Ойлау мəдениеті Ойлау


Қазақтардың ұлттық мәдениеті-қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның рухани жаңғыру жобасы аясында дамуы



бет49/62
Дата02.03.2022
өлшемі249,46 Kb.
#26861
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62
Байланысты:
Философия лекция

3.Қазақтардың ұлттық мәдениеті-қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның рухани жаңғыру жобасы аясында дамуы.

Қашан да қоғамға қажет нәрсе ұлттық бірегейлік, себебі, мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттың және зиялылардың азаматтық бірегейлігіне тәуелді. Ұлттық бірегейлік ұрпақтың (халықтың) рухани деңгейінен шығады, рухани деңгей арқылы көрініп, жүзеге асып отырады. Ұрпақтың рухани деңгейі ұлттық тәрбие, діни сауаттылық, тарих білімі, интеллектуалдық қызметі, мәдениеті, қабілеті, өнері, білімі, еңбекқорлығы негізінде көрініп отырған. Рухани деңгейі бар қоғамда ұлттың және оны демеп отыратын зиялылардың азаматтық, тұлғалық бірегейлігі сақталмақ. Керісінше жемқорлыққа, парақорлыққа халықтың көзі үйренген ортада ұлттық бірегейлік түгіл азаматтық бірегейлік болмайды, болса да қоғамда елдің табиғатына, ұлттың мінезіне жат нәрселердің орын алуы себепті тарихтан келе жатқан дәстүрден (ұлттық бірегейлік пен тұлғалық бірегейліктің жолынан) өсіп келе жатқан ұрпақтың ішкі әлемі алшақтай түспек.Қазақ қоғамында ұлттың ұлттық бірегейлену дәстүрі ұлт руханияты, ұлт тұлғаларының интеллектуалдық қызметі арқылы жүріп отырса, қазір бұл құбылыс қалай жүруде? Тарихымыздан белгілі жеке адам ойшыл, ақын, батыр, ғалым болсын, өз бетінше ұлтшыл, ұлтжанды болған емес, болмайды да. Қазақтың тұлғаларының қалыптасуында оның бойындағы қабілетінің дамуына ықпал еткен елдің рухани тәжірибесі, құндылықтар, ортаның үйретер өнегесі бар. Бұл үнемі ескерілетін нәрсе. Міржақып Дулатов «Қазақ зиялылары» атты мақаласында былай деген: «Адам­ның алдымен адам сипаты болуы шарт. Өзінен басқаның тілегін тілей алмаған, арын, иманын қара басының пайдасы үшін қысқа күнде қырық сататын соғылғандардан қаны тамып тұрған ұлтшыл артық. Бірақ, біздің қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердің ұлтшылдарындай емес екені бәрімізге белгілі. Бізді ұлтшыл қылған нәрсе – біздің кемдікте, қорлықта жүргендігіміз, көрінгеннен соққы жегендігіміз еді егер теңгеруші табылады екен, ұлтшылдықты ортақшылдыққа айырбастауымыз қиын емес». Қазақ зиялыларының өмірі айқын дәлел болып отырғандай, жеке адамның ұлтжанды, ел азаматы, тұлға дәрежесіне көтерілуі ұлттық сана, ұлттық рух арқылы ғана жүзеге асып отырған. Сондықтан да, ұлттық рух ұлттық және тұлғалық біргейліктің тұтқасы. Ұлттық рух дегеніміз елдің рухани өмірінде пайда болатын өткінші әдеттерге, нәрселерге бағынбайтын, төзбейтін, берілмейтін, жеңілмейтін халықтың, жеке адамның ерекше мінезі. Ұлттық рух адамның бойында қоғамдық сананың барлық түрлерін дұрыс білу арқылы нығайып отырмақ.
Ұлттық рух ұрпақтан ұрпаққа, бабадан немереге, әкеден балаға үйретілетін тағылым, яғни кісілік өнеге. Егер ол жастарға үйретілмеген жағдайда бәрібір ұрпақ оны өз бетімен іздейді. Себебі әр адамның танымының түбінде ұлттық рухты аңсау сезімі жатады. Тарихының тәжірибесіне сүйенбесе өз бетінше ұлтына, жұртына қызмет етемін дейтін адамның мінезі шектен асып кетуі мүмкін. Тарих тағылымы, тарихтың тәжірибесі бойында азаматтық мүмкіндігі бар адам үшін рухани қазық.
Тарихтағы қазақ қоғамының тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, мемлекет қоғамда нағыз ұлт зиялыларының институтын сақтап, нығайтып отыруға мүдделі, үнемі осыған мән беруі тиіс. Қазақ елі тарихта бұған ерекше мән берген. Қазақ ұлты және оның зиялылары заман талабына сай ел мүддесіне қызмет етудің талабының өзгеріп оты­ратындығын терең білген. Сол себептен, қоғам тарапынан қашан да ұлт­тық бірегейлікке ерекше мән беріліп отырған. Себебі адамзат өркениеті биіктеген сайын қоғамның құрылысы да өзгере бастайды, әлемде болатын жаңалық барлық адамзат қоғамына ықпалын тигізбей қоймайды. Әлемдік өркениет өрісінде мемлекет өзінің дербестігін сақтап қалу, нығайту үшін қоғамдық ортада, мемлекеттің ішкі өмірінде ұлттық бірегейлік сақталуы қажет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет