Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет164/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   668
Литература

1. Карлинский А.Е. Избранные труды по теории языка и лингводидактике. Алматы, 2007. - 308 с.

2. Гулыга А.В. Эстетика истории. М.,1974.

3. Гусев В.Е. Эстетика фольклора. Л., 1967.

4. Sculra H. Wilhelm von Humboldt. Werden und Wirken. Berlin, 1985.

5. Доброхотов А.Л. История культуры. www.megaKM.ru

6. Валькова И.П., Низовская И.А., Задорожная Н.П., Буйских Т.М. Как развивать критическое мышление (Опыт педагогической рефлексии). – Бишкек, 2005.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТТАРЫ
Сариева Қ. А. (Ақтөбе)
ХХ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән-мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Қазіргі қоғам жан-жақты білімді,мәдени ой-өрісі өсіп жетілген,ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.

Әдетте балалар мекемесінде балаларға көтеріңкі көңіл-күй туғызатын,түрлі шығармашылық тақырыптарға толы ашық ақпараттық ортаны пайдалану кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Қай кезеңдерде болмасын балабақша- қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген. Қазіргі кезде білім үрдісінде 50-ден астам оқытудың жаңа технологиялары қолданылады. Олардың бірнешеуі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде де қолданыс тапқан. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін,ұстаз «жаңашыл» ұстаз болуы қажет. Жаңа технологиямен жұмыс жасай отырып,газет-журналдардан,ақпарат құрал көзі болып табылатын интернеттен жаңалықтарды ала отырып,оны өз сабақтарында қолдана отырып, күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өзгеріс,жаңалық енгізеді. Осылайша мұғалімнің жеке басында өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін жаңашыл шығармашылық тұлға қалыптасады.



Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер-мултимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер,қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып,қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану оқу іс-әрекетін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әрбір оқу іс-әрекеттерін өтер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары анық. Мультимедиялық оқулықтар, біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Балалар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп,өтілетін тақырыптар жүйесі күрделене түседі. Сондықтан балалардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа технологияларды мектепке дейінгі тәрбиеде тиімді пайдалану қажет екені ескеріледі. Бүлдіршіндерге берілетін оқу іс-әрекеттерінің тақырыптары да бүлдіршіннің даму деңгейіне сәйкес кеңінен беріліп, түсіндіріліп отырғаны дұрыс. Ондағы материалдар әртүрлі ұнамды, әдемі,жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар формасында көрсетіледі. Мысалы,компьютер-мультимедиялық құралды музыка пәнінде қолданудың артықшылықтарын айтар болсақ,қай уақыттарда да балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әндерді табу музыка жетекшілеріне қиындыққа түсіп жатады.Қазіргі заман талабына байланысты айтылатын әндерді жоғарғы даярлық және ересек топтарында үнтаспадан минусовкамен айту кеңінен дамып бара жатыр.Ал, осы орайда музыка жетекшілері сәйкес әндерді тауып жатқанымен, ол ән көп жағдайда 5-6 жастағы балалардың дауыс диапазоны мен тональносіне сәйкес келмей жатады да, мұғалім қиналып жатады. Ал, компьютерді қолдану арқылы жаңағы әннің тональносін оп-оңай еш қиналыссыз өзгертіп балалардың даусына сәйкестендіріп алуға болады. Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау үшін,оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық даму динамикасын жасау қажет.Бұл- педагогтың бүкіл оқу жылына пайдаланатын әдістерді жоспарлауына көмектеседі. Қазіргі заманға лайық мұғалім болу үшін бірнеше түрлі қасиеттер әркез біздің бойымыздан табылып отыру қажет деп ойлаймын. Ол үшін мұғалім өз кәсібінің маманы болумен бірге жан-жақты,яғни өз пәнімен бірге өзге де пәндерді жақсы меңгеруі тиіс. Себебі, балалар өз мұғалімін «бәрін біледі» деп ойлайды. Сол үшін де мұғалімнің біліміне шек келтірмейді. Оқу процесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуі үшін-мұғалім оқытудағы заманауи озық технологиялардан жақсы хабардар болып, білім саласындағы соңғы жетістіктерді балаларға дер кезінде жеткізіп, ортақ игілікке айналдыра білуі және де өмір бойы өз білімін жетілдіріп үйрену ұстанымында болуы керек. Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, басқа да әс-әрекеттерге жағымды түрткісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақ халқында «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас»-деген тамаша сөздің терең философиялық мәні бар. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында берілетін болса, жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік етіп ұстайтын жас ұрпақ-кәзіргі бүлдіршіндеріміздің бойына салауатты өмірді серік етіп, олады әлемдік жаңа заманауи біліммен қамтамасыз ету, осылайша тәуелсіз еліміздің білімді азаматын тәрбиелеу –сіз бен біздің ортақ мақсатымыз деп білген жөн.



Әдебиеттер

1.Концепция развития системы образования в Республике Казахстан до 2015 года.-Астана,2004.

2.Бала мен балабақша.Алматы,2011жыл,№11.

3.Бала мен балабақша.Алматы,2011жыл,№12.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет