Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет165/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   668
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сарсенов Ж.Ж.(Ақтөбе)
Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушыларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:

  • Оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде

  • Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау

  • Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.

Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-ші бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Педагог әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуім ше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

«Аламан бәйге», «Алтыбақан», «Арқан тарту», «Ақ сүйек», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Жамбы ату»... Санамалай берсеңіз, қазақтың ұлттық ойындары осылай жалғаса береді. Біздің алға қойған мақсатымыз халқымызға тән осынау ұлттық ойындарымызды тізіп шығу емес. Керісінше, ата-бабаларымыз бұдан сан ғасыр бұрын ойлап тауып, уақыт өте ұрпағына қалдырған ұлттық ойын түрлерінің маңызы мен мәнін саралап, дәл осы ойындарды жаңа ғасырда жаңаша пайдалануды бұлжымас дәстүрге айналдырсақ деген ой-пікірді иісі қазақ басшылардың есіне салсақ деген ниеттен туындап отыр. Этнограф-ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып жығылатынын айтады.

Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды өмір сүруге дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, «Аламан бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген ұрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған.

Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениетті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, енді бір ойын талғампаздыққа, ал енді бір ойын қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының тәрбие берудің таптырмас құралы екендігін дәлелдейді. Өкінішке қарай, қазіргі күні біз маңызы зор ұлттық ойындарымыздың тек бірен-саранын («Аламан бәйге», «Көкпар», «Алтыбақан») ғана игере алдық. Осы тұрғыдан келгенде, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «Тоғызқұмалақ», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар», «Хан дойбысы» секілді түрлерін спартакиада, олимпиада ойындарына қысылмай-ақ қосуға болады.

Жастардың ұлттық сана-сезімінің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша.

Тәрбиелік мәні зор ұлттық ойындарымызды бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру – басты міндетім.

Болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып,әлемдік педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет