Қолдың бұлшықеттері


Алмұртәрізді бұлшықет(m. piriformis)



бет10/18
Дата17.10.2023
өлшемі8,78 Mb.
#117071
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Алмұртәрізді бұлшықет(m. piriformis)

  • Негізі жамбасқа қараған жалпақ тең қырлы үшбұрыш пішінді.
  • Басталуы: сегізкөздің жамбас беті; кейін бұлшықет шоғырларысыртқа бағытталады да, кіші жамбас қуысынан жінішке қысықа сіңірін түзіп, үлкен шонданай тесік арқылы шығады.
  • Бекітілуі: ортан жіліктің үлкен ұршығының ұшында.
  • Қызметі: ортан жілікті сыртқа бұрады, сонымен қатар оның әкетілуіне қатысады.

Кіші бел бұлшықеті (m.psoas minor)

  • Жіңішке, ұршықтәрізді, тұрықсыз.
  • Басталуы: 12 кеуде және 1 бел омырқалар денелерінің бүйір беттері.
  • Бекітілуі: мықындық шандыр, қасаға сүйегінің қылқаны.
  • Қызметі: мықын шандырын кереді.

Ішкі жапқыш бұлшықет(m. obturatorius internus)

  • Жалпақ пішінді, оның бұлшықеттік будалары сәл желпеуіштәрізді бағытталған.
  • Басталуы: жапқыш жарғақ айналасында жамбас сүйегінің ішкі беті, жапқыш жарғақ, кейін бұлшықет шоғырлары сыртқа қарай бағытталады, кіші жамбас қуысынан қысқа мықты сіңір түзе отырып, кіші шонданай тесік арқылы шығады.
  • Бекітілуі: санды сыртқа қарай айналдырады.

Артқы топ Үлкен бөксе бұлшықеті (m. gluteus maximus)

  • Адам денесінің тік жағдайына байланысты ең жоғарғы дамуға жетеді. Бұл мықты ірі талшықты жалпақ бұлшықет, пішіні, бойныша ромбқа жақын.
  • Басталуы: мықын сүйегінің бөкселік беті, сегізкөз бен құйымшақтың сыртқы беті, бел кеуде шандыры.
  • Бекітілуі: ортан жіліктің бөкселік бұдыры талшықтарының бір бөлігі, мықын үлкен жіліншік жолға өтеді.
  • Қызметі: санды жазады, тұрғанда жамбасты бекітеді, онымен бірге тұлғаны да бекітеді.

Ортаңғы бөксе бұлшықеті(m. gluteus medius)

  • Үлкен бөксе бұлшықеті астында орналасады, үшбұрыш пішінді.
  • Басталуы: мықын сүйегінің бөкселік беті, ортан жіліктің жалпақ шандыры.
  • Бекітілуі: ортан жіліктің үлкен ұршығына.
  • Қызметі: санды әкетеді, алдынғы будалары ішке бұрады, артқы будалары сыртқа бұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет