Қола дәуіріндегі Қазақстан



бет3/8
Дата03.12.2023
өлшемі2,55 Mb.
#133713
1   2   3   4   5   6   7   8

Темір дәуірі кезінде ғұмыр кешкен ру-тайпалардан қалған басты ескерткіштер бүкіл Қазақстан аумағынан жолығатын төбе-төбе обалар. Олар өздерінің төңкеріліп жатқан конус тәрізді әдемі пошымдарымен өтіп бара жатқан кез-келген адамның назарын өзіне тартпай қоймайды.

  • Темір дәуірі кезінде ғұмыр кешкен ру-тайпалардан қалған басты ескерткіштер бүкіл Қазақстан аумағынан жолығатын төбе-төбе обалар. Олар өздерінің төңкеріліп жатқан конус тәрізді әдемі пошымдарымен өтіп бара жатқан кез-келген адамның назарын өзіне тартпай қоймайды.
  • Зерттелген темір дәуірінің обаларынан алынған материалдардың өзі сол кездегі өмір сүрген ру-тайпалар туралы толық болмағанмен, олар туралы көптеген мағлұматтар береді. Екіншіден, темір дәуірінің қола дәуіріне қарағанда артықшылығы бар. Ол темір ғасырындағы ру-тайпалардың аз да болса жазба деректерде аты-жөндерінің және олардың қандай жерде түрған мекен-жайлары туралы хабарлардың сақталуы.
  • Тарихшы-археологтар өздерінің зерттеу жүмыстарында, сол жазба деректерге сүйенеді. Қазақстандағы өмір сүрген ру-тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі -- сақтар. Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VIII- IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендеген көшпелі тайпаларды жалпы сақтар деп атаса, ал тарих атасы Геродот сақтар тұралы өте жауынгер тайпа деп жазған. Оларды Спиридон “Азиялық скифтер” деп атаған.
  • Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді:

    1.Тиграхауда сақтары – ол шошақ қалпақ киген сақтар;

    2.Хаомаварға сақтары – жүзімнен (хаома – жүзім) сусын қайнатушылар;

    3.Парадарайя сақтары—теңіздің арғы жағында тұрушы деген ұғымды берген.

Тиграхауда сақтары қазіргі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Оған дәлел Есік обасынан табылған алтын киімді адамның басындағы сәукеленің биіктігі – 70 см. Ал теңіздің ар жағындағы сақтарға Арал теңізінің шығыс жағасындағы, дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстанда өмір сүрген сақ тайпаларын жатқызуға болады. Оларды жазба деректерде домлар, аргиппейлер, исседондар т.б. деп те атайды.

  • Тиграхауда сақтары қазіргі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Оған дәлел Есік обасынан табылған алтын киімді адамның басындағы сәукеленің биіктігі – 70 см. Ал теңіздің ар жағындағы сақтарға Арал теңізінің шығыс жағасындағы, дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстанда өмір сүрген сақ тайпаларын жатқызуға болады. Оларды жазба деректерде домлар, аргиппейлер, исседондар т.б. деп те атайды.
  • Хаомаварға сақтары Орта Азия жеріндегі тайпалар екені өзінен-өзі белгілі. Өйткені, онда жүзім өсіріліп, оның суынан сусын жасайтығындығы ертеден белгілі болған. Олар деректерде массагеттер депте аталады.
  • Сақ тайпаларының ескерткіштері Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерінде біршама жақсы зерттелген. Мәселен, Шілікті ойпатындағы атақты сақ обалары тоналғандығына қарамастан, Қазақстан археологиясында үлкен жаңалық болып, ол “алтын обаның құпиясы” деп аталған.
  • Сақ тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың өмір тіршілігі, әдет-ғүрпы, салт-санасы туралы көптеген деректерді береді. Сақтар әшекей бүйымдар жасауда, нағыз зергер болған. Олар жай ғана зергер емес, олардың жасаған бұйымдары керемет сәнді, көзтартарлық әсем болумен қатар, оларда белгілі бір ұшқыр, киелі фантастикалық сезім немесе философиялық терең ой бейнеленеді. Егер Есік обасынан табылған алтын киімді адамның сәукелесіндегі көрініске қарасаң, зергер тек сәндік бұйымдардың жасаушы шебері ғана емес, ол өз заманының ойшыл суреткері – тамаша мүсінші, суретшісі.
  • Сәукеленің ұшар басындағы қасқия қарап түрған арқардың мүсіні – келбеті бекер тұрған жоқ. Арқар өз үйірінің тыныштығын күзетіп жартастың ұшар басында тұрған сақшы-күзетші. Бұл көрініс сол кездегі, ру-тайпалардың бірін-бірі жаулап алу, бірін-бірі бағындырып алуға әрекет жасаған, тынымсыз, жаугершілік заман болған кез. Сондықтан да зергер суретші сәукелеге берген көріністе тіршілігінде өз тайпасының немесе өз руының тыныштығының күзетшісі, қолбасшысы болған адамға о дүниеде сондай болуына жалпы, мәңгі тыныштықтың болуын армандаған қиялы ойы сияқты. Бұл ойды алтыннан жасаған Алатау бейнесінің ағаштарында отырған құстар да қуаттайтын тәрізді. Сәукеленің маңдайындағы екі айғырдың алдыңғы аяқтарын көтеріп, бір-біріне айбат шегіп тұрғандығы да жоғарыда айтылғандай жаугершілік заманды бейнелеп тұр. Суретші сәукеледе өз заманының өмір құбылысының көрінісін толық бере білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет