Жедел (өзекті тың ақпарат алу )
Ақпараттық (тұтынушыға итерактивті веб-арналардың көмегімен жеткізіледі)
Коммуникациялау(электр желілерінің көмегімен жедел байланысатын оқуға қатысушылардың педагог, мамандардың саны өседі)
Педагогикалық (телекоммуникациялардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай интерактивті, технологиялық және дәлелді бола түседі)
Экономикалық ( көлік шығыстарын, қағазбен іс жүргізу, оқу құралдарының таралуы азаяды).
Психологиялық (оқушының өзін танытуы ү.шін дәстүрлі эмоциялық- психологиялық жағдайлармен салыстырғанда анағұрлым жағдайлар жасалау)
Қашықтықтан оқыту - адам білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі.
Компьютерлік желі – бір-бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда, желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғырларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютер лердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр.
Әдебиеттер
[Мұхамбетжанова С.Т. «Білім беру мекемелері қызметкерлерінің ақпараттық – телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері» 2006ж.]
[Информатика негіздері №4.2006ж.]
[Бастауыш мектеп №3.2005ж., №4. 2006ж.]
Достарыңызбен бөлісу: |