Проблеманы талдау тобы туындаған идеяларды жүйелейді. Жүйелеу барысында келтірілген идеялардың тізімі жасалынады.
Әрбір идея басқа да толықтырушы немесе қосалқы идеяларды айқындау мақсатында талданады.
Негізгі және қосалқы, толықтырушы идеялар топтамаларға (кешендерге) біріктіріледі. Олардың ұқсас қасиеттері мен ерекшеліктері зерттеліп, проблеманы шешудің жалпылама мәселелері анықталады.
Бесінші кезең:
Идеяларды «жоққа шығару»: бұл жерде «ой қозғау» оларды жүзеге асыруда қандай кедергілер бар екендігін анықтауға бағытталған.
Алтыншы кезең:
Айтылған сын мен сыни ескертпелерді бағалау.
Іс-тәжірибеде қолдануға мүмкін идеялардың қорытынды тізімін дайындау. Тізімге сыннан өткен идеялар мен оларға қарама-қарсы келтірілген идеялар жазылады.
Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалогқатысушыларды үш топқа бөлген жағдайда тиімді әрі нәтижелі болады: 1) идея туындатушы; 2) проблемалық жағдаятты талдау және идеяларды бағалау, 3) қарама-қарсы идеяларды келтіру. Біраз уақыт жұмыс жасағаннан кейін топтардың рөлдерін алмастырып отырған да орынды.