Материалдары және зерттеу әдістемелері. Танаптық зерттеу жұмыстары В.Д.Доспехов далалық тәжірибе әдістемесі (1985), ауылшаруашылық дақылдарын мемлекеттік сортсынау әдістемесі бойынша жүргізілді (2011). Зерттеу жұмыстары 2017-2018 жж. Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында, Нұр-Султан қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің тәжірибелік эксперименттерді жүргізетін «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасының стационарында жүргізілді.
Танаптық зерттеу жұмысындағы тұқым себілетін және фенологиялық бақылау жүргізілген әр мөлдек ауданы 100м2. Тәжірибедегі мөлдектер жүйелі орналасып, үш нұсқа, төрт қайталымнан тұрады. Тәжірибеге осы аймаққа ұсынылған агротехникалық шаралар қолданылды. Зерттеу кезеңінің метеорологиялық жағдайларын талдау "METOS" далалық агрометеостанциясының алынған деректері негізінде жүргізілді. Гидротермиялық коэффициентті есептеу Г. Т. Селянинов әдістемесі бойынша жүргізілді (1984), формула:
ГТК=r/0,1 T (1)
мұндағы, r – орташа тәуліктік температурасы 10 С-дан жоғары кезеңдегі жауын-шашын сомасы, мм; t-осы кезеңдегі температура сомасы, °С.
Көк балаусаның өнімін 1 м2 шөп қоспаларының әр кезеңдерінде өлшенді. Көк балаусадағы құрғақ заттардың құрамын кептіру әдісімен анықталды. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу Б.А.Доспеховтың (1985) әдістемесі бойынша жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау. Тәжірибе танабының топырағы - механикалық құрамы ауыр құмбалшықты, қара-қоңыр. Топырақтың құнарлылығы төмен, себебі қарашірінді құрамы топырақтың 0-20 см топырақ қабатында орташа 1,9% көрсеткішпен аз кездесті. Олар алмасу калийінің мөлшері орташа 583,0мг/кг жоғары болғанымен гидролизденетін азот орташа 4,2мг/кг-ға және жылжымалы фосфордың мөлшері орташа 13,8мг/кг-ға төмен болды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2017-2018 жылдардың мәліметтерінен төмендегідей нәтижелері алынды. Дақылдардың өсіп-өну процестерінің жеделдетуге немесе бәсеңдетуге ықпал ететін экологиялық факторлардың бірі топырақтағы ылғалдың жеткілікті болуы, ауа температура, жауын-шашынның түсуі болып табылатыны белгілі.
2017 жыл өсімдіктердің тіршілік кезеңдерінде климаттық жағдайлар өте құрғақшылық (ГТК=0,32) болса, ал, 2018 жыл өсімдіктердің тіршілік кезеңі үшін климаттық жағдайлар құрғақшылығы шамалы (ГТК =1,01) болып табылды. 2017жылы шөп қоспасындағы дақылдардың тұқымдарын себу мерзімдерінде (мамырдың екінші, үшінші онкүндігі) ауа температурасы көпжылдық орташа көрсеткішпен салыстырғанда +0,2, +2,0°С-ға жылы болса, жауын-шашын мөлшері керісінше 6,7-9,0мм-ге төмен болды. Сондай-ақ өсімдіктердің тіршілік кезеңінде ең жоғары жауын-шашын мөлшері маусым және шілде айларының екінші онкүндігінде жақсы түсті. Өсімдіктердің тіршілік кезеңінде орташа +1,4°С жылы болғанымен жауын-шашын мөлшері орташа 4,0 мм-ге дейін төмен болды. Жауын-шашынның аз түсуі гидротермиялық коэффициенттің өте құрғақшылық болуына алып келді.
|
Сурет 1 – 2017-2018 жылдардағы өсімдіктіктердің тіршілік кезеңдеріндегі ауа температурасы,ºС және жауын-шашын мөлшерін көпжылдықпен салыстырғандағы көрсеткіш.
|
2018 жыл мамырдың екінші, үшінші онкүндіктерінде ауа температурасы көпжылдық орташа көрсеткішпен салыстырғанда -4,3 , -1,2°С-қа суық болса, жауын-шашын мөлшері 2,0-1,0мм-ге төмен болды. Дегенмен өсімдіктердің тіршілік кезеңінде ең жоғары шілде және тамыз айларында 32-31 мм түсті. Сондай-ақ орташа ауа температурасын көпжылдық орташа көрсеткішпен салыстырғанда +5,4°С-қа жылы болса, ал жауын-шашын мөлшері орташа 5,4мм түсті.
Топырақтағы ылғалдылық - өсімдіктердің өсуі мен дамуының тежейтін немесе өсіретін фактор. Өсімдіктердің тіршілік кезеңінің әр онкүндігінде тәжірибелік жер телімінің 0-100см қабатындағы топырақ ылғалдылығының көрсеткіштері төмендегі сурет 2 –де көрсетілген.
Екі жылдық орташа мәліметтер бойынша топырақтың мамыр айының үшінші онкүндігі мерзімінің тұқым себу алдында топырақ ылғалдылығы 125,09 мм болды (Сурет 1). Орташа екі жылдық топырақтағы ылғалдылылық мөлшері өсімдіктердің тіршілік кезеңдерінде 110,11мм болды.
2017 жылы шөп қоспасының құрамындағы дақылдардың вегетациялық кезіңдерінде жауын-шашын мөлшері аз түсіп, өте құрғақшылық болуына байланысты, топырақта өсімдікке қажетті ылғалдылықтың жеткіліктісіз болуы, өсімдіктің биіктеп өсуіне кері әсерін тигізді. Ал, 2018 жылы керісінше жақсы түсіп, өсімдіктің биіктеп өсуіне оң әсерін тигізді.
|
Сурет 2 – Тәжірибелік аймақтағы топырақ қабатының өнімді ылғалдылығының динамикасы, мм ( 2017 -2018 ж.ж.).
|
Өсімдіктердің көк балаусаның жинақталуы бойынша А.И.Тютюнниковтың зерттеулерінде бір жылдық мал азықтық шөптерде өсімдіктердің өсу динамикасына байланысты екенін айтып өткен [6, 46 бет]. Шөп қоспаларының алғашқы және кейінгі шабу мерзімдері алдында өсімдік биіктіктері алынды (Кесте 1). Шөп қоспалардың құрамындағы дақылдардың орташа биіктіктерін екі жылдық орташа мәліметтерін салыстырғанда, ең жоғары көрсеткішті, африкалық тары дақылы себілген шөп қоспа түрі орташа 56,5-72,4 см болса, ең төменгі көрсеткішті рапс дақылы себілген шөп қоспасында орташа 52,7-69,1 см болды [7]. Шөп қоспалардың құрамындағы дақылдарға байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |