Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет236/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   668
Әдебиеттер

1.Г. Икіманова Саулық пен сымбат. Алматы Қайнар 1991.

2. Қазақстан – 2050 стратегиясы.

3. Қазақстан мектебі журналы.



АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЕТІСТІКТЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СИПАТЫ
Буранкулова Э. Т. (Ақтөбе)
Етістік категориясындағы тұрақты тіркестері іс-қимыл, әрекет, жай- күйді білдіретін есім мен етістіктен құралған тіркестер жатады. Мысалы: сілесін қатыру, құлақтың етін жеу, көзігіп алу, кірерге жер таппау, іше білу, ат кекілін кесу, апшысын қуыру, зәресін ұшыру т.б.

Алынып отырған көркем шығармалардағы етістік тобына жататын фразеологизмдер семантикасы жағынан алуан түрлі болып келеді.

Фразеологиялық тіркестердің құрылымына назар аударғанымызда, олардың өзіндік кейбір ерекшелігі байқалғанмен, көпшілігі құрылысы жағынан түрліше болып келетіні аңғарылды. Олардың формасының да біркелкі еместігі байқалды. Қайсыбірінің құралы, компоненттерінің орын тәртібі, грамматикалық формасы бір қалыпты өзгеріссіз, тиянақты келсе, кейбірі морфологиялық жағынан түрленіп келеді. Енді біреулері белгілі сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуына қарай қай сөз табына қатысы бары, лексикалық, грамматикалық мәні оңай байқалса, қайсыбірін бұлай айыру қиын. Етістік тобындағы фразеологизмдердің құрылымы алуан түрлі. Етістік пен үстеу аралығындағы фразеологизмді қоспағанда, етістік тобындағы фразеологизмдер іс-қимыл, әрекетті білдіретін ұғымды береді. Көпшілік шақ, рай, жақ сияқты етістіктің категориясын бойына сақтайды.

Сонымен қатар, мақал мен мәтелдер, фразалық нақыл сөздер, идиомдар, тартымды тақпақ, жүйелі толғау, қанатты афоризмдер көркем сөз қайраткерлерінің туындыларынан ерекше орын алуға тиіс. Академик І.К.Кеңесбаев: «Идиомдар әрбір тілдің өзіне тән категория болуымен қатар, бұл категория басқа сөз тізбектеріне қарағанда анағұрлым көнеленген категория. Басқаша айтқанда, бірнеше сөздің тобы идиом болу үшін көп уақыт, көп замандар керек»,-деп көрсетеді. Бұл айтылғандардың мақалдар мен мәтелдерге де қатысы бар. Өйткені бұлар да қысқа мерзімнің ішінде жасала қоймайды. Сондықтан мақалдар мен мәтелдердің лексикалық құрамынан да көнерген сөздерді көптеп кездестіруге болады. «Жалпы ауыз әдебиеті жанрларының тілінде лексикалық, грамматикалық архаизмдердің кездесуі заңды болатын себебі – мақал мен мәтел бір ғана дәуірдің жемісі емес, ұзақ ғасырлар бойына өмір сүріп, атадан балаға мұра ретінде қалып келе жатқан халық қазынасы». Жазушы ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін, әсіресе тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді көркем шығарманың керегіне жаратқанда, ондағы көнерген сөздерді де еріксіз пайдалануға мәжбүр болады. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ»-шаттанды, мәз болды, қуанды деген мағынаны білдіретін идиомалық фразаның әлі көнермегендігі белгілі.

Атап айтсақ, басқа тілдердегі сияқты қазақ тіліндегі етістіктердің де формасы көп, мағынасы сатылы болады. Бұл – етістіктің басқа сөз таптарынан ең үлкен өзгешелігінің бірі.

Етістіктің семантикалық шеңбері, мұнымен байланысты неше түрлі формалануы адамның ой-санасына айналадағы толып жатқан құбылыстың, жаратылыстың әсер етуімен байланысты. Адамның ой өрісінің, білу зердесенің артуымен бірге етістіктер де өсіп дамып отырады. Тіл байып, ойдың неше түрлі нәзік, неше түрлі абстракті түрлерін білдіру арқылы маманданады, орамдылыққа жетеді. Сөйтіп, етістіктер – адамның білу процесіне тіке байланысты категория.

Осындай негізгі мағына өзгешелдігіне қарай етістіктер – сөз таптарын сөйлемде байланыстыратын, оларға «жан» кіргізетін сөз табы. Сондықтан ұлы білімпаздар етістік сөйлемнің «жаны» деп атаған, осы өзгешеліктеріне қарай етістіктер ерекше сөз табына жатады. Етістіктер істі, қимылды, қозғалысты, жай-күйді білдіреді. Заттың іс-қимылы, жан-күйлері белгілі мезгілімен, жағдайымен байланысты болады. Мысалы: Құрылысшылар жұмыстарын бітірді. Құрылысшылар жұмыстарын бітіріпті. Құрылысшылар жұмыстарын бітірмекші.

Мұнда бітірудің мезгілмен байланысты екенін байқаймыз. Осы сияқты істердің, қимылдардың, қозғалыстардың жағдайы өте-мөте әр түрлі болады.

Бұл жағдай деп отырғанымыз – істің, қимылдың объектіге қатынасы, субъектінің іске, қимылға, қозғалысқа, қатынасы және іс, қозғалыс, қимылдың мезгілге байланысы.

Сонымен, қазіргі тіл білімінде фразеологияның (тұрақты сөз тіркестерінің) жалпы проблемалары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Басқаша айтқанда, сан алуан фразеологиялық тізбектер дербес зерттеу объектісі болудан гөрі, ілгері-кейінді жазылған сөздіктерде, мақалаларда иллюстрация материалы дәрежесінде ғана қолданылып келеді.

Осы тақырып төңірегінде етістіктерге қатысты және ақыл-ой етістіктеріне, адамның қасиеттеріне, сезіміне, көңіл-күйіне, өзара қарым-қатынасына, мінез-құлқына қатысты тұрақты сөз тіркестерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне берілу жолдары өз алдына зерттеу объектісі ретінде әлде де болса қаралмаған тың лингвистикалық мәселе.

Әрбір тіл тілдегі еркін және тұрақты сөз тіркестерінің құрамы мен құрылымы т.б. жақтарымен ерекшеленеді. Осы тұрғыдан қарағанда, тілдерді салыстыра және салғастыра зерттеу – тілдердің айырмашылықтарын және ұқсастықтарын табуға мүмкіндік береді.

Тіл-тілде фразеологиялық оралымдар әр түрлі жолдармен жасалған. Олардың жасалуына алуан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер негіз болған.

Фразеологиялық оралымдарға әр түрлі құбылыстардың адам ойында қорытылған образды бейнесі негіз болуы мүмкін. Мысалы, ер қашты болу(мағынасы – «әбден жалығу, мезі болу») деген фразеологиялық оралымның негізінде көп мініс көрген арық аттың ер саларда одан қашып мезі болуы, бойын аулақ салуының бейнесі жатыр. Әдетте, ер қашты болу деген тұрақты сөз тіркесін қолданғанда, жоғарыдағы құбылыстың негіз болғаны біздің ойымызға келмейді. Сондықтан да бұл тірке адам ісіне байланысты қолданыла беріледі.

Фразеологизмдерден әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі көбірек аңғарылады. Түрлі тілдерде бір-бірімен мәндес (мағыналас) келетін фразеолгоиялық оралымдардың жасалуына әрбір тілде әр басқа белгілер, түрліше салыстырулар негіз болған. Мысалы, ағылшынша to make a mountain of a molehill (орысша– делать из мухи слона) деген фразеологиялық оралымның қазақша баламасытүймедейді түйедей ету. Кішкентай нәрсені үлкейтіп, шамадан тыс асырып, өсіріп көрсетуді образды түрде аңғарту үшін ағылшын тілінде тау мен төбешікті салыстыру негізге алынса, қазақ тілінде түйме мен түйені салыстыру негізге алынған. Ағылшын тілі мен қазақ тілінде бұл фразеологизмдер өз ара мәндес болғанымен, олардың жасалуына әр басқа белгілер мен салыстырулар негіз болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет