Образования


Материалдар және зерттеу әдістемелері



бет32/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   248
Байланысты:
ХАБАРШЫ (1) (1)

Материалдар және зерттеу әдістемелері. «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ғалымдары шығарған қант құмайының отандық Қазақстан-16, Қазақстан-20 сорттарын өңірдегі арнайы күріш ауыспалы егістігіне орналастыру үшін, дақылдың арнайы-тиімді агротехникалық шараларын анықтау мақсатында, Қызылорда өңірінің құбылмалы күрт өзгеретін климаты мен топырақ жағдайын ескере отырып, Қарауылтөбе өндірістік-тәжірибе учаскесі таңдалып, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Тәжірибе учаскесіндегі егістік жерлер қоршалынады, топырақ өңдеу жұмыстары арнайы техникалармен егістік жер тегістелінеді, егістік алқап арандатылып суарылып, арамшөптер механизм көмегімен жойылып, фреза агрегатымен арамшөптер топыраққа органика есебінде араластырады. Тәжірибе учаскесінен топырақ үлгілері алынады. Қант құмайы дақылының Қазақстан-16, Қазақстан-20 сорттарының тұқымдық материалдарына зертханалық талдаулар жүргізіліп, егу алдында өсу реттегіш препараттармен өңделіп, тұқым ылғал топыраққа себу мерзімдері мен агротехникалық талаптарын сақтай отырып егіледі. Күтіп-баптау, өсімдікке фенологиялық және биометриялық талдау жұмыстары жүргізіледі. Қант құмайы сорттарының жергілікті жерге бейімділігі мен топыраққа мелиоративтік әсерлері анықталады. Егінді күтіп-баптау мен жинау үшін, арнайы қажетті техникалар таңдалып, қант құмайы өнімдері өнім бағыттарына сәйкес, арнайы механизм көмегімен жиналады.
Зерттеу нәтижелері мен талқылаулар. Сырдария өзені суының жылма-жыл тапшылығына сәйкес, Ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан өңір басшысына күріш ауыспалы егістігіндегі негізгі дақыл үлесін төмендету жөнінде өткір талап қойып отыр. Осы түйткілді мәселелерді шешу мақсатында облыс әкімшілігі мен облыс ауылшаруашылық басқармасы бірлесе отырып, күріш ауыспалы егістігінде суды аз талап ететін әртараптандыру дақылдарды орналастыру жөнінде «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ғалымдарына түсімі мен қайтарымы жоғары дақылдарды өсірудің зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін талаптар қойылды.
«Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ғалымдары Қарауылтөбе өндірістік-тәжірибе учаскесінінің 12 га көрсетілім алаңына әртараптандыру дақылы қант құмайының Қазақстан-16, Қазақстан-20 сорттарын зерттеу мақсатында тәжірибе салынды. Көрсетілім алаңындағы зерттелген қант құмайы дақылының Қазақстан-16, Қазақстан-20 сорттарына фенологиялық бақылау жұмыстары дер кезінде толық жүргізілді. Қатараралық өңдеулерден кейін, көрсетілім алаңындағы нақты өсімдіктер саны сорттар бойынша анықталды. Онда егістің егілу күні, алғашқы және толық көктеулері, аналық гүлдер мен бас шығаруы, сүттенуі, толық пісу кезеңдері белгіленіп, далалық журналға сорттар бойынша тіркелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет