193
берілген тапсырмаларды қандай жағдайда болмасын орындауға
ұмтылуы, жұмыс орнының тазалығын сақтауға қатысу, өзі жұмыс
істеп отырған кәсіпорынның ішкі және сыртқы тәртібімен танысуы,
жаңа технологияларды қолдануда тек оқытушының ғана емес,
сонымен
қатар,
кәсіпорындағы
жауапты
тәлімгердің
жетекшілігімен меңгеруге ұмтылысы, қоғамдық, мәденитынығу іс-
шараларына қатысу және т.с.с. білім алушы өзін ұжымның бір
мүшесі ретінде сезінуіне ықпал етеді.
Бүгінде дуальды оқыту жүйесін қолдану тәжірибесі келесі
артықшылықтарды айқындайды: дуальдық жүйе оқытудың дәстүрлі
түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін - теория мен тәжірибенің
арасындағы алшақтықты жояды; дуальды жүйенің механизмінде
мұғалімнің жеке тұлғасына әсер ету, білім алушының жаңа
психологиясын жасау жатыр. Білім алушыларда білім алу мен
дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі олар білім
сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына
тікелей байланыстылығын сезінеді; жұмыс берушімен тығыз
байланыста жұмыс жасаушы оқу орны білім алушыларға
қойылатын талаптарды ескеріп отырады; жұмыс берушілер
өздеріне білім алушыларды қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: