«Жыл мезгілдері»
Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.
«Иә, жоқ»
Мақсаты: ұсынылып отырған жаттығу арқылы оқушылар жиналып қалған жағымсыз эмоцияларынан арылып, жағымды қарым-қатынас құруға ынталанады. Жаттығу соңында сынып оқушыларының жұмыс істеуге деген қабілеті байқалады. Сыныпта шу болуы мүмкін. Кейде балалар бір емес, бірнеше адаммен жауаптасулары да мүмкін.
Нұсқау: «Жұптарға бөлініп, бір-біріңе қарама-қарсы тұрыңдар. Жұптарыңда кім «Иә», кім «Жоқ» жауаптарын тыңдайтынын анықтаңдар. «Иә» жауабынан ойын басталады. Екінші бірден «Жоқ!» деп жауап қайтару керек. Бірінші адам аздап дауысын көтеріп, тағы да «Иә» десе, екіншісі де көтеріңкі дауыспен «Жоқ!» дейді. Әрқайсыларың әуел бастан таңдап алған сөзді ғана қайталауларың қажет. Ол сөздерді өздеріңнің қалауларың бойынша ақырын, қатты, дөрекі, сыпайы түрде айтуларыңа болады. Осы екі сөздің көмегімен шағын дау өткізулеріңе болады, бірақ бір-бірлеріңді ренжітуге болмайды. Тоқтату туралы белгі берілісімен, ойын тоқтатылады».
Жаттығуды талдау:
Өзіңді қалай сезініп тұрсың?
Саған қай сөзді айтқан ыңғайлы: «Иә» сөзі ме, әлде «Жоқ» па?
Сенің дауыс ырғағың қалай болды? Қатты ма, әлде ақырын ба?
«Иә, жоқ - 2»
Оқушыларға парақ таратылып беріледі. Олар жанындағы жұбына көрсетпей, оны балайтын бір ертегі, әдеби немесе мультфильм кейіпкерінің атын жазады. Мысалы, әдебиеттен оқыған шығарманың кейіпкерлерін жазғызуға болады. 7-сыныпта: «Құрмаш, Аян, Тортай, Қали т.с.с.» Содан соң жұбының арқасына қағазын жапсырып қояды. Енді бәрі сыныпты аралап жүріп, бір-біріне сұрақ қоя жүріп өз жұбын табу керек (сол әңгімедегі барлық кейіпкерлер бірін-бірі тауып алулары керек.) Сұрақтарға «Иә, жоқ» деп қана жауап беру керек.
«Идея туралы пікір»
Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз, бұл ой туралы басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытыңыз.
Мысалы. “Сіздер _________идеясы туралы не ойлайсыздар?
«Инсерт»
Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.
«V» - «Білемін»
|
«-» «мен үшін түсініксіз»
|
«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»
|
«?» - «мені таңғалдырады»
|
INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін аңықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:
Бұрынғы білетін Түсініксізді Зерделей Жаңа ақпаратты қабылдау
нәрсе анықтау қарау, тану
Достарыңызбен бөлісу: |