Оқытудың АҚпараттық технологияларын мектепте пайдаланудың дидактикалық принциптері



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата04.04.2023
өлшемі427,61 Kb.
#79235
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
362-499-1-SM

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(82), 2020 
56 
қорына жол ашады, аз уақыт ішінде кітаптан керекті мағлұмат табуға болады. Қазіргі уақытта 
білімді ақпараттандыру міндеттерін шешуді баяндайтын ғылыми әдебиеттерде оқу орындарының 
білім беру процесінде ақпараттық технологияны қолданудың бір-біріне қарама-қайшы келетін 
әртүрлі дидактикалық қағидаларын кездестіруге болады. Осы мәселе бойынша келесі фактіге назар 
аудару қажет. Зерттеушілердің басым көпшілігімен осы мәселеле бойынша, компьютерлік оқыту 
ерекшелігін көрсететін арнайы қағидалар жүйесін құру немесе оқу процесінде жеке ақпараттық 
құралдарды қолданудың дербес қағидаларын әзірлеу жолында жұмыс жасалғанына назар аударған 
жөн.
Қолданыстағы ақпараттық технологияны пайдаланудың дидактикалық қағидаларын бағалау 
оның дұрыстығына күмән келтіреді. Себебі, жүргізілген талдау көрсеткендей, келтірілген қағидалар 
мағынасы бойынша мүлдем жаңа емес, тек белгілі бір дәрежеде толықтырып, нақтылап дәстүрлі 
дидактиканың қағидаларын дамытады және бағдарламалық оқыту қағидаларын толықтырады. 
Әрине, жалпы алғанда, мұны дұрыс деп бағалау керек, бірақ кейін бұл бізді тұғырыққа әкелуі 
мүмкін. 
Соңғы жылдары оқыту құралдарының саны қарқынды өсіп келе жатқанын ескерсек, әрбір 
жаңадан құрылатын оқыту құралы үшін оған арнайы қағида әзірлеу мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, мектепте оқыту әдістемесін дамытудың қазіргі 
кезеңінде және ақпараттық технологияны қолдануға қойылатын әдіснамалық талаптарды 
анықтағанда, дидактикалық қағидаларды жаңасына ауыстыру туралы сөз қозғамай, тек оларды кез 
келген жағдайда конструктивті пайдалануға мүмкіндік беретіндей, оның мазмұнын қайта қарап, 
толықтырып отыру қажет деп есептейміз.
Осы айтылғанды іске асыруға мүмкіндік беретін дидактикалық қағидалар жүйесін негіздеу 
және анықтау үшін М.В.Звереваның [23], М.Н. Скаткиннің [24; 3], Е.Е. Минченков [25], В.И. 
Кузнецов В.И. [26], Майкл Ульженстің [27] еңбектерін, сонымен қатар, ақыл-ой әрекеттерін кезең-
кезеңмен қалыптастыру, бағдарламаланған, модульдік және проблемалық-әрекеттік оқыту 
теорияларында ұсынылған жеке идеяларды негізге аламыз [28; 19]. Мұндай тәсіл қазіргі уақытта 
соңғы теориялар компьютерлік оқытуды іске асыру кезінде базалық ретінде қолданылатындығымен 
байланысты. Бұл ретте мектепте ақпараттық технологияны пайдалану процесіне қойылатын 
талаптар жүйелік тәсіл тұрғысынан қаралатын болады. 
Төменде дидактикалық процесте математика сабағында іске асырылатын дидактикалық 
жүйеге (оқытудың әдістері, құралдары мен формалар жүйесі) қатысты қағидалардың ғана мәндік 
мазмұны ашылады.
Оларға келесілерді жатқызуға болады: дидактикалық процесс пен дидактикалық жүйенің 
оқу заңдылықтарына сәйкестігі; теориялық білімнің жетекші рөлі; оқытудың білім беру, тәрбиелеу 
және дамыту функцияларының бірлігі; білім алушыларды оқып үйренуге ынталандыру; 
проблемалық, ұжымдық оқу жұмысын оқытудың даралау әдісімен біріктіру; ойлаудың 
абстрактілігін көрнекілікпен үйлестіру қағидасы; оқытудың жеке тұлғаның белсенділігіне 
бағдарланғандық қағидасы; оқу-ақпараттық базасының оқыту мазмұны мен дидактикалық жүйеге 
сәйкестігі. Жоғарыда аталған барлық қағидалар дәстүрлі және компьютерлік оқыту 
технологияларына қойылатын талаптар жүйесін анықтайды. 
Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық. 
Дидактикалық процесс пен дидактикалық жүйенің оқу заңдылықтарына сәйкестік 
қағидасы топқа кіретін барлық басқа қағидаларға қарағанда жетекші болып табылады. Ол 
дидактикалық процесс қалыптасуының алғашқы негізін анықтайды. Себебі, аталған қағида білім 
алушылардың объективті заңдылықтарына, спецификалық байланыстарына сәйкес, білім беру - 
оқып үйрену - білім беру мазмұны арасындағы тұрақты тәуелділікке сәйкес оқу-танымдық қызметін 
ұйымдастыру қажеттігін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет