Әдебиеттер
1. Бастауыш мектеп журналы 1994 ж.
2. Сыр мектебі газеті 2000 ж.
МУЗЫКАНЫ ӘСЕРЛІКӨРКЕМДЕУ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
Искарина А. С.(Ақтөбе)
Адам баласының өмірінде музыка өнері үлкен орын алатынын бәріміз білеміз. Жас сәби жарық дүниенің есігін ашқаннан бастап музыка әлдиімен өседі. Табиғат құбылыстары мен адамзат қоғамының дамуына байланысты, музыка өнері түрлі өзгерістермен заман талабына қарасты дамып отырады. Әсіресе музыканы әсерлі жеткізу, көркемдеу жолдары өте сауатты дамып келеді. Сондықтанда кәзіргі музыка өнері жастарға эстетикалық тәрбие берудің күшті құралы болып саналады. Біз күнделікті өмірде музыка, концерт, ән-күй кеші, ария, опера, симфония деген сөздерді жи естиміз, олардың тамылжыған үнімен әсерлі жеткізілген, көркемдігі жоғары деңгейде музыкалық шығармаларды сүйсіне тындаймыз. Ерекше рахатқа бөлініп шабыттанып қаламыз. Соның ішінде адамның дауысын бір-бірінен ажырату қабілеті өте жоғары. Міне, адам баласының өзіне тән дауысының тембры, әсемділігі, сөйлеу, жүру, өлең айту ерекшелігімен қатар, дауыс пен дыбыс ерекшеліктері де көп уақытқа дейін есте сақталады. Әр халықтың өз мәдениетіне сай музыка аспаптары бар. Музыканы тыңдағанда одан өзінше ләззат алады дедік. Музыканың көркемдік, әсем саздар шығаруында музыканың көптеген заңдары, ерекшеліктері, көркемдік қасиеттерінің бір салада, бір бағытта үн қосып, адамға эстетикалық азық беруі-өзінше бір табиғи құбылыс.
Музыканы сүю, білу және түсіну үшін ең әуелі музыкалық терминдерді біле білу орынды болмақ. Кейбір адамдар: "Классикалық күрделі шығармаларды қаншама тыңдасақта оны түсіне білу өте қиын",-дегенді айтады. Осы ойға жартылай келісе отырып,музыканы тыңдап қана қоймай, оны түсіне тыңдау үшінмузыка көркемдігін білу керек. Музыканы тыңдап түсіне білетін адамдарға музыка өз сырын ашып, өмірді терең түсініп, халықтың ой – пікірін білдіруге жәрдемін тигізеді. Музыка өмірдегі адамның ішкі дүниесін танытып, адамдарды ұйымшылдыққа, бірлестікке шақырып, оларды алға қойған міндетін жеңіп шығуға жігерлендіреді. Өнердің музыкадан басқа салаларынан театрды, киноны және живописьті қабылдау үшін де біраз уақыт еңбек сіңіріп үйрену керек. Музыканы тыңдау,оны түсіне білу-адам үшін рухани байлық. Музыканы ұға білген адам ғажайып сарайға еніп керемет музыка сазынан ләззат алып онымен тілдескендей сезінетіні, оның музыка тану ой-өрісі кеңейе беретіні сөзсіз екенін айтқым келеді.
Біз жас кезімізден бастап өзара сөйлесу тілін білеміз. Бұл жетістік үлкен адамдардың жәрдемімен келетіні сөзсіз. Ал мектеп жасына келген соң,сөйлеу тілін біле тұрсақ та ана тілінің грамматикасын үйренеміз. Ана тілінің грамматикасын жақсы білу бізге тек ойымызды анық айтып үйренуге және басқа адамдардың айтайын деген ойын тез түсінуге жәрдем етеді. Ал, ана тілінің грамматикасының заңдарын білу әсем тіл шеберлігін оқып білуге көмек етеді. Сонымен қатар, біз осы мәдениет майданындағы ұлы жазушылардың жазған көркем шығармаларын неғұрлым көп оқысақ,соғұрлым біздің дүниеге деген көзқарасымыз кеңейе түспек.
Міне, музыка да дәл осындай. Әрбір композитор музыканың жазылу, оқылу және тыңдалу заңдарын еске ала отырып, өзінше түрлі образдар жасайтыны мәлім. Жоғарыда айтқандай, музыканы тыңдап үйрену үшін оның әуезді, мәнерлі үн беретін заңдарын білген жөн. Музыканың негізі әсемдік үн беретін көркемдік қасиеттерін айтар болсақ, олар мыналар: мелодия, гармония (көп дауыстық), ритм, метр, темп (шашандық), регистр, (дыбыстардың жоғары, төменділігі), тембр (дыбыс әсемділігі), фактура, тональность, интервал және лад т.б.
Мелодия музыканың жаны, негізгі арқауы.
1.Мелодия – грек халқының екі сөзінен пайда болған. Мелос - ән және оде- айту сөздердің қосындысы ән айту деген ұғым.
2. Гармония - аккордты көп дыбыстардың бір-бірімен үндесуі.Қазіргі ойналып жүрген әндер мен күйлер, музыканың негізгі бір әсемдік тірегі гармониямен үндесіп,бояуы қоюлай,әсемденіп ойналып жүр. Мысалы: жеке дауысты Мариямның "Дударай" атты әнінің негізімен жазылған композитор Е.Брусиловскийдің симфониялық поэмасы оркестрдің ойнауында сол гармониялық әсем дыбыстардың көмегімен ойды толық білдіретін үлкен көркемдік шығарма болып есте сақталады.
3.Ритм (ырғақ)- дыбыстардың әртүрлі ырғақтық ара қатынасын айтамыз. Ритмнің ролі өте жоғары. Музыканы үйренуге негізгі көңіл аударатын нәрсенің бірі- ритм. Адамның күнделікті өмірінің бәрі де әр түрлі ритмнен тұрады. Адам жүрісінің, сөзінің қозғалыстарының нотаға түсіретін болсақ, музыка ырғағы әр түрлі болып келеді.
Мысалы, бұған М.И.Глинканың "Камаринская"атты симфониялық поэмасы мен М.Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсының би екпінін салыстырсақ та жеткілікті. Нәрлей айтсақ, ритм музыкалық шығарманың тамыры деп аталады. Ырғақты теңіз толқыны мен салыстыруға болады. Ол қашанда тынымсыз. Үлкен, кіші, жай, екпінді толқын болатыны секілді, ырғақ та ұзақ, қысқа дыбыстардан тұрады.
4.Тембр (әсем, сүйкімді) - аспаптардың,адам дауыстарының өзіне тән сұлулығымен әсемдік ерекшелігі. Қандай да музыкалық аспаптар болмасын оның өзіне тән әсемдік ерекшелігі бар. Атап айтсақ, қобыз бен домбыра, фортепиано мен аккардион, балалайка мен гармон, труба мен кларнеттің өздеріне тән тембрлерін тіпті музыканы түсінбейтін адамның өзі де ажыратып біле алады. Музыкаға мәнерлі үн беретін қасиеттің бірі - тембр.
5.Темп (жылдамдық, шапшаңдық) - деп музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығы желісін айтамыз. Музыкалық шығарманың ойналу барысында темп өте көп болғанымен, негізінде үш бөлімге бөлінеді. Біріншісі- өте жай салмақпен ойналатын шығармалар. Екіншісі- орта жылдамдыкпен орындалатын музыкалық шығармалар. Үшіншісі- шапшаң және тез орындалатын шығармалар. Мысалы: композитор Е.Брусиловскийдің "Шолпан" атты әні орта екпінмен орындалатын болса біз оны екі рет жайлатып ойнайтын болсақ, оның тіпті әндік қасиеті қалмайтыны сөзсіз. Сол секілді Кұрманғазының "Алатау"атты күйі жай салмақпен, Алатаудың образын домбыраның үнімен көрсетсе, ал "Балбырауын" күйі қатты екпінмен ойналып,қазақтың ертеден келе жатқан ойын –сауықтар - "ат шаптыру", "бәйге", "көкпар тарту", "теңге алу", "қыз қуу"т.б. күй ішінде араласып жургендей болады.Бұл екеуінде темп екі түрлі екенін көреміз.Бұл жағдайда адам сезіміне екі түрлі әсер етеді.
6.Динамикалық белгілер әр әннің мазмұнын ашуға берілетін таңбалар.
fp. mf. ff. pp. mp.
7.Дыбыс деп мелодияның ең бір кішкене бөлігін айтамыз.Негізгі дыбыстарымыздың барлығы баян және фортепиано деп атайтын музыкалық аспаптардан байқау қиын емес.
Міне, әрбір орындаушы шығарманы орындар алдында композитор жазған музыканың тексін жақсылап үйреніп, автор көрсеткен барлық белгілерді де мезгілінде іске асырып, ойнай білу шарт. Осы жоғарыда айтылған мәселелерді және композитордың тыңдаушыға жеткізейін деген түпкі ойын іске асыру үшін орындаушы жетік үйреніп, көп еңбектенеді.
Сондықтан орындаушы шығарманың идеясын, формасын, фразаларын жақсы түсініп, көпшілікке таныстыра алатындай болғанда ғана орындап береді.
Шынында, музыкалық терминдер мен әсемділіктерді, дауыс тембрлері мен ойналу, айтылу темптерін білген жақсы: тыңдап, түсінуге жеңілдік туғызады. Әркім дауысты, мелодияны түсіне білуге, жай әннен күрдері шығармаларды ажырата білуге міндетті. Сопраноны баритон деп шатастырып, симфонияны оратория мен романсты әнмен ажырата білуге осы тақырып негіз бола алады.
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай сөздерін еріксіз еске алуға тура келеді. Өйткені жақсы ән мен тәтті күй, біріншіден адамның рухани шабытын арттырады, серпілтеді, екіншіден көңіл кірбіңінің жоғалуына себепші болады. Сондай-ақ, өте әсерлі жеткізуімен сауатты көркемдеуі көңілге жылы тиген музыка сарыны кісінің бастап кешкендерін, жастық шақтарын көз алдына елестетеді. Кейде тіпті арман асуына жетелеп, ерлікке, батырлыққа, батылдыққа бағыттайды.
Музыка маман ретінде айтарым, қазақ халқының музыка өнері бұдан да биікке шарықтап, болашағы жарқын, жұлдызымыз жарық болғай.
Достарыңызбен бөлісу: |