Боөж тақырыбы: Қазақтың ұлттық мәдениеті еліміздің ұлттық бірегейлік негізі ретінде. «Рухани жаңғыру»



Дата10.12.2023
өлшемі40,13 Kb.
#135780
түріБағдарламасы



«Қазақстан - Ресей НУО «Казахстанско-
Медициналық Российский медицинский
Университеті» МЕББМ Университет»
БОӨЖ
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық мәдениеті еліміздің ұлттық бірегейлік негізі ретінде. «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясындағы қоғамдық сананың жаңғыруы мәселесі.
Тексерген: Оразхан Тайыржан Оразханұлы
Орындаған: Ақылғатқызы Малика 207А стом

Ұлттық бірегейлікке, азаматтық бірегейліктің белгісі елдік пен ауыз біршілікке, ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтылған қазақ даналығында мынадай мағыналы сөз бар. Ол «ел болам десең бесігіңді түзе» деген өсиет. Осы аталы сөздің түпкілікті мағынасына мән берсек, бұл өсиеттің мағынасы қоғам мен адам өмірінің барлық саласына жарайды. Яғни, баланы қоғамына, мемлекетіне, ел мүддесіне бағыттау алдыменен отбасыға жүктеледі. Ұлттық бірегейліктің түп-тамыры отбасындағы ұлттық дәстүрде жатыр. Қазақ халқының ұлттық дәстүрінің құндылығы оның тарихи қызметінде, дәстүрдің тарихи қызметі әрбір отбасының шаңырағының аясында ұрпақты тәрбиелеп шығарған тұтас ұғымда, ел мүддесіне негізделген ортақ ұстаным мен ортақ мақсатта. Қазақ қоғамында дәстүр біріктіруші, жалғастырушы, бірегейлікті сақтап, қорғап отыратын дүние. Ол отбасындағы бірліктен бастап, ұлттық бірегейлікті негіздеуден құралған. Отбасындағы тәрбие дәстүрге бағынса, ұлттық дәстүр реттеуші, сақтап отыру, қалыптастыру, жалғастыру қызметіне ие.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы
«рухани жаңғыру дәлел». Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген біздің санамызды өзгертуге тиісті алты басты бағыттың ішіне ұлттық бірегейлікті сақтау да кіреді. Расында да бүгінгі әлемдегі орын алып отырған көптеген оқиғалар мен қалыптасқан жағдайларды этникалық, азаматтық және ұлттық бірегейлік, ұлттық сана-сезім, ұлттардың қайта өрлеуі, жаппай этносаяси жұмылдыру, этносаяси шиеленістер мен қақтығыстар сияқты факторларды ескермейінше түсіну мүмкін емес.


Тарихсыз бірегейлік болмайды, мемлекеттің негізгі құндылықтары ғасырлар бойы қалыптасатын дүние, оның бойында тұлғалық қасиеттер, ұлттық құндылықтар тұрады.

Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді.


Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік. Мемлекет халықтың ортақ үйі, сол үйді күтіп баптайтын, рухын сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен,


қоғамнан бөлінбейді, мемлекетінің мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше мемлекетті, халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан өтудің жолын білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға жетелейтін ұлттық сана. Ұлттық сана елдің тархы мен мәдениетіндегі тәжірибелер арқылы ұрпақтың уақытымен үйлессе елдің тұтас ұлттық зердесі қалыптасады немесе заман талабына сай өрісін кеңейте түседі. Бұндай ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін атқарып отырған.


Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының идеясы бүгінгі таңда өте қажетті және орынды идея.


Біз саяси ұлтты қалыптастыру жолындамыз. Әлемде алдыңғы қатардан табылу үшін біздің әрқайсымыз және баршамыз бірігіп өзіміздің санамызды, ой-өрісімізді өзгертіп, ескірген таптаурындықтардан арылуымыз керек.
Қоғамдық сананың жаһандауы-мемлекет дамуының негізі.Иә, расында қоғам адамдарының сана-сезімі дамымаса, мемлекет те дамымас. Жалпы адамзат тағылымының осы күнге жетуі сананың арқасы екенін тілге тиек еттік. Қоғамдық сананың жаңғыруы тұсында мемлекет жаңа деңгейге шығып, толағай белестерге жетеді. Ал мемлекет осындай дәрежеге жетуі үшін қоғамдық сана қай принциптерге сүйене отыра дамуы керек? Ең алдымен менің ойымша қоғам адамдарының коммуникациясы яғни қарым-қатынасы реттелуі керек, ұлттық бірегейлікті сақтай алу, әлеуметтік жағдайлар дұрысталуы керек. Сонымен қатар ұлт ретінде өз руханиятымызды жоғалтпай, қастерлей білу қажет. Мемлекет дамуы аясына үлес қосу үшін қоғамның әрбір жеке адамы өз жолын дұрыс қалыптастыра білуі маңызды рөл атқарады. Адамдар өз сүйікті ісімен айналысқанда өз ісінде мықты маман болады. Осы мықты мамандар мемлекетіміздің түрлі бағыттарда дамуына негіз болады. Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қоғам санасының ой- ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет