МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ МЕН ЖАҢА КЕШЕНДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Толунбеков Н.К.1, ауыл шауашылығы ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, tolunbekov@mail.ru https://orcid.org/0000-0001-7219-4199
Қалым Қ.1, PhD, қауымдастырылған профессор,
abdirahim_334@mail.ru https://orcid.org/0000-0001-9820-0059
Жалгасбаев К.Ж.1, техника ғылымдарының магистрі,
Kairat_juldiz@mail.ru https://orcid.org/0000-0002-7087-9263
Оспанов А.Т.1, ауыл шауашылығы ғылымдарының магистрі, аға оқытушы,
alihan_amantur@mail.ru,https://orcid.org/0000-0002-6580-6457
Абуова Н.А.2, п.ғ.к., редакциялық-баспа бөлімінің басшысы
nabat_71@mail.ru, https://orсid.org/0000-0002-5366-8800
1Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы 2Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қаласы, ҚР
Аңдатпа. Қазақстанда жаңа нарық жаңдайында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі тапсырмасы бәсекелестікке төтеп бере алатын өнім шығару, прогресивті технологияларды осы салаға енгізу арқылы заманауи мал фермаларының құрылысын тұрғызу және мал шаруашылығын техникалық тұрғыда қайта жарақтандыру болып табылады.
Мал шаруашылығын механикаландыруға арналған машиналары мен жабдығына аса мән берілуі керек, себебі машиналар мен механизмдер биологиялық нысан мен қоршаған ортаға тікелей әсер етеді, ол жерде биологиялық және физиологиялық процестер жүріп жататындықтан мән берілуі керек. Мысалы, Робот-сауыншы: сауу процесін толығымен автоматтандыру. Жаңа жабдықтың басты жаңалығы – сиыр малынан сүтті автоматтандырылған процесс арқылы өндіру болып табылады. Процесс келесі ретпен жүреді: сиыр малы саууға арналған камераға кіреді, содан соң робот қажетті мөлшерде сүтті сауып алады, сиыр боксты тастап кетеді; осылайша қайталанады. Бұл малдың кез-келген уақытта камераға кіріп сүтін тапсырып шығуына мүмкіндік туғызады. Механикаландырылған технологиялардың кемшіліктері, техникалық құралдардың малдың физиологиялық ерекшеліктеріне сай келмеуі салдарынан туындайтыны практика жүзінде дәлелденген. Осыған орай машиналар жүйесін, қондырғылар мен жабдықты оңтайландыру, прогрессивтік энергия және ресурсүнемдегіш жабдықты жетілдіру және жасап шығару мейлінше көкейкесті мәселе болып отыр.