Қожаберген жырау



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата29.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#2962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ
АЛҚАКӨЛ СҰЛАМА. 
 
Бҧл қырғын жаппай барша қазаққа ауды, 
Наймандар тастап кҿшті Алтай тауды. 
Жалайыр, Найман – Қоңырат, Қарақалпақ, 
Қиналды тоқтата алмай келген жауды. 
 
Теріскей Алатауды қалмақ алды, 
Найман мен Қоңыратты қуып салды. 
Қайран жер жау иелігіне кҿшкеннен соң, 
Жоңғардың Алатауы деп аталды. 
 
Сауыр, Сайхан тауларын Ойрат алды, 
Қаңырап Тарбағатай, Жайсаң қалды. 
Найзалап балаларды қанішер жау, 
Аямай қырды ҽйел мен кемпір-шалды. 
 
Қырылу Алакҿлден басталып тҧр, 
Қазақтар Ҧраңқайдан жасқанып тҧр. 
Ресей мен Қытайға арқа сҥйеп, 
Жоңғар сҧм сол екі елден кҥш алып тҧр. 
 
Қазақты Шорос қолы бас салып жҥр, 
Мекені ҽр ауылдың бос қалып жҥр. 
Жалайыр, Найман-Қоңырат, Қарақалпақ, 
Айырылып қонысынан зар жылап жҥр. 
 
 

 
61 
Ордос, Шарақ, Харачин – бҽрі қалмақ, 
Оларды Ресей, Қытай алған жалдап. 
Қолына кҿп дҽу мылтық тигеннен соң, 
Келеді жолдағы елдің бҽрін жалмап. 
 
Еділдің батысындағы қалмақтарға, 
Қатыс деп біз бастаған шатақтарға. 
Астыртын жоңғарлардан жеткен хабар, 
Ҧрын деп батыс жақтан қазақтарға. 
 
Ызғарлы кҥншығыстан жел келеді, 
Шҧбырған Алтай жақтан ел келеді. 
Еділден Ҧбашы қалмақ тағы шапты, 
Зор бҿгет тас маңдайға кез келеді. 
 
Кҿздерін қызықтырып Самар дала, 
Жер ҥшін кҿңілдері болып ала. 
Убашы, Хорос, Шорос, Телеуіттер, 
Кіші жҥз елдеріне жапқан жала. 
 
Бҿлініп ҿз жҧртынан кеткеніне, 
Батыстан барып қоныс тепкеніне. 
Жҥз жылдан аса азғана уақыт болды, 
Еділден бас сауғалап ҿткеніне. 
 
Естекпен солар ашқан арамызды, 
Ҧлғайтып ушықтырып жарамызды. 
Еділден ҿтпей бҧрын шығыстан кеп, 
Он жылдай мекендеген даламызды. 
 
Улантып жаулықпенен санамызды, 
Жылатып кемпір-шал мен баламызды. 
Еріксіз баса кҿктеп келсе-дағы, 
Ақыры тастап қашқан даламызды. 
 
 

 
62 
Ол соғыс Есімханның тҧсында ҿткен, 
Қалмақты Дҽулен атам қырған шеттен. 
Шығысқа қайтар жолы кесілген соң
Жер таппай паналайтын есі кеткен. 
 
Жолы қиылып жеріне қайта алмаған, 
Қазақпен соғысудан қалжыраған. 
Қырылып алпыс мың тҥтін қақ жартысы, 
Қалғаны ес жия алмай абдыраған. 
 
Қарамай алды-артына қашқан қалмақ, 
Сал жасап Еділден ҽрең ҿтіп кеткен. 
Қҧл болып қызметіңді атқарам деп, 
Жеріне Ресейдің барып жеткен. 
 
Қалмақты Ресей патшасы қабыл алған, 
Мылтықпен жауыздарды жабдықтаған. 
Қалмақтың ҽр тайпасының тҧқымы бар, 
Отыз мың ҥй тағы есін жиып алған. 
 
Мылтық атуды ҥйретіп қалмақтарға, 
Ресей мақсҧтына пайдаланған. 
 
Жерінен мҧсылманды қуу ҥшін, 
Ноғайға қалмақтарды айдап салған. 
Орыстың қоластына енген дҧшпан, 
Ноғайды жер-суынан қуып салған. 
 
Сонан соң Ноғай жерін мекендеген, 
Жан-жаққа мойнын созып оңмең деген. 
Ресейдің кҿмегімен кҽпір қалмақ, 
Еділде Алшшын жерін иемденген. 
 
Сол қалмақ кҥнбатыстан жасап жорық, 
Кҿрсетіп жатыр ҽне жҧртқа қорлық. 
 

 
63 
Дес бермей екі жақтан соғыс бастап, 
Жасап тҧр халқымызға сансыз зорлық. 
 
Ресейдің қолтығына еніп алды, 
Солардың мылтығымен қаруланды. 
Жоңғарға батыс жақтан демеуші боп, 
Жҧртына Кіші жҥздің ойран салды. 
 
Осылай екі беттеп тиді қалмақ, 
Ғаскерін кҥн-тҥн демей жиды қалмақ. 
Қазаққа екі жақтан шабуылдап, 
Тҥсірді бейбіт елге ауыр салмақ. 
 
Ҥш жҥзге дҧшпан болып шығыс жақтан, 
Қытай да қаскҿйлігін жасап жатқан. 
Айдап сап қалмақтарды халқымызға, 
Кҿк шалғын сахарамды шаң, қан жапқан. 
 
Бҧл заман, қай-қай заман, қайғы заман, 
Бос кеткен ер еңбегі зайғы заман. 
Айырылып бала-шаға, мал-мҥлкінен, 
Жҧртыма апат келді ҿте жаман. 
 
Алтай мен Жайсаң жақтан кҿш келеді, 
Тай-тайлақ кҿш бас сайын бос келеді. 
Айырылған егізінен қандай ауыр, 
Мҿлдіреп қара кҿзге жас келеді. 
 
Ҥш жҥзді кҿрші елдер жоқ аяп жатқан
Жат болды мҧсылмандар дінді ҧмытқан. 
Қол ҧшын Қоқан, Хиуа бермек тҥгіл, 
Дҧшпанмен бірдей болды пҽле баққан. 
 
Кҥшігі Сыбан Рабтанның Шона Даба, 
Халқыма оқ жаудырды келе сала. 
 

 
64 
Найман мен Жалайырды қуып тастап, 
Қҧрығын тағы салды Дулаттарға. 
 
Ҿлеңге қостым кҿзбен кҿрген кепті, 
Халқымды қырғын соғыс тентіретті, 
Жалайыр, Найман, Қоңырат, Қарақалпақ, 
Жеткізбей жау тобына ҧзап кетті. 
 
Бостырып Жалайыр мен Наймандарды, 
Алтай мен алатауды қалмақ алды. 
Найман-қоңырат елдерін Барақ бастап, 
Сарысу бойына ҿтіп қоныстанды. 
 
Кҿп жылғы мол дайындық арқасында, 
Паналап дҽу мылтықтың қалқасына. 
Екпіндеп ілгерілеп жетті жаулар, 
Қаратал, Іле мен Шу, Балқашыңа. 
 
Ҧзынағаш-Ҥйсін жері батыс шеті, 
Дҽл биыл соған ауды жаудың беті. 
Аға ҧлы-ҥлкен жҥзге келіп тиген, 
Ойраттың қазақты аяр жоқ ниеті. 
 
Сҧм қалмақ Ҥш жҥз қанын судай шашты, 
Мылтығы кҿп болған соң кҥші асты. 
Жау шауып, есі шыққан момын Дулат, 
Арғын мен Қыпшақ жаққа кҿше қашты. 
 
Ҧзамай Іле бойын Жоңғар алды, 
Қаша алмай Албан, Суан жауда қалды. 
Аймағын Жетісудың тҥгел жаулап, 
Дҧшпандар зор жылатты Қаңлыларды. 
 
Амалсыз Шуға ауып Тҿле кетті, 
Соңынан азғана ауыл ере кетті. 
 

 
65 
Жау қалмақ бҥгін бізді жеңседағы 
Тҥбінде оны қазақ жеңер депті. 
 
Шағатын қалмақ болып улы жылан, 
Қоныстан ауды қазақ болып қҧлан. 
Келетін қолдан енді еш дҽрмен жоқ, 
Ажырады ҽке-шеше қыз бен ҧлдан. 
 
Халхилар жақындады Шуға таман, 
Шошынды ел есі шығып одан жаман. 
Кҥн сайын ҽр ауылды жоңғар шауып, 
Орнап тҧр қазағыма ауыр заман. 
 
Замана кҥннен-кҥнге қағынып тҧр, 
Қатал жау ҽрбір тҧстан жабылып тҧр. 
Аяйтын Ҥш жҥзімді кҿрінбейді, 
Талайтын жолбарыстай шабынып тҧр. 
 
Жау болды ағайын ел Естек бізге
Жасады ол да жорық елімізге. 
Қоқанда кҥнгей беттен қоқандады, 
Соқтықпақ Тҥрікпендер тағы бізге. 
 
Ресей ҿршіткен соң ҿсекті де, 
Болғанмен Тҥрік елі есепті де. 
Жатпенен шонжарлары олжалас боп, 
Естектер бірге шапқан ҿстекті де. 
 
Мҧсылман кҿмектеспей мҧсылманға, 
Бермеді қару-жҽрдем қысылғанда. 
Ҿштеспей Тҥрікпен, Естек, Қоқан, Хиуа, 
Жҿн еді қолдың ҧшын ҧсынған да. 
 
Шыңдарын Алатаудың бҧлт басты, 
Кез болып қысақшылық қазақ састы. 
 

 
66 
Жау қалмақ шегірткеше қаптап кетіп, 
Қайран ел есі шығып кҿше қашты. 
 
Хангелді ҿз тобынан бҿлек кетті, 
Бҧл соғыс бізге келген пҽле депті. 
Қоршаудан шыға алмаған Сіргелілер, 
Шанышқы, Ошақтылар зар еңірепті. 
 
Мылтығын Ресей, Қытай қалмаққа сатты, 
Айдап сап малғҧндарды қоқандатты. 
Қырғызып қазақтарды қалмақтарға, 
Орыстар қамалдарын салып жатты. 
 
Бір елі Ҧлы жҥздің Шапырашты, 
Жау қоршап, олардың да қҧты қашты. 
Соғысқа қамданбаған кҿшпеліге, 
Тҧс-тҧстан Хорос, Шорос майдан ашты. 
 
Сары Ҥйсін, Ысты, Қаңлы жауда қалды, 
Қоршаудан Ҥйсін жҧрты шыға алмады. 
Табиғы қалмақтарға болғаннан соң, 
Бек, биі Ҧлы жҥздің корғалады. 
 
Туысқан болыса алмай туысқанға, 
Ҧқсап тҧр бҥгінгі кҥн шын дҧшпанға. 
Қырсығып Бҧхар ханы мылтық сатпай, 
Жат болды Ҿзбек, Тҽжік дін исламға. 
 
Бҧл елдер бізге жҽрдем ете алмады, 
Сертіне одақтастық жете алмады. 
Бҽрі де сырт айналып кеткеннен соң, 
Ешкімнен қазақ кҿмек кҥте алмады. 
 
Қамданған қалың жҧртта кҥш болады, 
Қамсыз елге дҧшпандар тҧс болады. 
Оңтҥстіктен тиді кеп тҥрікпендер, 

 
67 
Сор маңдайға қасқыр да ҿш болады. 
 
Сатпады Хиуа, Қоқан мылтық қару, 
Олардың болды ойы бізді шабу. 
Қазаққа кҥнгей беттен тҥра тиіп, 
Жолдарын ойластырды олжа табу. 
 
Хиуаның тигіш еді мылтықтары, 
Сол мылтық қазақтарға сатылмады. 
Аз еді ел ішінде Кҥлдірмамай, 
Ҿзінің иесінен артылмады. 
 
Болса да Ҿгіз тҥрік тектеріміз, 
Тҥріктің кҿп елінен шеттедік біз. 
Мҧсылман қасқыр болып мҧсылманға, 
Қандастар жат боп кетті дҽл осы кҥз. 
 
Қҧрттатып ет жейтҧғын Қалмақ кҽпір, 
Ҥш жҥздің сахарасын жайлады ақыр. 
Теңемек болып бізбен терезесін, 
Жауығып жҥруші еді тігіп шатыр. 
 
Сегіз жҥз тоқсан бес мың жаудың қолы, 
Доп атқан дҽу мылтықтан аршып жолды. 
Жағалай Ҥш жҥз жерін басып алып, 
Халқыма аямастан қҧрды торды. 
 
Қазақтың сахарасы жҥз қҧлпырған, 
Қытай мен Ресейді қызықтырған. 
Кҥнгейдегі хандықтар кҿз алартып, 
Ҥш жҥзді бассалуға дайын тҧрған. 
 
Жҧртымның жағдайына болып қанық, 
Байлаулы қазақ қолын пайдаланып. 
Иесіз қалған жерге кҥрке тігіп, 
Ресей масайрады қамал салып. 

 
68 
Мылтықсыз жетпеген соң шамалыры, 
Халқымның кҿп қиналды даналары. 
Біздерде мылтық жоғын сезген Ойрат, 
Жҧртымның ҽлсіз жағын шамалады. 
 
Жасақты қоймаған соң ҽрбір шетке, 
Насихат жҥрмеген соң ҽркез кҿпке. 
Кҿшумен кҥні ҿткен аңғал қазақ, 
Тап болды бейғамдықтан зҽр індетке. 
 
Болды ғой заман ақыр япырым-ау
Жарар еді қазақ қалса апаттан сау. 
Ҥлгертпей елден сарбаз жиюға да, 
Соқтықты қапияда мейірімсіз жау. 
 
Айырылды бай-мырзалар саудасынан, 
Бектердің ҧшты бақыт сау басынан. 
Аң аулап жҥрген шағы тҥске айналып, 
Жаңылды хан, сҧлтандар тҽубасынан. 
 
Ажырады ер інісі мен ағасынан, 
Тҿмендеп бҧрынғы ерлік бағасынан. 
Ҿсірген ҽлпештеп-ақ ҧл менен қыз, 
Адасып қалды-ау ата-анасынан. 
 
Ҥш жҥздің қалмақ алып кҥншығысын, 
Қазақтың тоздырып тҧр кҿп ҧлысын. 
Атқылап дҽу мылтықпен ауылдарды, 
Тарылтты мҧрша бермей ел тынысын. 
 
Дҽл биыл қырсыққандай жаумай жауын, 
Қызыл жел ҥдей тҥсіп соқты дауыл. 
Шҿп шықпай, егін шықпай, қуақшылық боп, 
Қуратты дихандардың бақша-бауын. 
 
 

 
69 
Қысқа қам жасауға ел ҥлгермеді, 
Шабындық қиын болды ҿртенгені. 
Доп атып, дҽу мылтықтан ата жалар, 
Қазақты қорғануға келтірмеді. 
 
Сақтауға ҿз бастарын кейбір тҿре, 
Қалмақпен қҧда болып, амал қылған. 
Жаудан аман қалуға тҽсіл тауып, 
Шабылмай ауылдары есен тҧрған. 
 
Жоңғарға кей тҿрелер елді сатқан, 
Кҿсемі жоқ қазақтың басы қатқан. 
Жасанып жарақтанған қанқҧйлы жау, 
Жҧртымды ойрандады тыныш жатқан. 
 
Еділ-Жайық бойынан жҧрт ағылған, 
Алатау, Алтай жақтан ел сабылған. 
Халықтың бас-аяғы жиналмай-ақ, 
Естілді жау дабылы кҿп қағылған. 
 
Соғысты Қазақ, Татар тілемеген, 
Қалмақша кҿкірек керіп шіренбеген. 
Жеріме Ҧраңқай, Халхи ҿрт салғанда, 
Қалмады ел жауды қарғап-сілемеген. 
 
Айырылп талай елдер мекенінен, 
Қоштасты ҿзен, кҿлді ҽсем жермен. 
Сыр бойы, Қаратау да қоныс болмас
Келсе де Қоңырат-Найман Алакҿлден. 
 
Адамын Шу бойының отап салды, 
Таразды шабуылдап Қалмақ алды. 
Дҽу мылтықтан доп атып, жол тазартып, 
Сайрамның шаһарын кеп қоршауға алды. 
 
 

 
70 
Жеңіліп Сайрам халқы кетті босып, 
Ҥнінен дҽу мылтықтың қатты шошып. 
Есі кетіп, басы ауған босқын елді, 
Жауыздар атқылады алдан тосып. 
 
Сайрамға таяу еді жасыл қала, 
Кҽпірлер барып жетті тап сол маңға. 
Шаһардың бейбіт халқын қырды қалмақ, 
Айнымай ҧқсап тура жыртқыш аңға. 
 
Шымкентке Торғауыттар басып кірді, 
Хош кҿрмей, оқ жаудырды бірме-бірді. 
Қаланың тірі қалған халқы қашты, 
Жамылып жанталасып айсыз тҥнді. 
 
Шымкентті жасыл қала дейтін халық, 
Кҥн кҿрген тҧрғындары егін салып. 
Қызығы бір-ақ кҥнде ғайып болды, 
Кенеттен қалмақтардың ҿрті шалып. 
 
Жаулар кеп Тҥркістанды алды орап, 
Бҧршақша дҧшпан оғы кетті борап. 
Жан-жаққа жеңілген ел жҿнелді ауып, 
Ілезде шҧбырынды іздер болды сорап. 
 
Тҥркістан - Ҿгіз Тҥрік бас қаласы, 
Бҧл кҥнде Қазағымның астанасы. 
Қанішер Ойрат қолы жаулап алып, 
Оның да шығып жатыр масқарасы. 
 
Хакімі еді Тҥркістанның Уҽли тҿре, 
Ол-дағы қаза тапты кҿппен бірге. 
Жастарды қолма-қолға келтірмеді, 
Жастығын ала ҿлер еді бірме-бірде. 
 
 

 
71 
Білеутке олжаланып малы-басы, 
Шаһардың қырғын тапты кҽрі-жасы. 
Шалқыған мол дҽулетті қазағымның, 
Болмады-ау, осы кҥнде ішер асы. 
 
Ҥш жҥздің жауда қалып астанасы, 
Қырылды кент жҧртының жас баласы. 
Тапталып ат тҧяғына перзенттері, 
Есі ауып қаңғып кетті-ау, ата-анасы. 
 
Бір тобы жаудың барып Созақты алды, 
Оқ атып шаһар халқын жайпап салды. 
Аймағын Қаратаудың тҥгел жаулап, 
Бойында Қуаң Сырдың асыр салды. 
 
Созақтың кҿне аты-Аяз қала, 
Ертеде шықсада одан талай дана. 
Бҧл кҥнде жау ҽскері оқ жаудырып, 
Есепсіз кҿп қырылды бала-шаға. 
 
Бастарын Қаратаудың мҧнар жапқан, 
Сылдырап Сырдың суы сылаң қаққан. 
Жҥргенде қалың жҧртым кҿшіп-қонып, 
Кенеттен қалмақ қҧрды қанды қақпан. 
 
Бҧл заман, қай-қай заман, қҧйын заман, 
Шіріткен тамам жҧрттың миын жаман. 
Басталды Алакҿлден жҧрт сҧлауы, 
Мҽңгіртті есті алып қоныс ауған. 
 
Алатаудың басынан кҿш келеді, 
Жорғалар ҽр кҿш сайын бос келеді. 
Атсызды аты барлар ілестірсе, 
Қҧдайым ондай істі хош кҿреді. 
 
 

 
72 
Аң орнына сҧм қалмақ, 
Адамзатты аулаған. 
Алатаудың қырғызын, 
Қапыда шауып жаулаған. 
 
Айналдырды майданға, 
Қаратау, Тҧрфан арасын. 
Соғысуға елдердің, 
Келтірмеген шамасын. 
 
Сібеге киім тіккізіп, 
Дҥнгенге егін еккізіп, 
Дайындады жасағын, 
Бҧйрығын қалмақ ҿткізіп. 
 
Қырғызға малын баққызып, 
Солонға отын жаққызып. 
Ойғырдан ғаскер жинады, 
Кҿнбегенін шапқызып. 
 
Сахаменен Хасқа да, 
Айтқандарын еткізіп. 
Ҽзірлеп қару-жарағын 
Сҿздерін елге ҿткізіп. 
 
Шор, Тҧба, Хас, Саханы, 
Есілҽм діннен айырған. 
Ҿз дініне мойын ҧсынтып, 
Бақытын бастан тайдырған. 
 
Баса салып салығын, 
Еріксіз алып алымын. 
Аяусыз жоңғар талады, 
Кҿрші отырған қауымын. 
 
 

 
73 
Хошоуыт, Дҿрбіт, Телеуіт, 
Қалмақтан шыққан сілімтік. 
Аш қасқырдай қуанар, 
Кездессе жолда ҿлімтік. 
 
Қанға қҧмар Убашы, 
Жҧртты шапса сауыққан. 
Қазақ пенен Ноғайға, 
Орынсыз дҧшпан жауыққан. 
 
Сҧмырай қалмақ ҥйретті, 
Жылқының ҧстап асауын. 
Азық, киім дайындап, 
Жабдықтады жасағын. 
 
Содырлы Халхи, Ҧраңқай, 
Жазықсыз қырды Татарды-ай. 
Мҧсылманды кінҽлап, 
Қылмысынан жалтарды-ай. 
 
Батыста шауып Ноғайды, 
Шығыста қырып Сағайды. 
Ел тонағыш Қалмақтың, 
Ниеті ҽбден қарайды. 
 
Хорос, Шорос, Білеуіт 
Қалмақтың еді жауызы. 
Оғына ҧшып солардың, 
Кҿп ҿлді жігіт жамбезы. 
 
Кҿрші елден алып дҽу мылтық, 
Жыртқыш қалмақ шаттанған. 
Ҽрбір тҧстан қазақты, 
Қҧртамын деп аттанған. 
 
 

 
74 
Біздің қазақ жҧрты да, 
Алты Алаштың біреуі ед. 
Ерте кезден жауынгер
Мҧсылманның тіреуі ед. 
 
Қан тҿккіш, бҧзық Жоңғардың, 
Қалмады ауылы шаппаған. 
Сорына болып Ҥш жҥздің, 
Жаулығын халхи сақтаған. 
 
Тҥркістан, Сайрам, Таразды, 
Қоршады Ойрат жендеті. 
Сҧлатты нелер шаһыбазды, 
Ҽкелген қалмақ індеті. 
 
Кҿрсетіп елге қаһарын, 
Шашып Ҧлы заһарын. 
Ойрандады Ордостар, 
Шымкент, Созақ шаһарын. 
 
Орнатып елге дозағын, 
Жолға қҧрып тҧзағын. 
Мейірімсіз Торғауыт, 
Қаланың қырды қазағын. 
 
Медіресе, Мешітті, 
Убашы қалмақ ҿртеді. 
Қылышпен шауып есікті, 
Лақтыра ашып серпеді. 
 
Адам затты жиіркентер, 
Қалмақтың ісі осындай. 
Бейіттерге де соқтықты, 
Ҿлі аруақтан шошынбай. 
 
 

 
75 
Қару соғу жарандар, 
Ерте кезден басталған. 
Пілтелі мылтық білсеңіз, 
Қарнақта бҧрын жасалған. 
 
Ҽз Тҽуке ҿтіп дҥниеден, 
Шеберлік кҽсіп тҧсалған. 
Хандығымыз ҽлсіреп, 
Қиюы кетіп босаған. 
 
Дҥниеден Тҽуке ҿткен соң, 
Елімде болмай тҧтастық. 
Ҧлдарыңда болған жоқ. 
Ҽз Тҽуекеге ҧқсастық. 
 
Аға –інісінен мықты еді, 
Тҽуекенің ҧлы Ғайып та. 
Сол ҽулеті кҿре алмай, 
Жоймақ болды жаулары. 
 
Аң аулап жҥрген Ғайып ты, 
Астыртын олар ҿлтірді. 
Ҿштескен сол тҿрелер, 
Хандыққа нҧқсан келтірді. 
 
Мейрамтҿбе, шаштҿбе, 
Шаһарлар ҧсақ тым кҿне. 
Бершін, Шаған, Қарашық, 
Қалпына қайта келе ме? 
 
Ақ қорған мен Қос қорған, 
Иран менен Жалқорған. 
Қарнақтың – бҽрін жау алып, 
Ауыр кҥн елге тҧс болған. 
 
 

 
76 
Қиын боп тҧр бҧл кҥнде, 
Мҧсылман жҧрты жағдайы. 
Жайсаң менен Қасқаның, 
Тасқа тиді маңдайы. 
 
Дҽу мылтық аузы жаман қара ҥңгірдей, 
Шошынды ел оны кҿріп, шама келмей. 
Батыс, шығыс кҿршіден мылтық алып, 
Сҧм қалмақ болды ҿзінше ҽулиедей. 
 
Мылтықты жауды кҿріп шыдап болмас, 
Наймандар дҧшпан жайлы хабар берген. 
Кҿрші екі ел қалмақтармен қолдас болып, 
Қазақты қырғызбақ боп желді берген. 
 
Жолығып кҿп мылтықты дҥлей кҥшке, 
Айналды жақсы тҧрмыс кҿрген тҥске. 
Ресей, Қытай, Қалмақ сҧм ақылдасып, 
Алмақшы Қазақ жерін бҿліп ҥшке. 
 
Жаббар хақ қиындықта бізді қолдап, 
Ерлерге ҽулиелер болғай қорған. 
Аруақтар халқымызды желеп-жебеп, 
Арылар кҥн туар ма қалың сордан. 
 
“Шеп сал!” – деп ерте айтқан атам Тҥрік, 
Шеп болмаса салар деп дҧшпан бҥлік. 
Жан-жақтан абайсызда жау кеп алды, 
Жҥргенде мҽз-мҽйрам боп ойнап-кҥліп. 
 
Болған соң қамсыз кҥйде сахарамыз, 
Келмеді қорғануға еш шамамыз. 
Бір хандық ҥш хандыққа бҿлінген соң, 
Қалайша жаудан кекті қайтарамыз. 
 
 

 
77 
Керей, Жҽнібек тҧсынан 
Тҧтас хандық болып ед. 
Істеріне хандардың, 
Бҧқара кҿңілі толып ед. 
 
Қол бастаған ерлерім, 
Алды-артын шолып ед. 
Қолайлы жерге бекініп, 
Қосынымен қонып ед. 
 
Ҧрпақтары олардың, 
Атасындай болмады. 
Тҧтас кҥйді бҥлдірді, 
Айтқан ақыл қонбады. 
 
Апатқа дайындықсыз кез болып ел, 
Соғыста мылтық болмай қырылғанбыз. 
Тынымсыз кҥн-тҥн демей жау атқылап, 
Быт-шыт боп тобымыздан жырылғанбыз. 
 
Дін ордасын былғады сасық қалмақ, 
Доп атып кҿп ауылды ҿтті жалмап. 
Айнала Ҥш жҥз жерін иемденіп, 
Тҥсірді мҧсылманға ауыр салмақ. 
 
Бҧл соғыс қазағыма қатты батты
Қара жер боздақтарды жалмап жатты. 
Қыз алып, қыз берісіп, қҧда болып, 
Кей тҿре ойда жоқта елді сатты. 
 
Қҧдаға Қазақ, Ноғай жарамай ма, 
Қыздары тҿреге жар бола алмай ма? 
Жауынгер Ҥш жҥзімнің жігіттері, 
Тҿре, қожа қыздарын ала алмай ма? 
 
 

 
78 
Не сҧмдық кҽпірлермен қҧда болған, 
Тамағы жаудан жеген харам болған. 
Сасытып һҽм қҧрттатып ет жейтҧғын, 
Дҧшпанға қалайынша кҿңілі толған? 
 
Қалмақпен қҧда болу жарамайды, 
Сондайдан елді ҽрекет аралайды. 
Діні, тілі, тегі жатқа матап беру, 
Жҥрегін бойжеткеннің жаралайды. 
 
Қыздардың обалына қалмау керек, 
Қарғысын бой жеткеннің алмау керек. 
Жауларға еріксізден қыз бергенше, 
Жҥзінде бҧл фҽнидің болмау керек. 
 
Кҿрші екі ел кҿмек бермей тҥпке жетті, 
Қалмаққа мылтық сатып, кҥшті ел етті. 
Жауыздар дҽу мылтықтан доп атқанда, 
Халқымның бірлігі жоқ есі кетті. 
 
Алданып сырт дҧшпанға ҧтылғанбыз, 
Кез болып аждаһаға жҧтылғанбыз. 
Ҧйтқысы еліміздің шайқалған соң, 
Торына ата жаудың тҧтылғанбыз. 
 
Ел едік егін салып, бейбіт жатқан. 
Кҥтпен ек жау болар деп пҽле баққан. 
Қысқа қам жасауға да ҥлгірместен, 
Жолықтық ата жауға дабыл қаққан. 
 
Қазақтар бір-біріне хабар берді, 
Ауылдар арасында жаршы жҥрді. 
Жау келерін жыршылар естігген соң, 
Ҥш жҥздің барлығына тҥсіндірді. 
 
 

 
79 
Еділ мен Сарыарқаға кҿмекке кеткен, 
Сарбаздар тез оралмай жҧрты кҥткен. 
Киінді қыз-келіншек еркектерше, 
Бҧл кҥнде ат ҥстінде адам біткен. 
 
Жаршылар сақтандырып хабарлады, 
Келері жаудың кҿпке тез тарады. 
Елдегі қариялар мен бала жігіт, 
Шықпақ боп жауға қарсы даярланды. 
 
Жабықтан найза ҧшы жалтылдайды, 
Шағылысыппанда айға жарқырайды, 
Кермеге жорау аттар байлаған жҧрт, 
Аузына алды аруақ пен бір қҧдайды. 
 
Қорқақтық қиын істе қол байлайды
Батылдық ҥмітті боп гҥл жайнайды. 
Асынған қару-жарақ жас пен кҽрі, 
Жолға деп азық,киім дайындайды. 
 
Қалмақтан қорғау ҥшін мал мен жанды, 
Бала-жігіт, қарттардан қол қҧралды. 
Сан майданды ҿткерген қариялар, 
Жас жетіп, қайрат кеміп қайғылады. 
 
Аға ҧлы-ҧлы жҥзді қалмақ алды, 
Сыр жаққа баса-кҿктеп келіп қалды. 
Қарттар мен балалардан қҧрған топты, 
Дҧшпандар оқ жаудырып, ҧйпап салды. 
 
Қазақтар Бҧхар жаққа елші салды, 
Апаттан сақтау ҥшін мал мен жанды. 
Елші апарған тартуды алғаннан соң, 
Азырақ Хиуа, Бҧхар тынышталды. 
 
 

 
80 
Соншалық болды елден ес кеткені, 
Бағдарлап барар жерін белгі етпеді. 
Қоштасып ата мекен, жер-суымен, 
Жҧрт қашты бет-бетіне кҥнелткелі. 
 
Шҧбырды ҽр тарапқа бастары ауып, 
Айырықша тҿнгеннен соң қатер-қауіп. 
Бҧршақша қорғасын оқ жауғаннан соң, 
Отырар кҥні барма іңген сауып? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет