппробациядан өткізіп, тиімдісін
қолдану. Бұл тұжырымдаманың шарты болып табылады.
Пайдаланған дерек көздері:
1.
Ұстаздық шығармашылық. Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.
2.
Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Б.А. Тұрғынбаева
Алматы, 1999 ж.
3.
Математикадан
қызықты
тапсырмалар
Ш.Х. Құрманалина,
С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева
4.
Бастауышбілім журналы №2 , 2004 ж.
5.
Математиканы оқытудағы методикалық көмек. М. Сәтімбаева.
138
Рахимжанова Д.М.,
Өскемен қаласы
ОҚУ МЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЖАҢА СЕРПІННІҢ ҰЖЫМҒА ДЕГЕН
ӘСЕРІ
Қазақстанда болып жатқан өзгерістер жаңаша көзқарасты талап етеді.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ
бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті
оқыту, әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай
отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Елімізде дүние жүзілік бәсекеге қабілетті
экономика, ғылым мен білім салалары болу үшін, ең алдымен бәсекеге төтеп
бере алатын, өз саласында құзыретті, өзін-өзі реттей алатын, өзін-өзі адекватты
бағалай алатын ұрпақ тәрбиелеу басты педагог қауымының міндеті болып отыр.
Ол мұғалімдерден аса зор білімділік пен біліктілікті қажет етері анық. Оқу үрдісі
жаңаруының басты шарты – кез келген педагогикалық жүйенің тұлғасы болып
табылатын мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі, білімді ұсына білу әдісін
меңгеруі болып табылады. Біздерге, бастауыш сынып мұғалімдеріне, жүктеліп
отырған міндет – осынау өзгеріске толы заманда өмірде өз жолын тауып,
қиындыққа төтеп бере алатын ұрпақ тәрбиелей алатын мұғалімдердің
құзырлылығын көтеру, жас ұрпақтың келелі болашағы үшін жауапты, жаңа
форматтағы білім беру үдерісін қалыптастырушы педагог-мамандарды орта,
қысқа мерзімді жоспарлауғатартумен үйрету. Енді бұл жерде мұғалімнің
мақсаты – жас ұрпаққа білім беру үдерісінде дәстүрлік әдістердің тиімді
жақтарын пайдалана отырып, әлемдік оқу стандартына сай, жаңаша әдістеріне
көшуге көмек-қолдау көрсету[1,54].
Өткен оқу жылында оқу-тәрбие жұмысымдағы SMART мақсатым – оқу мен
оқытуға сын тұрғысынан ойлауды енгізудің тиімділігі болды. Сол себепті мектеп
мұғалімдеріне осы «Сыни тұрғыдан оқыту», біріншіден, бұл технология емес,
оны философия деп қарауға болатыны айтылып, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз
– маңызды мәселелерді талқылау, тәжірибені ой елегінен өткізу. Сыни тұрғыдан
ойлаудың дағдылары: бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация екені белгілі
екені жөнінде түсіндіріп айттым. Сондықтан сыни ойлауға үйрету ол
оқушыларды дербес жеке ойлауын дамыту болып табылатыны айтылды.
Екіншіден, жаңа жорамал, балама түсіндірмелер іздеуге ұмтылдыру; өзінікінен
өзгеше пікірлерді қарастыруға, жан-жақты ізденіп, өз көзқарасын кеңейтуге,
тақырыптан ауытқымай, қорытынды мен мәселеге назар аударттыру, дәлелдер
мен негіздерді іздеп, ұсынуға, өзгелерді тыңдай және ести білуге, өзге адамның
жай-күйін байқағыштыққа баулу болса; үшіншіден, ақпарат – сыни ойлаудың
бастапқы нүктесі және сол ақпарат мәнмәтінін сәйкестендіру мен
ауытқушылықтарды тексеру сыни ойлаудың маңызды бөлігі болып
табылатынын ескере отырып, төртіншіден, мұғалімдер өз сабақтарында
оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытатын түрлі тапсырмалар
ұсынулары керектігі айтылды[2,6].
139
Бірінші деңгейді оқып жатқан тыңдаушы мұғалімге тәлімгер болуды
ұйғардым. Екеуміз мектеп және мұғалімдердің әдістемелік тұрғыдан нені істей
білетіндігінің сапалық сипаттамасы туралы деректерді жинауды аяқтаған соң, өз
мектебіміздегі әріптестерді оқыту барысында коучинг пен тәлімгерлік жүргізе
алатын адамдарды анықтай бастадық. Мектепте оқыту мен оқу тәжірибесін
жетілдіру үшін коучинг және тәлімгерлік әдістерін пайдалану стратегияларын
көрсету мақсатында егжей-тегжейлі құрастырылған даму және іс-әрекет
жоспарын әзірледік. Сондықтан, коучинг пен тәлімгерлікті іске асыру үшін
әзірлеген жоспарымызды пайдаландық. Ол жоспарға оқыту үдерістерінің
тақырыптары, коуч пен тәлімгер рөлін кім атқарады, тәлім алушылар кімдер,
коучтер мен тәлімгерлердің оқудағы қажеттіліктері коучинг пен тәлімгерлік
жүргізу уақыты мен регламенті және коуч пен тәлімгер жұмысының мазмұны
анықталып, толықтай көрсетілді.
Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-
қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдылары: белсенді тыңдай білу,
тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын
дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп,
қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік,
ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады (Garret-
Harris&Garvey, 2005)[3,78]. Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәлім
алушының арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі төмендеу мұғалімнің
өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға
көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына
негізделген (Oxley, 2003).
Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық
үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін
өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның
әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және
тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту
тәжірибесін жақсатруға көмектеседі. Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне
қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін
оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу
мақсатында коуч мұғалімге көмек көрсетеді. Бұл ретте мұғалімдерге мақсат
етілген нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибесі аздау әріптестерімен жүргізілетін
жұмысты болжау және жүргізу мақсатында, ол жұмысқа арқау болатын
тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін дамытуға көмектесуге басты назар
аударылады[4,47].
Сонымен, мектеп тәжірибесін өзгерту үшін қажетті әрекеттер жүргізілді.
Нәтижесінде мектепте 4 коучинг жүргізілді, орта мерзімді жоспар бойынша
физика пәнінен 4 сабақ өтті, 1 семинар мектепішілік, 3 сабақ Lesson study, 2
қалалық семинар және дарынды оқушылармен Павлодар қаласында С.
Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінде өткен халықаралық «14
Сәтбаев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясына қатыстым.
140
Коучингтерді басқа мектептер мен мұғалімдер іске асыра алады деп
ойлаймын. Себебі, заман талабына сай және көкейтесті мәселелерді
қарастырдық. Коуч мұғалімдерге өз пәніме жақынырақ қазақ тілі мен әдебиеті,
бастауыш сынып мұғалімдерің таңдап алдық. Коучинг тақырыптары
келесідегідей болды: «Сабақтың мақсатын анықтау жолдары», «Сіздің топтағы
атқаратын міндетініз», «Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жүйесін
қалыптастыру», «Жасөспірімдердің мінез-құлықтарындағы ерекшеліктер мен
өзгерістер» тақырыбында өтті. Lesson study-ді 5 Б сыныбында өткізетін болдық.
Себебі сынып бастауыш сыныптан орта буынға көшкенде білім сапасы төмендеп
кеткен екен, соның себептерін анықтау үшін біз мұғалімдермен бірлесіп А,В,С
тобындағы оқушылар мен сабақта оқу және оқытудағы қолданған әдіс-тәсілдерді
зерттеуді жөн көрдік. Сонымен, 5Б сыныбында математика, әдебиет, география
сабақтарынан ашық сабақ өткіздік (Lesson study). Осы сабақтарда 7 модульді
толықтай қамтылды. Сабақтар видеожазбаға түсіріліп, сабақ соңында «Оқушы
үні» жазылды. Оқушылар белсенділік танытып, топпен жұмыс істеуді үйренді,
жаңа тақырыпты өткенде «Сын тұрғысынан ойлау» әдістерін қолданды. Әр
сабақтың соңында кері байланыс жасап, Блоб ағашы әдісімен тақырыпты қалай
меңгергендерін белгілеп отырды. Ал мұғалімдеріне келсек, ол кісілермен сұхбат
жүргізіп, видеожазбаға түсірдік. Әңгіме барысында ол ұстаздар тізбектелген
сабақтар топтамасын өткізу оңай емес екендігін айтып жатты. Сыныпта
пайдаланатын проектор, экран күнде сынып бөлмесіне директордан сұрап
әкелетіндігін айтты және оны орнату да көп уақытты алады деді. Дегенмен, көп
нәрсені үйренгендерін айтты, оқушылар жаңа тақырыптарды түсінуіне 7
модульдің ықпалы зор екендігін айтып өтті. Ал енді 5Б сыныбында жүргізілген
Lesson study-ге тоқтала кетсек. Ол тіпті басқа әңгіме. Сыныпта 29 оқушы бар.
Оның 3 оқу озаты, 10 екпінділер, қалғандарында «3» деген баға бар екендігі
анықталды. Бірінші сабақ математика пәнінен болды. А,В,С тобындағы
оқушыларды бақылауға тарих, ағылшын тілі пәнінін мұғалімдері келді. Мен өзім
тәлімгер ретінде жас ұстаздарға 7 модульды ықпалдастыра отырып, қызықты
сабақтарға қатыстым. Ал оқушыларымызға келсек: С тобындағы оқушы
постермен жұмысқа белсене қатысты, сурет салуға бейім екені байқалып-ақ
тұрды. А тобындағы оқушы топтың спикері ретінде белсенділік танытты. В
тобындағы оқушы топтық жұмыс арқылы есептерді шығарып отырды. Сабақтың
соңында дескрипторлар арқылы бір-бірін бағалады. Осы сәтте біздің
байқағанымыз 1,3 топтар әділ бағаларын береген екен. Ал 2,4 топтарда
бағаларды көтермелеп қойғандарын байқадық. Екінші сабақ қазақ әдебиеті
сабағы болды. Оған орыс тілі, технология пәнінін мұғалімдері (5Б сынып
жетекшісі) қатысты. С тобындағы оқушы келмей қалыпты. Қайда деп сұрасақ,
оқушылар ол өстіп келмей қалатын әдеті бар деп айтты. Сабақ қазақ әдебиеті
пәнінен өтті. Ұстаздары өзінің артистік қабілетімен балалардың пәнге деген
қызығушылығын арттыра түсті. Үй тапсырмасына айтысқа байланысты
беріліпті. Балалар өздерінің дайындап әкелген сөзжұмбақтарын тақтаға
жапсырды. Сонымен, айтыс басталды. Керемет сахналық қойылымнан кем емес,
оқушылардың гуманитарлық пәндерге деген қабілеттері жоғары екендігін
141
сабаққа қатысқан мұғалімдер де байқаған екен. А тобындағы оқушы өзі үйден
ойдан құрап әкелген суырып салма ақындық өнерін көрсетті. В тобындағы
оқушы да қарсыласымен айтысқанда жақсы бір сезімде болды. Ең қызығы, С
тобына басқа оқушыны бақылауға алған мұғалім мына баладан сұраңызшы деп
қолын көтеріп тұрды. Себебі, ол оқушы бір бет қағазға өзі ойдан шығарған
шумақ өлеңін оқығысы келіп отыр екен. Сабақтың соңында мұғалім бағалаушы
оқушыларды (эксперттер) тақтаның алдына шығарып, балалардың жауабын
бағалауларын сұрады. Қалған оқушылар парталарының үстінде ұйықтап
жатқандай болды. Эксперттер баға берген оқушылар ұйқыларынан оянып
отырды. Мұғалімдер сабақты талқылай келе, сабақта қолданған әдіс-тәсілдер
тиімді болды деген шешімге тоқталды. Міне осындай қызықты өзгерістер біздің
мектепте болып жатты.
Енді осындай сабақтарға коучингтерге қатысқан мұғалімдердің жазған
пікірлеріне тоқтала кетсем. География пәнінің мұғалімінің ойынша, мектепте
өткен коучинг-сабақтар өте ұнады деп жазыпты. ҚР педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша мектепішілік коучингтарына
қатысып, озық әдіс-тәсілдерді меңгеріп, өз білімімді көтердім деген екен.
Өзімнің сабақтарымда аталған курс бағдарламасының модульдерінің
элементтерін тиімді пайдалана бастадым. Оқушыларға да қызықты болды. Пәнге
деген қызығушылықтары артып, өздеріне жақсы әсерлер қалтырды. Біліктілікті
арттыру бағдарламасы бойынша қатысқан коучингтердің тақырыптары
«Сабақтың мақсатың қалай анықтаймыз?», «Топтағы жұмысты ұйымдастырудың
ерекшеліктері», «Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жүйесін
қалыптастыру». Бірінші деңгей курсының тыңдаушысына сәттілік тілей отырып,
оқуын ойдағыдай бітіріп, мектептегі ұстаздардың біліктіліктерін арттыруға
көмек болады деп ойлаймын. Осы Бірінші деңгей курсының тыңдаушысының
жеке қасиетіне тоқтала кетсем, ол ұстаз педагогикалық ұжымда сыйлы, биязы
мінезді, шығармашыл ұстаз деп қорытындылапты. Егер коуч мұғалімдер туралы
өз ойымды айта кетсем. Мұғалімдер коучинг идеясына қатысты түсініктерінің
бар екендігін көрсете алды.
Жас маманның пікіріне тоқтала кетейік. Жас маман болғандықтан мен бұл
коучингтен өте үлкен ықпал алдым. Мәселен, мен өз көзқарасымды жаңа, яғни
креативті ойлау бағытына өзгеру керектігін, педагог мамандығынын үнемі
ізденіс нәтижесінде ғана жұмысы жүйелі нәтиже беретінін түсіндім деген екен.
Коучинг басталмай тұрып, тақырыпты естіген кезде дарындылық деген сөзге
кезіктім. Сөздіктен қарадым және түрлі ақпарат беттерін ақтардым. Коучингке
қатысып кез-келген сыныптағы бала дарынды бола алады, тек оны біздер
пеадгогтар дұрыс анықтай алып, балаға жол көрсете отырып, оның қабілетін
дамытуымыз қажет деп түсіндім. Маған әсіресе, әр-түрлі ситуацияларды шешкен
сәтім өте ұнады. Біз әр-түрлі образға кіріп, сол кісіні сомдадық. Белгілі жазушы
Шекспирдің ұлы сөзі осы кезде ойға түседі. «Өмір ол – сахна. Ал адамдар, сол
сахнада белгілі бір рөл ойнайтын актерлер сияқты». Шынымен, біз қоғамда
белгілі бір образды сомдаймыз. Және сол образға сай ететіндей өзіндік әрекет
етеміз. Дәл солай, біздің алдымыздағы оқушылар да өзіндік әрекет етеді.
142
Мәселен, сыныптағы қыңыр, бұзық бала дарынды болып шығуы мүмкін. Ал
оның бұзықтығы, қыңырлығы - өзін көрсетуі. Сөйтіп мен коучингте
дарындылықты анықтаудың нақты жолымен таныстым. Мен үшін ол үлкен
жаңалық болды. «Білгенге маржан» - демекші, дарындылықтың нақты ғылыми
және оны тәжірибеде танысу маған көп нәрсені білуге жетеледі.
Өткізілген коучинг-сессияларының жағымды және жағымсыз жақтарын
бағалап талдады. Мұғалімдер осы коучингтерде жаңа білім алғандарын дәлелдей
алды, енгізген өзгерістерді талдады және болашақта келесі коучинг өткізсе
қандай қадамдар жасар еді деген көзқарастарын айтып жатты. Әріптестері оқу
кезінде не үйренгендігі туралы дәлелдемелер келтіріп, түсіндіріп өтті. Бұл
деректерге, мысалы, топтың фотосуреттері, бірлескен жұмыс кезіндегі
плакаттар, сабақ үстіндегі өзара бағалаулар, іске асырылатын идеялардың
сабақтан кейін жазылған әріптестерінің оқу жоспарлары, т.б. көрсетті.
Бүгінгі ұстаз беделін арттырудың алғы шарты – оның жеке басының жан-
жақты, білікті де білімді тұлға болып қалыптасуына ықпал ету баршамыздың
ортақ мүддеміз екені белгілі. Бірінші деңгей бағдарламасының басты бағыты
ойлауды дамыту, сол арқылы оқушылардың танымдық әрекетін кеңейтуге
жағдай туғызу болып табылады. Өзім де осындай деңгейлік курсқа баруды
ұйғардым және көптеген әдіс-тәсілдер арқылы өз тәжірибемді жан-жақты қылуға
тырысамын деп шештім. Себебі, әрбір жаңашыл ұстаздан өзі сабағында
қолданған жаңа тәсілдердің дұрыс-бұрыс жағын терең талдап, бақылау жүргізу
қажет болады. Чех педагогі Я.А.Каменскийдің ілімінен бастап бүгінге дейін оқу
әдістемесінде білім берудің басты формасы – сабақ. Ильинше айтсақ «Әрбір
сабақ - жаңалық» болуы шарт. Сондықтанда Бағдарлама идеяларының іске асыру
жұмысының нәтижелі болуы оқыту барысында шешімін табуға тиіс міндеттерге
курс тыңдаушысының ықпал ете алуына байланысты. Нәтижесінде, алға
қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс көмегімен өз-
өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игереді. Жалпы біздің
мектепте өткізілген орта және қысқа мерзімді жоспарлар бойынша жүргізілген
жұмыстар оқыту сапасын арттыруда мұғалімдердің білік пен дағдысын
жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламамен жүргізілетін әр түрлі
жаттығулар жүйесі болып отыр. Бұл мұғалімдердің мамандық сапасын, жеке
қасиеттерін, өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі белсендіруін білуге,
өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптесін тыңдауға, көпшілік алдында
шығып сөйлеуге, өз ойын дәлдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға
үйрететіні анық. Сонымен қатар, топпен ұжыммен жұмыс істеуді, топтың,
ұжымның жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйрене отырып,
өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа жол ашады.
Осы тұста курс тыңдаушыларының: «ойымды түйіндей келе, менің
оқытуымдағы өзгерістер әлі де жалғасатынын айтқым келеді. Жаңашыл ұстаз
болу жолында мен көп ізденіп, тәжірибелі ұстаздармен тәжірибе алмасу арқылы
ол жеткізетінім және шыңдалатыным сөзсіз»; «ең бастысы сапалы білім беруге
құштарлығы оянған білімді, мәдениетті, жан-жақты, сауатты ұстаз болуына
жәрдем беруім шарт. Себебі, менің әрбір айтқан сөзім, іс-қимылым, адамдармен
143
қарым-қатынасым, айтқан ақпаратым мектептегі ұстаздарға үлгі болады»; «кез
келген пәнді оқыту велосипедті теуіп үйренуге ұқсайды. Олай дейтінім,
велосипедті құламай бірден теуіп үйреніп кету мүмкін емес. Алайда сол
сәтсіздіктер барысында ғана тепе-теңдікті ұстап үйренеміз»,- деген ой
түйіндемелерінен олардың әр өткізген коучинг, орта мерзімді жоспарлары сайын
бір қадам алға жылжып, өз оқыту тәжірибелерін дамытып, оқыту арқылы өздері
де оқып дамып отыратын жеке тұлға екендеріне сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |