Зияты жеңіл және орташа зақымдалған балалардың таным әрекеттерін тексеру әдістерін ашып көрсетіңіз



бет1/2
Дата14.11.2022
өлшемі24,39 Kb.
#49852
  1   2
Байланысты:
Зияты зақымданған танымдық әрекеті


Зияты жеңіл және орташа зақымдалған балалардың таным әрекеттерін тексеру әдістерін ашып көрсетіңіз.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ой кемтар балалар. Ақыл ой кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдық әрекеттегі ауытқулары бар.
Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғарғы психикалык функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудін бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік - еріктік сфера, моторикасында және тұлғалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.Ақыл-ойы кем балаларды қалыпты балалармен салыстырғанда әр түрлі сезімінің бұзылысы және обьектілермен ситуацияларды қабылдау бұзылыстары болады. Ақыл- ойы кем балалардың қабылдауы және түйсік дамуы баяу жүреді. Олардынң қабылдауының баяулығы оның психикалық дамуына түйсіну, сезіну ерекшеліктерін кеңес псиахиатыры кеңінен зерттелген. Олар: И. М. Совольв, В. И. Верецовская және тағы басқалары зерттеген. Ақыл- ойы кем балалардың көру темпінің баяулығын В. И. Верецовская зерттеген. Оның зерттеулері келесі жағдайларда өтті. Ол зертеушілер көзге түсерлік суреттердің ішіне балаларға таныс заттарды айтуды сұрайды. Мысалы: алма, мысық, қарындаш т.б. Суретті анықтау арнайы прибор арқылы уақыт жүргізді. Біз зертеулер 22 милисекунтдқа созылады. Суреттерді 3 топтағы зерттеушілерге ұсынды. Олар&
1. Қалыпты ер адамдар
2. Жалпы мектептегі 1-сынып оқушылары
3. Көмекші мектептің 1-сынып оқушылары
Берілген қысқа уақыт ішінде қалыпты ер адамдар заттардың 72% дұрыс тапты. Жалпы мектеп оқушылары 57 % заттарды тапса, ал көмекші мектеп оқушылары бірде-бірте затты тауып үлгермеді. Бұл зерттеулер қайталанып, уақыт мөлшері де қайталанды. (42милмсекунд). Ер адамдарға берілген уақыт заттық бейнені айтуға толық жетті. Жалпы мектеп оқушылары 95 % ал көмекші мектеп оқушылары заттың тек жартысын тапты 55 % таныды. Бұл эксперимент нәтижесінде ақыл-ойы кем балалардың көріп қабылдау баяу екендігі дәлелденді.Сонымен қатар ақыл-ойы кем балалардың көріп қабылдау бөлігі анық екені байқалады.Қалыпты балаларды салыстырғанда ақыл-ойы кем балардың көру өткірлігінің бұзылысы айқын көрінеді. Ақыл-ойы кем балаларға объект және құбылысты танудың өзгешелігі тән. Олар кейбір заттардың айырмашылығын айыра білмейді. Сонымен қатар төменгі сынып оқушылары затты қабылдауда оъектінің өзгерген жағдайында қабылдауда қиналады.
Ақыл- ойы кем балалардың суретті қабылдаудын өзіндік ерекшелігі бар: сюжеттік суретті түсіну, қабылдаған затты анализ және синтез жасау арқылы жүргізіледі. Оқытудың алғашқы кезегінде көптеген ақыл-ойы кем балалар суретті көру балаларда көзге көрген объектіні ретсіз атай береді және басқа объектіні атауда қиналады. Олар объектіні мағыналық топқа бөлмейді және жалпы мазмұнын сипаттайды. Мысалы: алғашқы қонырау суреті болсын. Суретті қарау кезінде оқушылар қыздың киімінің көптеген белгілерін атайды. Бірақ ешқайсысы мектепке қыздың бара жатқанын ескермейді
Дамуында ауытқуы бар балардың зейіндерін зертеуде көптеген зерттеушілер үлес қосқан. Л.С. Выготский ырықсыз зейінің жетілмеуін сөйлеу тілі бұзылысымен байланыстырған.Ал соңында өзін - өзі басқару, яғни өз тәртібін зерттеумен балған. Көмекші мектеп оқушыларының зейінінің дамуы өте төмен. Олар қандай бір объектіге немесе бейнеге қарағанда олардың ең негізгі элементерін байқамайды. Психикалық белсенділерінің ауытқуының ең негізгі себебі: бас миының фазалық жағдайының қысқы уақыттық үзілісі. Оны психологтар басқаша психикалық процестің шаршағышы деп атайды. Бұл шашағыштық ақыл-ойыдың, бірақ белсенділігінен кейін пайда болуы мүмкін. Мұндай психикалық белсенділік тонусынының төмен түсуі, әрбір жалпы мектептегі жүйке жүйесі әлсіз балаларда кездеседі. Дегеніменде көмекші мектеп оқушыларының психикалық белсенділік тонусының төмендеуі жиі жүреді. Ал мұндай балаларды Е.Д.Хомская және Э.С.Мандрусова зерттеген.
Ал А.Р.Лурия және Е.Д. Хомская зейіннің нейрофизилогиялық негіздерін қарастырады. Е.Д.Хомская зерттеуінде селективті зейінге аса мән берілген. Бұл зейін қажетті ақпаратты және ұстауын қарастырған. Сонымен қатар зейінің тұрақсыздығында қарастырған. Оны қарастыру барысында себептерін анықтай отырып, шартты ақыл-ой әрекетін кеңінен зерттеген.
Баланың дамуында есте сақтау аса маңызды болып табылады. Ол есте сақтау арқылы бұрынғы жиған білімдерін жалпылануы және жинақталуы. Білім алу жүйесінде пайдаланады. Егер ес процесі жоқ болса, адамның тұлғалық қалыптасуы мүмкін емес. Көптеген ғалымдарының зерттеулер негізінде ақыл- ойы кем балардың психикалық процестердің даму әлсіздігі кеңінен сипатталған. Сонымен қатар ақыл- ойы кем балалардың білім алуы және оқу процесінднгі қиындықтар таным процестерінің ерекшеліктерге байланысты қарастырған. Осы орайда ақыл-ойы кем балалардың жаңа білімді өте баяу меңгеретіндігі және оны меңгеруде ұзақ қайталауларды қажет ететіндігі және қабылданған ақпаратты ұзақ есте сақталмауы толық сипаталған. Ақыл-ойы кем балалардың жаңа білімді баяу және нашар меңгеруі олардың жүйке процестерімен тығыз байланысты.
Ақыл-ойы кем балалардың есте сақтауындағы кемшіліктерді, көбінесе Л.С.Выготскийдің терминінен табады, кемшіліктері ақыл-ойы кем балаларға тапсырма берілсе асықпай ойланып, бірнеше қайталау арқылы сұрақтарды қойсада жауап бере алмайды.
Көбінесе есте сақтаудың жеткіліксіздігінің себебінен, көбінесе балаларға кемшіліктер айтылады. Себебі: баланың жүйке жүйесінің дұрыс еместігі немесе бас миының зақымдану салдарынан есте сақтаудың тұрақсыздығы байқалады.
Дамуында ауытқуы бар балалардың ойлау қызметінің қалай қалыптасатынын білу үшін нормадағы ойлаудың қызметін еске түсіру қажет. Ойлау ол біріншіден жалпылаған ой.Жалпылаған ой қабылдаудан негізделген. Бала әрбір затты тану үшін оның ойында қабылданған зат қандай жалпыланған бейне екенін біліп алу керек. Ал ақыл – ойы кем балалардың ойлауы өте төмен. Сондықтан сөйлеу тілі бұрмаланады.
Ақыл-ойы кем балалардың ойлау кемістіктері олардың кез келген әрекеттерінде айқын байқалады. Ойлаудын ең негізгі кемістігі жалпылаудың әлсіздігі. Оқыту процесінде бұл шарттар мен жалпы түсініктердің нашар меңгеруінен көрінеді. Олар берілген тапсырманы жаттанды түрде орындайды. Ондағы негізгі мағынаны түсінбейді. Сондықтан грамматика, арифметика пәндерін меңгеруді ақыл- ойы кем балаларға бір қатар категориядағылар балалар үшін басқада оқу пәндерін игеру қиынға соғады.
Ақыл-ойы кем балаларда сөйлеу тілі кем дамиды. Негізгі себептерінің бірі барлық анализаторлардағы шартты байланыстардың өндірістік баяулығы, бас ми функциясының әлсіздігі жүйке процестерінің бұзылуы. Сонымен қатар сөйлеудің дамымауы есту анализаторы аймағындағы шартты байланыстың тұрақсыздығына және баяу қалыптасуынан пайда болады. Осының негізінде бала сыртқы орта дыбыбыстардын баяу айырады және сөздерді баяу қабылдайды. Ол керең емес, сыбырлаған сөздерді жақсы естиді, бірақ оған айтылған сөздер топтаспағанболып есептелінеді, яғни басқаша айтқанда шет тілі естіп тұрғандай жағдай болады. Бұл жағдайда балалар аздаған сөздерді ғана ескеріп қана айырады және түсінеді. Олигофрения кезінде дамудың баяулығы сөйлеу тілі дамуына кедергі келтіреді. Ақыл-ойы кем балалардың алғашқы жеке сөздері 2-3 жастан пайда болады, ал қысқа фразалар 5-6 жастан пайда болады. Мектепке барар кезінде бірден сөйлеу дамымаушылығы болады. Көмекші мектеп оқушыларының сөздік қоры аз болып келеді. 1-сынып оқушыларының сөйлеутілі,граматикалыққұрылымы өте төмен.Олар күрделі құрмалас сөлемдерді қолданбайды. Өз ойларын білдіруге қиналады. Олар сөйлемді байланыстыра алмайды.

Көмекші мектептегі оқушылар құрамының психологиялық мінездемесі балаға кәсіби тұрғыдан бақылау жасаудағы мұғалімнің әрекеті қажетті ақпараттармен қарулануы арқылы анықталады. Дамудағы кемшіліктің диагнозы мен тарихын білу оқушының психикалық жағдайы мен тәртібіндегі ерекшеліктерді жақсы түсіну, оқыту мен тәрбиелеу ісінде мақсатқа бағытталған жеке әдістерді таңдай білуге көмектеседі.


Көмекші мектептегі оқушылар құрамын практикалық мақсатта анықтау үшін дамудағы кемшіліктердің себептерін ұрық кезінде немесе ерте нәрестелік шақтағы бас миының зақымдануы және мектепке дейінгі, ерте балалық шақтағы бас миының зақымдануы түрінде екі топқа бӛліп қарастырамыз. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балалар VIII түрдегі кӛмекші мектептерде білім алады. Арнайы мектептегі оқушылар құрамын «олигофрения» клиникалық диагнозы қойылған балалар құрайды. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқытудың еркшелігі мынадай белгілермен анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет